«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға
2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.