Мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары (1 жартыжылдық)

    ·

    Мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары (1 жартыжылдық)

    Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары: білім беру ұйымдарын бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттау; барумен жүргізілетін профилактикалық бақылау; өтініштер бойынша жоспардан тыс тексерулер; мониторингтер.

    2026 жылдың бірінші тоқсанында 10 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді.

    Бірінші рет 6 балабақша (Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю. А. Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Әсел» бөбекжай» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Еркөстік» балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Мерей» бөбекжайы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы» МКҚК).

    Аттестаттаудан бірінші рет өтпеген және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейтін 4 мемлекеттік балабақшаның қызметі (Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» МКҚК, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласы «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК, Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК).

    Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар:

    - біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерін сақтамау;

    - әр түрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдасқан қызметтің сәйкес келмеуі;

    - балаларды топтарға жинау кезінде жас кезеңінің бұзылуы.

    - жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі;

    - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі.сыныптар;

    - тәрбиеленушілердің даму мониторингі (бастапқы, қорытынды) нәтижелерінің болмауы.

    Бұзушылықтарды жоюды ескере отырып, қайта аттестаттау кезінде: қайта аттестаттаудан өтпеген 2 балабақша аттестатталды, бұзушылықтарды жою мерзімі келген жоқ.

    Қайта аттестатталмаған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жоқ, 2 мектеп 2025 жылдан бастап профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.

    1 тоқсанда 2 білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (Көкшетау қ. «Арна» колледжі және Степногорск қ. №5 ЖМ). 2-ші тексеру бойынша нұсқама шығарылған жоқ.

    Профилактикалық бақылау және КВТ жүргізілмеген.

    2026 жылдың екінші тоқсанында 7 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді (Бурабай ауданы білім бөлімінің «Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Бурабай ауданы білім бөлімінің «Дмитриевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ, Бурабай ауданы білім бөлімінің «Веденовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Біржан сал ауданы білім бөлімінің «Буланды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Аршалы ауданы білім бөлімінің «Шортанды ауылының негізгі орта мектебі» КММ, Жақсы ауданы білім бөлімінің «Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ). Қайта аттестаттау қорытындысы бойынша 6 мектеп аттестатталды, 1 мектеп («Біржан сал ауданы білім бөлімінің Буланды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) қайтадан аттестатталмады.

    2 мектепте профилактикалық бақылау жүргізілді ( Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Державинск қаласының кешкі мектебі» КММ және Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ). Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

    2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талабы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы 4 колледжде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді («Көпсалалы инновациялық колледжі» МКҚК, «Аграрлық-индустриялық колледжі, Атбасар қаласы, Атбасар ауданы» МКҚК, «Агротехникалық колледжі, Аршалы кенті» МКҚК, «Степногорск қаласының жоғары колледжі» МКҚК).

    Тексерулердің мақсаты – білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және оқу-тәрбие қызметінің жүзеге асырылуын бақылау. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығының, 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығының, 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының талаптарының орындалуы, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының сақталуы зерделенді. Тексеру қорытындысы бойынша нұсқамалар беріліп, әкімшілік айыппұлдар салынды.

    Ата-аналардан E-Otinish жүйесі арқылы келіп түскен өтініш негізінде Шортанды ауданы білім бөлімінің «Тонкеріс станциясының негізгі орта мектебі» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде педагогикалық әдеп нормаларының бұзылу фактілері анықталды. Шортанды ауданының білім бөліміне мектеп директоры мен педагогтарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесін қарау ұсынылды.

    Көкшетау қаласы прокуратурасының талабы бойынша облыстың жекеменшік мектептерінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы мен бала құқықтарын қорғау талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде заңнама талаптарының толық көлемде сақталмайтыны анықталды. Атап айтқанда, «Alatau School» ЖШС және «KOKSHETAU DOSTYQ SCHOOL» ЖШС қызметінде заң талаптарының бұзылуы анықталды. Прокуратураның ұсынуы негізінде Департамент сот органдарына тиісті шаралар қабылдау үшін талап-арыз жолдады.

    2025 жылғы 2–5 шілде және 15–19 шілде аралығында Департаменттің жоспарына сәйкес Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының аудандық білім бөлімдерінде жоспарлы тексерулер жүргізілді.

    Тексеру барысында аудандық білім бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру, ішкі құжаттаманы жүргізу, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуы және белгіленген талаптардың сақталуы зерделенді.

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген тексеру актілері беріліп, белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

    Қосшы қаласының білім бөлімі бойынша: 2024, 2025 және 2026 жылдары мектепке дейінгі ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен (2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрық редакциясында) бекітілген қағидалардың 13-тармағының 2) тармақшасында және 66-тармағының 13) тармақшасында көзделген құжаттар ұсынылмаған. Атап айтқанда, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінің болуы және олардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған.

    Жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жаңа буынның екі STEM кабинеті жеткіліксіз екені анықталды.

    Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметіне сәйкес, Қосшы қаласының «IT мектеп-лицейі» КММ-де 168 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 46 педагог соңғы 3 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен, ал 122 педагог курстан өтпеген.

    «Айдархан» («Әлфия») балабақшасында медицина қызметкерінің бос лауазымы бар, осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдағы медициналық қызметті ұйымдастыру және балалардың денсаулығын тұрақты негізде қорғау жұмыстары жүргізілмейді.

    Целиноград ауданының білім бөлімі бойынша: 2024 жылы қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаған. Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымы ұсынған білім беру бағдарламасының түсіндірме жазбасында бағдарламада көзделген білім алушылардың жас санаттары (5–7 жас, 8–10 жас және т.б.) туралы мәліметтер болмаған.

    2025 және 2026 жылдарға арналған балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырына қатысты құжаттар Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болғандықтан, оларды зерделеу және белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мүмкін болмады.

    Жалпы орта білім беру бағдарламаларын сапалы іске асыру үшін мамандандырылған кабинеттердің жеткіліксіз екені анықталды. Атап айтқанда: жаңа үлгідегі робототехника кабинеті – 1, физика кабинеті – 1, химия кабинеті – 1 және биология кабинеті – 1.

    Мектепке дейінгі ұйымдардың 25 педагогі заңнамада белгіленген мерзімде біліктілікті арттыру курстарынан өтпегені анықталды.

    «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Родина ауылының балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Жас Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны білім беру қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібермей жүзеге асырған.

    Family Group KZ ЖШС-нің «Ақбота» балабақшасында, Family Group KZ ЖШС-нің «Еркетай» балабақшасында және «Асыл тұмар» ЖШС-нің «Асыл Тұмар» балабақшасында медицина қызметкерлерінің бос лауазымдары сақталған. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызметті ұйымдастыру және балалардың денсаулығын тұрақты негізде қорғау жұмыстары жүзеге асырылмаған.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын сақтау (1 жартыжылдық)

    «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын сақтау (1 жартыжылдық) Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы аумақтық «Педагог қорғау» Telegram-чатындағы қатысушылар саны 6196 адамды құрайды. Чаттың тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілге...

    Жарияланды:
    Есеп

    Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысы (1 жартыжылдық)

    Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысы (1 жартыжылдық) Департамент жанында құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына...

    Жарияланды:
    Есеп

    Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі (1 жартыжылдық)

    Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі (1 жартыжылдық) Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Мемлекеттік қызметшілердің әде...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер (1 жартыжылдық)

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер (1 жартыжылдық) Департамент білім беру мәселелері бойынша педагогикалық жұртшылық пен облыс халқы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын т...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мониторингтік жұмыс (1 жартыжылдық)

    Мониторингтік жұмыс Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстың орта білім беру жүйесіне 2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша мониторинг жүргіз...

    Жарияланды:
    Есеп

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс (1 жартыжылдық)

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс (1 жартыжылдық) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және профилактикасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туынд...

    Жарияланды:
    Есеп

    Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және оны өткізу нәтижелері (1 жартыжылдық)

    Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру және оны өткізу нәтижелері (1 жартыжылдық) Департамент азаматтарды жеке қабылдауды облыс әкімдігі бекіткен кестеге, сондай-ақ Департамент басшысы бекіткен азаматтарды жеке қабылдау...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл (1 жартыжылдық)

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл (1 жартыжылдық) Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру...

    Жарияланды: