2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    ««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-бабының 8) тармақшасына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.

    Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.

    Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады

    1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігі беріледі.
    2. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауды байқауды жүзеге асыра алады.
    3. Дауыс беру күні сайлау учаскесінде шет мемлекеттің және халықаралық ұйымның байқаушысымен, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілімен өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде аудармашы бірге жүруге құқылы.
    4. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

    Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысын аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тиісті шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның өтініші негізінде Орталық сайлау комиссиясы кері қайтарып алуы мүмкін.

    1. Шет мемлекет және халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
    2. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2026 жылғы 17 тамызда cағат он сегізде аяқталады.
    3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
    Жүктеу
    Постановление
    Постановление
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу
    Приложение
    Приложение
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлесті...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партия...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамд...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігіні...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қо...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды: