ЕСЕП Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы қызметі туралы

    Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті


    2026 жылдың ІІ тоқсанында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 3 отырысы өткізіліп, онда 4 мәселе қаралды.
    Отырыстарда Екібастұз қаласы мен Тереңкөл ауданының білім беру бөлімдерінің білім беру ұйымдарының басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларының «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының және Педагогикалық әдеп қағидаларының нормаларын сақтауы жөніндегі ақпараты тыңдалды. Аудандық мектептердің бірінің әкімшілігіне қатысты азаматтардан түскен өтініштер бұл мәселені егжей-тегжейлі талдауға негіз болды.
    Қарау қорытындысы бойынша ақпарат назарға алынып, білім беру бөлімдеріне келесідей ұсынымдар берілді:
    1. Бағынысты ұйымдардың басшыларымен және педагогтермен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптары мен педагогикалық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілсін.
    2. Қатардағы мұғалімдердің де, мектептердің басқарушы құрамының да аталған нормаларды орындауын тұрақты бақылауда ұстау қамтамасыз етілсін.
    Есепті кезеңде Департаментке Кеңес отырысында қарау үшін Екібастұз қ. және Тереңкөл ауданы мектептерінің педагогтерінен барлығы 2 өтініш түсті. Оларды объективті зерттеу нәтижесінде Кеңес 2 мектеп басшысын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным берді. Педагог мәртебесін бұзғаны үшін мұғалімдерді жауапкершілікке тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
    Құқықтық негіздеме: ПӘК (СПЭ) туралы ережеге сәйкес, Кеңестің міндеттеріне объективті шешім қабылдау үшін мән-жайларды жан-жақты зерттеу, сондай-ақ бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді анықтау және ұсынымдар әзірлеу кіреді.
    «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, педагогикалық әдепті сақтау – әрбір мұғалімнің тікелей міндеті. Сонымен қатар, Педагогикалық әдеп қағидаларының (ҚР БҒМ 11.05.2020 ж. № 190 бұйрығы) 2-тарауы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, қызметтің негізгі принциптерінің бірі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының және әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады.
    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының 2026 жылғы 12 мамырдағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Кеңес алдын алу шараларын күшейту мәселесін қарады.
    Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын 6-шы тармақпен толықтыру туралы шешім қабылданды: «Педагогикалық әдептің бұзылуын болдырмауға, педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын түсіндіруге бағытталған бірлескен (Департамент, Білім беру басқармасы, әдістемелік кабинеттер) профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу».
    Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Кеңестің ұйымдастыруымен «Педагогикалық әдеп және Негізгі заң: мұғалімнің жауапкершілігі мен құқықтарының қырлары» тақырыбында аймақтық диалог алаңы өткізілді.
    Мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін түсіндіру, олардың педагогтердің құқықтық мәртебесіне әсерін талқылау және білім беру ортасында әдеп стандарттарын нығайту.
    Қатысушылар: Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және тарих пәні мұғалімдерін қоса алғанда 350 адам.
    Қорытынды: 4 спикердің баяндамасы тыңдалып, залдан 5 практикалық сұрақ қойылды, оларға толыққанды жауаптар берілді.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Департамент басшысының 2026 жылдың 2-тоқсанында азаматтарды жеке қабылдауы бойынша есебі

    2026 жылдың II тоқсанында Департамент басшысы Г.К. Уздембаева азаматтарды 12 жеке қабылдау өткізді. Кездесулер барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды. Оның ішінде: үш өтініш білім бер...

    Есеп

    Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылғы 2 тоқсан бойынша білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі

    Мемлекеттік бақылау Бару арқылы профилактикалық бақылау Қайта аттестаттау Жоспардан тыс тексерулер Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесі Білім беру ұйымдарына мониторинг Мемлекеттік бақылау2026 жылға 13 білім беру ұйымдар...

    Есеп

    2026 жылдың 2 тоқсанында Департамент лицензияға қосымшаларды беру туралы 18 өтініш қарады.

    Облыс колледждерінің өтініштері бойынша ТжКБ-ның сұранысқа ие 4 мамандығына және жалпы білім беретін мектептердің білім беру қызметінің кіші түрлеріне арналған 6 өтініші бойынша лицензияға қосымшалар берілді. ТжКБ және о...

    Есеп

    Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 2-тоқсанындағы қызметі туралы есебі

    2026 жылдың 2-тоқсанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлермен 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясының негізгі ережелері...

    Есеп

    Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылғы 2 тоқсан бойынша білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің қызметі туралы есебі