- Мемлекеттік бақылау
- Бару арқылы профилактикалық бақылау
- Қайта аттестаттау
- Жоспардан тыс тексерулер
- Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесі
- Білім беру ұйымдарына мониторинг
- Мемлекеттік бақылау 2026 жылға 13 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау, 7 орта білім беру мектебі, 1 кәсіптік техникалық колледж және 5 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, бару арқылы профилактикалық бақылау 11 орта білім беру мектебінде жоспарланған.
- Бару арқылы профилактикалық бақылау Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 3 білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіліп оның 3 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша теріс анықтама берілді. Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелеріне бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.
- Қайта аттестаттау бармай мемлекеттік аттестаттау қайта аттестаттау жүргізілген 47 білім беру ұйымының 5 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау қортындысы бойынша теріс қорытынды берілді.
- Жоспардан тыс тексерулер Есептік кезеңде департамент тарапынан өтініштер негізінде 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру – берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты 5 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
- Әкімшілік құқықбұзушылық тәжірибесі ағымдағы жылы Департаментте 22 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы құрастырылды. Оның ішінде 409 бабы 2 тармағы бойынша 7 іс, 409 бабы 4 тармағы 1 тармақшасы бойынша 8 іс, 409 бабы 7 тармағы бойынша -1 іс, 127-1 бабы 2 тармағы бойынша 1 іс, 409 бабы 6 тармағы бойынша 4 іс, 464 бабы 1 тармағы бойынша 1 іс.
- Білім беру ұйымдарына мониторинг Білім министрлігінің нұсқауларына сәйкес, Келешек мектептеріне жергілікті жерде мониторинг жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқу процесін ұйымдастыруға талдау жасалды. Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы бойынша облыстағы мектептердің материалдық-техникалық қоры, оқулықтармен қамтылуы, жөндеу жұмыстары бойынша онлайн талдау жүргізілінді.