Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметінің бір түрін көрсетеді.
2025 жылы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы – қалалық және аудандық бөлімдері бар «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».
2025 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша: «Ветеринариялық анықтама беру» – 100 493 қызмет; «Ветеринариялық паспорт беру» – 2 094 қызмет; «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0 қызмет көрсетілді.
Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №145 «2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес Екібастұз қалалық, Ертіс, Баянауыл бөлімдерінде және Аққулы ауданында 4 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың бұзылуы анықталды: 2024 жылы – 92 факт, 2025 жылы – 82 факт.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламентінің 11-қосымшасының 8-тармағының (өтініш берушінің өтінішінің міндетті түрде болуы), сондай-ақ 5-тарауының 55-тармағының (тіркеу журналының міндетті түрде нөмірленуі, тігілген болуы, басшының қолымен және мөрімен куәландырылуы) талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік ықпал ету шаралары ретінде ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшылығы төрт ауданның басшылары мен ветеринариялық пункт меңгерушілерінен түсініктемелер алып, барлығы 28 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:
Екібастұз бөлімінде – 10 ветеринариялық қызметкерге ескерту (2025 жылғы 20 наурыздағы №3-02/123 бұйрық);
Ертіс бөлімінде – 4 қызметкерге ескерту (2025 жылғы 6 мамырдағы №3-02/193 бұйрық);
Баянауыл бөлімінде – 5 қызметкерге ескерту (2025 жылғы 29 тамыздағы №3-02/384 бұйрық);
Аққулы бөлімінде – 9 қызметкерге сөгіс (2025 жылғы 4 желтоқсандағы №3-02/530 бұйрық).
Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде 25 ұсыным енгізілді.
Олардың ішінде 24 ұсыным орындалды, ал 1 ұсыным – Екібастұз қаласында қосымша ветеринариялық пункт ашу туралы ұсыным орындалмады. Облыстық ветеринариялық станцияның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта қаржыландырудың және кадрлық ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты Екібастұз қаласында қосымша ветеринариялық пункт ашу мүмкіндігі жоқ.
Облыстың барлық аудандарында ветеринариялық пункттердің мамандарымен Zoom платформасы арқылы 52 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралар барысында жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары, ветеринария саласының өзекті мәселелері, Павлодар облысы бойынша АШМ ВБжҚК аумақтық инспекциясының хаты негізінде балық пен балық өнімдеріне ветеринариялық анықтамалар беру кезіндегі мемлекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар» қағидасының 4-тарауының 32-бабын түсіндіру, ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ветеринариялық анықтамаларды тегін беру, ветеринариялық құжаттарды қабылдау, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесінің (АШЖБ) деректер базасын уақтылы жаңарту және енгізілген өзгерістер туралы хабарлау, ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, ветеринариялық паспорттар мен анықтамаларды беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ АШЖБ деректер базасын сапалы жүргізу мәселелері түсіндірілді.
Аудандардың ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілері күнделікті негізде ауыл тұрғындары арасында «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік және ресми тілдерде басқарманың Instagram әлеуметтік парақшасында (vet_baskarma_pavlodar) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 ақпарат орналастырылды.
( https://www.instagram.com/p/DLUA0nsK39m/?imq_index=1&igah=cXYzYXV4ZDBxMnNr) мемлекеттік және ресми тілде.
2025 жылғы 16 қыркүйекте «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 14 ветеринариялық қызметкері «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.