2026 жылғы 1-тоқсанға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

    ·

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру», «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

    Олардың ішінде «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. 2026 жылдың І тоқсанында аталған қызмет бойынша 0 қызмет көрсетілді.

    Үш мемлекеттік қызметті Павлодар облысы ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және оның қалалық, аудандық бөлімдері көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

    2026 жылдың І тоқсанында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша – 15 561, «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша – 456, ал «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» бойынша – 0 қызмет көрсетілді.

    Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №147 «2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес бақылау іс-шаралары өткізілді.

    2026 жылдың І тоқсанында Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Железин ауданы бөлімінің Железинка, Новомир, Прииртышск, Михайловка, Алакөл, Ақтау, Веселая Роща, Қазақстан, Башмачное, Еңбекші, Майлы және Лесное ветеринариялық пункттерінде бақылау іс-шаралары жүргізілді.

    Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша 2025 жылы ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзудың 21 фактісі анықталды. 2026 жылғы қаңтар айында бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және т.б.) болуы қаралды. 2026 жылы мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне жауапты ветеринариялық мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген.

    Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы зерделеу жөнінде 6 ұсыным енгізіліп, олардың барлығы орындалды.

    2026 жылдың І тоқсанында жалпы саны 250 адамды қамтыған 32 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде:

    2026 жылғы қаңтар айында «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Железин аудандық бөлімінде жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері, ветеринарияның жалпы мәселелері және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы бойынша 1 кеңес өткізілді.

    Железин ауданының ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен тұрғындардың қатысуымен 87 адамды қамтып, «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері бойынша 9 түсіндіру жұмысын жүргізді.

    2026 жылғы ақпан айында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мемлекеттік және ресми тілдерде жадынама әзірленіп, аудандық, қалалық және ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде 140 дана көлемінде орналастырылды.

    Сондай-ақ, «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 13 аудандық және қалалық бөлімдері ветеринария саласындағы «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар» тақырыбында 143 адамды қамтыған түсіндіру іс-шараларын өткізді.

    2026 жылғы наурыз айында «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік және ресми тілдерде ақпарат әзірленіп, Павлодар облысы ветеринария басқармасының ресми сайты мен Instagram парақшасында орналастырылды.

    https://www.instagram.com/p/DVsstF_jMLd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRIODBiNWFIZA

    «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 7 аудандық және қалалық бөлімдері ветеринария саласындағы «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді.

    2026 жылғы ақпан айында Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК тарапынан «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден келесі негіздер бойынша бас тартылды:

    Қызмет алушы 2025 жылғы 14 қарашадағы №KZT05-00015875 ветеринариялық анықтаманы, 2025 жылғы 19 тамызда берілген №KZ39VPC00027105 аулау өнімінің шығу тегі туралы анықтаманы және №7-1/453 бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес өтінішті ұсынған. Өтініште артемия цисталарының «құрғақ күйде» екендігі көрсетілген. Алайда ұсынылған аулау өнімінің шығу тегі туралы анықтамада және ветеринариялық анықтамада «Артем Север» ЖШС берген тек «артемия цисталары» көрсетілген. «Өңделген өнім» бағаны бойынша өнімнің өңделгенін растайтын қажетті құжаттар ұсынылмаған. Тек артемия салина цисталарын өңдеу туралы ішкі акт ұсынылған, алайда ол ветеринариялық анықтама беру үшін негіз болып табылмайды. Цисталардың кептірілген немесе құрғақ күйге дейін жеткілікті деңгейде өңделгенін растайтын құжаттар жоқ (құрғақ немесе шикі циста екендігі расталмаған). Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған.

    Жүктеу
    99c8abd7043e97d439f0367bd7c306dc_original.18831.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Түсіндірме жазба

    2026 жылғы II тоқсанда Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

    Павлодар облысының ветеринария саласында төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. «Ветери...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы қорытынды ақпарат.

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметінің бір түрін көрсетеді. 2025 жылы «Ветеринария саласындағы қызметпен айнал...

    Жарияланды:
    Құжат

    Мемлекеттік қызметерінің тізімі

    Павлодар облысының ветеринария басқармасымен көрсететін мемлекеттік қызметінің тізімі «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V20000...

    Жарияланды:
    Құжат

    Әкімшілік веб-сайтындағы және интернет-ресурстағы ақпаратты жаңарту үшін жауапты лауазымды тұлға, басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы Байбакирова Назымгуль Жумабековна; Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты орналастыру үшін жауапты, ветеринария және лицензиялау бөлімінің бас маманы Каирова Светлана Ануарбековна

    Жарияланды:
    Мемлекеттік қызметтер

    "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметі

    3-тарау. "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары...

    Жарияланды:
    Қағида

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың 3-тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны мен бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру»; «Ветеринариялық анықтама беру»;«Ветеринариялық паспорт беру»....

    Жарияланды:
    Қағида

    "Ветеринариялық анықтаманы беру" мемлекеттік қызмет көрсету

    4-тарау. Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі Ветеринариялық анықтаманы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – м...

    Жарияланды: