«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын және Павлодар облысының әкімдігі ветеринария саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Павлодар облысы ветеринария басқармасы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» бір мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Басқарманың құрамында «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қала және аудан бөлімдерімен екі мемлекеттік қызметті көрсетеді «Ветеринарлық анықтама беру» және «Ветеринарлық құжат беру».
Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысының төрағалығымен өткен кеңес.
Ел құрметіне бөленді
10-шілде - Ветеринариялық қызметкерлер күні
Құжаттар
2026 жылғы II тоқсанда Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба
Павлодар облысының ветеринария саласында төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін ведомстволық бағынысты ұйым – «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК қалалық және аудандық бөлімдері арқылы көрсетеді. ғы II тоқсанда: -«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі – 1 қызмет; -«Ветеринариялық анықтама беру» – 19 880 қызмет; -«Ветеринариялық паспорт беру» – 464 қызмет; -«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0 қызмет көрсетілді. Павлодар облысының ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №147 «2026 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы II тоқсанда «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Щербақты аудандық бөлімінің Александров, Шалдай, Щербақты, Соснов, Орлов, Галкин, Жылыбұлақ ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттерінде бақылау іс-шаралары жүргізілді. 2026 жылғы II тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың екі бұзушылық фактісі анықталды. Бірінші бұзушылық фактісі – қызмет алушылардың өтініштерін толтырмай, ветеринариялық анықтамаларды жүйелі түрде беру. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда» белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің (бизнес-процестің) сақталмауы болып табылады. Аталған факті бойынша «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК тарапынан ветеринариялық пункт меңгерушілерімен және ветеринариялық станция бөлімінің мамандарымен тиісті жұмыс жүргізілді. Жіберілген бұзушылық үшін Павлодар облысының ветеринария басқармасына қарасты «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысының 2026 жылғы 09 маусымдағы №3-02/275 бұйрығымен Жылыбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісіне ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Екінші бұзушылық фактісі – 2026 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуі. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде 6 ұсыным енгізілді. Барлық ұсынымдар толық көлемде орындалды. 2026 жылғы II тоқсанда «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша 28 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Жалпы қамтылған халық саны – 971 адам. 2026 жылғы сәуір айында аудандық бөлімдердің ауылдық округтердегі ветеринариялық пункт меңгерушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен ауылдық елді мекен тұрғындарының қатысуымен 4 жария талқылау өткізді. Іс-шараларға 225 адам қатысты. Халықты ақпараттандыру мақсатында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде бір жадынама әзірленді. Жадынама аудандық және қалалық бөлімдердің, сондай-ақ ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде 150 дана көлемінде орналастырылды. 2026 жылғы мамыр айында Басқармамен «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Щербақты аудандық бөлімінде бақылау іс-шараларының қорытындылары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте 20 ветеринариялық маман қатысты. Сондай-ақ, мамыр айында ауылдық округтердегі ветеринарлық пунктердің басшыларымен аудандық бөлімдер мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сегізқоғамдық талқылау өткізді: «Ветеринариялық анықтама беру» «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» шс-шараларға шаруа қожалықтарының басшылары менауылдық қауымсыздастықтардың тұрғындары қатысып, барлығы 425 адамды қамтыды. 2026 жылдың маусым айында Павлодар облыстық ветеринарялық станциясының ШЖҚ КМК 12 аудандық және қалалық бөлімшелерінде 301 ветеринарялық маманның қатысуымен ақпараттық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Іс шараларда ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатыстымәселелер, сондай-ақ ҚР АШМ 2015 жылғы 21мамаырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру ережелерін және олардың нысандарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына және ҚР АШМ-нің 2026 жылғы 4 мамарыдағы №173 бұйрығына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Ветеринариялық станцияның Ақсу бөлімшесі 2026 жылдың 15 мамырында және 17 маусымында ветеринарилық мамандармен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша екі кездесу өткізді. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ресми Instagram парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/p/DZrWfW6jQ8Y/?igsh=ejU5ZzQzZDEzd2s2 https://www.instagram.com/p/DYv_4sbiC7Z/?igsh=cHA1Y29obWMzMGY0 Бірінші тоқсанның соңында, атап айтқанда 2026 жылдың 27 наурызында Павлодар облысының ветеринария басқармасына «NurMadPVL» ЖШС-нен Павлодар облысы ветеринария басқармасы «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Павлодар қалалық бөлімі «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шағым түсті. Өтініш берушінің айтуынша, бас тарту келесі жағдайларға байланысты болды: 1.Әкімшілік рәсімдердің қағидаттарын бұзі; 2.заңнамалық актілерде нақты талаптарының болмауы; 3.Құжаттардың толық тізімі қағидатын бұзу; Мемлекеттік қызметтерді алу құқығын бұзылуы. Павлодар облысы ветеринария басқармасы Павлодар қалалық бөлімі «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ның нәтижеге сүйене отырып, 2026 жылғы 27 ақпандағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізді екендігі туралы түсініктемесі бар жауап берді, себебі қолданыстағы ҚР АШМ 2015 жылғы 21мамаырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру ережелерін және олардың нысандарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Ережелер) өңделген Артемия цисталарына ветеринарлық анықтаманы беруді көздемейді. Сонымен қатар, «NurMadPVL» ЖШС-нің өтініші бойынша павлодар облысының ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне не өңделген артемия цисталарына (шикі, құрғақ (инкубациялық), капсуладан шығарылған өңделген цисталарға) ветеринариялық құжаттарды беруді реттеуге қатысты ережелерге өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы хат жолдады.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы қорытынды ақпарат.
Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметінің бір түрін көрсетеді. 2025 жылы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы – қалалық және аудандық бөлімдері бар «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)». 2025 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша: «Ветеринариялық анықтама беру» – 100 493 қызмет; «Ветеринариялық паспорт беру» – 2 094 қызмет; «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0 қызмет көрсетілді. Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №145 «2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес Екібастұз қалалық, Ертіс, Баянауыл бөлімдерінде және Аққулы ауданында 4 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың бұзылуы анықталды: 2024 жылы – 92 факт, 2025 жылы – 82 факт. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламентінің 11-қосымшасының 8-тармағының (өтініш берушінің өтінішінің міндетті түрде болуы), сондай-ақ 5-тарауының 55-тармағының (тіркеу журналының міндетті түрде нөмірленуі, тігілген болуы, басшының қолымен және мөрімен куәландырылуы) талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік ықпал ету шаралары ретінде ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды. Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшылығы төрт ауданның басшылары мен ветеринариялық пункт меңгерушілерінен түсініктемелер алып, барлығы 28 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: Екібастұз бөлімінде – 10 ветеринариялық қызметкерге ескерту (2025 жылғы 20 наурыздағы №3-02/123 бұйрық); Ертіс бөлімінде – 4 қызметкерге ескерту (2025 жылғы 6 мамырдағы №3-02/193 бұйрық); Баянауыл бөлімінде – 5 қызметкерге ескерту (2025 жылғы 29 тамыздағы №3-02/384 бұйрық); Аққулы бөлімінде – 9 қызметкерге сөгіс (2025 жылғы 4 желтоқсандағы №3-02/530 бұйрық). Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде 25 ұсыным енгізілді. Олардың ішінде 24 ұсыным орындалды, ал 1 ұсыным – Екібастұз қаласында қосымша ветеринариялық пункт ашу туралы ұсыным орындалмады. Облыстық ветеринариялық станцияның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта қаржыландырудың және кадрлық ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты Екібастұз қаласында қосымша ветеринариялық пункт ашу мүмкіндігі жоқ. Облыстың барлық аудандарында ветеринариялық пункттердің мамандарымен Zoom платформасы арқылы 52 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралар барысында жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары, ветеринария саласының өзекті мәселелері, Павлодар облысы бойынша АШМ ВБжҚК аумақтық инспекциясының хаты негізінде балық пен балық өнімдеріне ветеринариялық анықтамалар беру кезіндегі мемлекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар» қағидасының 4-тарауының 32-бабын түсіндіру, ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ветеринариялық анықтамаларды тегін беру, ветеринариялық құжаттарды қабылдау, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесінің (АШЖБ) деректер базасын уақтылы жаңарту және енгізілген өзгерістер туралы хабарлау, ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, ветеринариялық паспорттар мен анықтамаларды беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ АШЖБ деректер базасын сапалы жүргізу мәселелері түсіндірілді. Аудандардың ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілері күнделікті негізде ауыл тұрғындары арасында «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, мемлекеттік және ресми тілдерде басқарманың Instagram әлеуметтік парақшасында (vet_baskarma_pavlodar) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 ақпарат орналастырылды. (https://www.instagram.com/p/DLUA0nsK39m/?imq_index=1&igah=cXYzYXV4ZDBxMnNr) мемлекеттік және ресми тілде. 2025 жылғы 16 қыркүйекте «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 14 ветеринариялық қызметкері «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.
Мемлекеттік қызметерінің тізімі
Павлодар облысының ветеринария басқармасымен көрсететін мемлекеттік қызметінің тізімі «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021364 Павлодар облысы ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қала және аудан бөлімімен көрсететін мемлекеттік қызметерінің тізімі құқықтық нормаларға сілтеме жасай отырып Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011898 Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру(түзету) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» http://10.61.42.188/rus/docs/V100006321_/links Ветеринариялық паспорт беру «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011898
Әкімшілік веб-сайтындағы және интернет-ресурстағы ақпаратты жаңарту үшін жауапты лауазымды тұлға, басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы Байбакирова Назымгуль Жумабековна; Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты орналастыру үшін жауапты, ветеринария және лицензиялау бөлімінің бас маманы Каирова Светлана Ануарбековна
2026 жылғы 1-тоқсанға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру», «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Олардың ішінде «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. 2026 жылдың І тоқсанында аталған қызмет бойынша 0 қызмет көрсетілді. Үш мемлекеттік қызметті Павлодар облысы ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және оның қалалық, аудандық бөлімдері көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)». 2026 жылдың І тоқсанында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша – 15 561, «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша – 456, ал «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» бойынша – 0 қызмет көрсетілді. Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №147 «2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес бақылау іс-шаралары өткізілді. 2026 жылдың І тоқсанында Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Железин ауданы бөлімінің Железинка, Новомир, Прииртышск, Михайловка, Алакөл, Ақтау, Веселая Роща, Қазақстан, Башмачное, Еңбекші, Майлы және Лесное ветеринариялық пункттерінде бақылау іс-шаралары жүргізілді. Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша 2025 жылы ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзудың 21 фактісі анықталды. 2026 жылғы қаңтар айында бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және т.б.) болуы қаралды. 2026 жылы мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне жауапты ветеринариялық мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген. Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы зерделеу жөнінде 6 ұсыным енгізіліп, олардың барлығы орындалды. 2026 жылдың І тоқсанында жалпы саны 250 адамды қамтыған 32 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде: 2026 жылғы қаңтар айында «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Железин аудандық бөлімінде жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері, ветеринарияның жалпы мәселелері және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы бойынша 1 кеңес өткізілді. Железин ауданының ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен тұрғындардың қатысуымен 87 адамды қамтып, «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері бойынша 9 түсіндіру жұмысын жүргізді. 2026 жылғы ақпан айында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мемлекеттік және ресми тілдерде жадынама әзірленіп, аудандық, қалалық және ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде 140 дана көлемінде орналастырылды. Сондай-ақ, «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 13 аудандық және қалалық бөлімдері ветеринария саласындағы «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар» тақырыбында 143 адамды қамтыған түсіндіру іс-шараларын өткізді. 2026 жылғы наурыз айында «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік және ресми тілдерде ақпарат әзірленіп, Павлодар облысы ветеринария басқармасының ресми сайты мен Instagram парақшасында орналастырылды. https://www.instagram.com/p/DVsstF_jMLd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRIODBiNWFIZA «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-ның 7 аудандық және қалалық бөлімдері ветеринария саласындағы «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді. 2026 жылғы ақпан айында Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК тарапынан «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден келесі негіздер бойынша бас тартылды: Қызмет алушы 2025 жылғы 14 қарашадағы №KZT05-00015875 ветеринариялық анықтаманы, 2025 жылғы 19 тамызда берілген №KZ39VPC00027105 аулау өнімінің шығу тегі туралы анықтаманы және №7-1/453 бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес өтінішті ұсынған. Өтініште артемия цисталарының «құрғақ күйде» екендігі көрсетілген. Алайда ұсынылған аулау өнімінің шығу тегі туралы анықтамада және ветеринариялық анықтамада «Артем Север» ЖШС берген тек «артемия цисталары» көрсетілген. «Өңделген өнім» бағаны бойынша өнімнің өңделгенін растайтын қажетті құжаттар ұсынылмаған. Тек артемия салина цисталарын өңдеу туралы ішкі акт ұсынылған, алайда ол ветеринариялық анықтама беру үшін негіз болып табылмайды. Цисталардың кептірілген немесе құрғақ күйге дейін жеткілікті деңгейде өңделгенін растайтын құжаттар жоқ (құрғақ немесе шикі циста екендігі расталмаған). Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған.
"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметі
3-тарау. "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысы айқындаған ветеринария саласындағы маман Тізбенің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады. Өтініш осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерге өзектендіруді (түзетуді) жүргізуге өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі. Ветеринария саласындағы жауапты маман құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде: 1) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын иеленуші туралы, өзектендіруге (түзетуге) мәлімделген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды; 2) дерекқордағы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды зерделейді; 3) осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыруды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі жасалады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірмені рәсімдейді. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме дерекқорда электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі. Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2025 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша факті сот тәртібімен анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші сот шешімі негізінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады. Сот шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруге (түзетуге) арналған дерекқор функционалына қолжетімділікті Ақпараттандыру туралы Заңға сәйкес государственный орган ұсынады. Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2025 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ветеринария саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес: көрсетілген қызметті беруші, жергілікті атқарушы орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.