2026 жылғы II тоқсанда Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

    ·

    Павлодар облысының ветеринария саласында төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді.

    «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін ведомстволық бағынысты ұйым – «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК қалалық және аудандық бөлімдері арқылы көрсетеді.

    • ғы II тоқсанда:

    -«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі – 1 қызмет;

    -«Ветеринариялық анықтама беру» – 19 880 қызмет;

    -«Ветеринариялық паспорт беру» – 464 қызмет;

    -«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0 қызмет көрсетілді.

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №147 «2026 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы II тоқсанда «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Щербақты аудандық бөлімінің Александров, Шалдай, Щербақты, Соснов, Орлов, Галкин, Жылыбұлақ ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттерінде бақылау іс-шаралары жүргізілді.

    2026 жылғы II тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптардың екі бұзушылық фактісі анықталды.

    Бірінші бұзушылық фактісі – қызмет алушылардың өтініштерін толтырмай, ветеринариялық анықтамаларды жүйелі түрде беру. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда» белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің (бизнес-процестің) сақталмауы болып табылады.

    Аталған факті бойынша «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК тарапынан ветеринариялық пункт меңгерушілерімен және ветеринариялық станция бөлімінің мамандарымен тиісті жұмыс жүргізілді. Жіберілген бұзушылық үшін Павлодар облысының ветеринария басқармасына қарасты «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысының 2026 жылғы 09 маусымдағы №3-02/275 бұйрығымен Жылыбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісіне ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

    Екінші бұзушылық фактісі – 2026 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуі.

    Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде 6 ұсыным енгізілді. Барлық ұсынымдар толық көлемде орындалды.

    2026 жылғы II тоқсанда «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша 28 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Жалпы қамтылған халық саны – 971 адам.

    2026 жылғы сәуір айында аудандық бөлімдердің ауылдық округтердегі ветеринариялық пункт меңгерушілері шаруа қожалықтарының басшылары мен ауылдық елді мекен тұрғындарының қатысуымен 4 жария талқылау өткізді. Іс-шараларға 225 адам қатысты. Халықты ақпараттандыру мақсатында «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде бір жадынама әзірленді. Жадынама аудандық және қалалық бөлімдердің, сондай-ақ ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде 150 дана көлемінде орналастырылды.

    2026 жылғы мамыр айында Басқармамен «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Щербақты аудандық бөлімінде бақылау іс-шараларының қорытындылары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте 20 ветеринариялық маман қатысты.

    Сондай-ақ, мамыр айында ауылдық округтердегі ветеринарлық пунктердің басшыларымен аудандық бөлімдер мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сегізқоғамдық талқылау өткізді: «Ветеринариялық анықтама беру» «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» шс-шараларға шаруа қожалықтарының басшылары менауылдық қауымсыздастықтардың тұрғындары қатысып, барлығы 425 адамды қамтыды.

    2026 жылдың маусым айында Павлодар облыстық ветеринарялық станциясының ШЖҚ КМК 12 аудандық және қалалық бөлімшелерінде 301 ветеринарялық маманның қатысуымен ақпараттық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Іс шараларда ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатыстымәселелер, сондай-ақ ҚР АШМ 2015 жылғы 21мамаырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру ережелерін және олардың нысандарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына және ҚР АШМ-нің 2026 жылғы 4 мамарыдағы №173 бұйрығына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды.

    Ветеринариялық станцияның Ақсу бөлімшесі 2026 жылдың 15 мамырында және 17 маусымында ветеринарилық мамандармен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша екі кездесу өткізді. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ресми Instagram парақшасында жарияланды.

    https://www.instagram.com/p/DZrWfW6jQ8Y/?igsh=ejU5ZzQzZDEzd2s2

    https://www.instagram.com/p/DYv_4sbiC7Z/?igsh=cHA1Y29obWMzMGY0

    Бірінші тоқсанның соңында, атап айтқанда 2026 жылдың 27 наурызында Павлодар облысының ветеринария басқармасына «NurMadPVL» ЖШС-нен Павлодар облысы ветеринария басқармасы «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Павлодар қалалық бөлімі «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шағым түсті. Өтініш берушінің айтуынша, бас тарту келесі жағдайларға байланысты болды:

    1.Әкімшілік рәсімдердің қағидаттарын бұзі;

    2.заңнамалық актілерде нақты талаптарының болмауы;

    3.Құжаттардың толық тізімі қағидатын бұзу;

    1. Мемлекеттік қызметтерді алу құқығын бұзылуы.

    Павлодар облысы ветеринария басқармасы Павлодар қалалық бөлімі «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ның нәтижеге сүйене отырып, 2026 жылғы 27 ақпандағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізді екендігі туралы түсініктемесі бар жауап берді, себебі қолданыстағы ҚР АШМ 2015 жылғы 21мамаырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру ережелерін және олардың нысандарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Ережелер) өңделген Артемия цисталарына ветеринарлық анықтаманы беруді көздемейді.

    Сонымен қатар, «NurMadPVL» ЖШС-нің өтініші бойынша павлодар облысының ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне не өңделген артемия цисталарына (шикі, құрғақ (инкубациялық), капсуладан шығарылған өңделген цисталарға) ветеринариялық құжаттарды беруді реттеуге қатысты ережелерге өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы хат жолдады.

    Жүктеу
    58c9dbb7bf27aecdf6365fd108aea8af_original.27673.docx
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы қорытынды ақпарат.

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметінің бір түрін көрсетеді. 2025 жылы «Ветеринария саласындағы қызметпен айнал...

    Жарияланды:
    Құжат

    Мемлекеттік қызметерінің тізімі

    Павлодар облысының ветеринария басқармасымен көрсететін мемлекеттік қызметінің тізімі «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V20000...

    Жарияланды:
    Құжат

    Әкімшілік веб-сайтындағы және интернет-ресурстағы ақпаратты жаңарту үшін жауапты лауазымды тұлға, басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы Байбакирова Назымгуль Жумабековна; Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты орналастыру үшін жауапты, ветеринария және лицензиялау бөлімінің бас маманы Каирова Светлана Ануарбековна

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1-тоқсанға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны және бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналыс...

    Жарияланды:
    Мемлекеттік қызметтер

    "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметі

    3-тарау. "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары...

    Жарияланды:
    Қағида

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың 3-тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны мен бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есепке түсіндірме жазба

    Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру»; «Ветеринариялық анықтама беру»;«Ветеринариялық паспорт беру»....

    Жарияланды:
    Қағида

    "Ветеринариялық анықтаманы беру" мемлекеттік қызмет көрсету

    4-тарау. Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі Ветеринариялық анықтаманы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – м...

    Жарияланды: