«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

    ·

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    1. Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұрлым егде тартып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын, оның болашақ зейнетақы төлеміне қойылатын талаптар да арта түседі. Себебі, оның еңбек қызметі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы табысы халықаралық стандарттарға барынша жақын деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс.

    ТЖШ мөлшерін айқындау кезінде болашақтағы зейнетақы төлемдерінің келтірілген құнын есептеудің классикалық формуласы қолданылады. Басқаша айтқанда, жаңа формула арқылы салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) дәл қазіргі уақытта болуы тиіс зейнетақы жинағының ең төменгі мөлшері, яғни ТЖШ көлемі есептеледі. Бұл жинақ болашақтағы зейнетақы төлемдерін мақсатты деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Келтірілген құн формуласының қолданылуы өмір бойына төленетін зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті жинақ көлемін есептеудің халықаралық тәжірибесіне негізделген.

    1. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.

    Енді ТЖШ мөлшері әрбір салымшының жасына қарай келтірілген құнды есептеудің стандартты формуласы негізінде және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып айқындалады. Нақтыласақ, жаңа әдістеме «Болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақы табысын алу үшін бүгін жеке зейнетақы шотында қандай ең төменгі сома қалуы тиіс?» деген сұраққа жауап береді.

    Формула ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер), қаржылық (табыстылық мөлшерлемелері мен зейнетақы төлемдерін индекстеу) факторларды, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді – жасына байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшерін және ең төменгі жалақыны ескереді. Бұл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, енді ТЖШ есептеу кезінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейін түсетін болашақ міндетті зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Өйткені өмірлік жағдайларға байланысты жарналар толық көлемде аударылмауы немесе белгілі бір кезеңдерде мүлде түспеуі мүмкін. Мұндай тәсіл азаматтардың жинақтарының бір бөлігін пайдаланғаннан кейін болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

    1. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді?

    2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа дейін мерзімінен бұрын пайдалану құқығы берілді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін [1] әзірлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітті.

    Алайда кейінгі жылдары салымшылардың ТЖШ-дан асатын зейнетақы жинақтарын жеке зейнетақы шоттарынан жиі алуы олардың болашақта БЖЗҚ-дан алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне себеп болу қаупі туындады. Осыған байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мәндерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

    Бұл өзгерістер халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес болашақтағы зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін кезең-кезеңімен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Сондықтан болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының сомасына және зейнетақы жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының еңбек табысын алмастыру коэффициентінің өсуіне қойылатын талаптар күшейтілді.

    Жаңа модельдің енгізілуі зейнетақы жүйесінің орнықтылығын нығайтуға және азаматтарды болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған.

    1. Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар үшін сақталады.

    Сондай-ақ жоғалтқан еңбек табысының кемінде 40 пайызы мөлшерінде зейнетақы алатын зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушылар да бұрынғыдай өз жинақтарын пайдалана алады. Бұл – өзін зейнетақымен қамсыздандыруды белгілі бір деңгейде қамтамасыз еткен азаматтар санаты.

    Десек те, зейнетақы жинақтарын пайдалану тәсілдері азаматтарды болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып одан әрі жетілдіріле береді.

    1. Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық деңгейінің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, 1991 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жасты құраса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, 2021 жылы – 70,23 жас болды.

    Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды. Өмір сүру ұзақтығының артуы азаматтардың зейнеткерлік кезеңде бұрынғыдан да ұзақ уақыт өмір сүретінін білдіреді. Сондықтан еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қалыптасқан өмір сүру деңгейін сақтау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызы арта түседі.

    Ең төменгі жеткіліктілік шектерінің ұлғайтылуы азаматтардың болашақта неғұрлым лайықты деңгейдегі зейнетақы алуына және зейнеткерлік кезеңде ұзақ уақыт бойы қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

    [1] "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы"Үкімет қаулысы

    Жүктеу
    921f51ed934a0b85214503c2b012325a_original.26638.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Комплаенс-офицерлердің ұжыммен кездесуі

    Ұжымдарда комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық кездесулері жалғасуда. Ағымдағы жылғы​ шілдеде Сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі мамандар қызметкерлерді Сы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Нитраттармен тағамнан уланудың алдын алу шаралары

    Нитраттар – ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылатын азот қосылыстары. Тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде нитраттар көкөністерде, көк шөптерде және бақша дақылдарында жиналуы мүм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның құрылған күні 1928 жыл Аудан аумағының көлемі, мың шаршы км. 7,3 мың шаршы км. р/б № Көрсеткіштер өлш.бірл. 2026 жылғы 1 шілдедегі 1 Халық саны (2026 ж. 01.06-на) адам 40 533 қала адам 34 321 ауыл адам 6 212 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыуының негізгі қорытындылары

    Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 72553,6 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 126,0% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,8% құрады. 2026 ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы са...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Жітіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жітіқара ауданының аумағында сайла...

    Жарияланды: