Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    ·

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%).

    Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі 10,13 млрд теңге болып, 12 айда 19,8% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша 834,86 млрдтеңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге.

    2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,90 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    Жүктеу
    9698d331c8a66acb607f0f0cb1f253c5_original.66343.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Комплаенс-офицерлердің ұжыммен кездесуі

    Ұжымдарда комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық кездесулері жалғасуда. Ағымдағы жылғы​ шілдеде Сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі мамандар қызметкерлерді Сы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Нитраттармен тағамнан уланудың алдын алу шаралары

    Нитраттар – ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылатын азот қосылыстары. Тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде нитраттар көкөністерде, көк шөптерде және бақша дақылдарында жиналуы мүм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның құрылған күні 1928 жыл Аудан аумағының көлемі, мың шаршы км. 7,3 мың шаршы км. р/б № Көрсеткіштер өлш.бірл. 2026 жылғы 1 шілдедегі 1 Халық саны (2026 ж. 01.06-на) адам 40 533 қала адам 34 321 ауыл адам 6 212 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыуының негізгі қорытындылары

    Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 72553,6 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 126,0% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,8% құрады. 2026 ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы са...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Жітіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жітіқара ауданының аумағында сайла...

    Жарияланды: