Тамақтан улану және тамақ арқылы берілетін аурулардың алдын алу

    ·

    Жылдың жылы мезгілі басталуымен тамақтан улану және тамақ арқылы берілетін аурулардың пайда болу қаупі артады. Мұндай жағдайлардың негізгі себептері – тамақ өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың бұзылуы, сондай-ақ жеке бас гигиенасы ережелерінің сақталмауы.

    Тамақтан улану ауру тудыратын микроорганизмдермен, олардың уыттарымен немесе химиялық заттармен ластанған тамақ өнімдерін тұтыну салдарынан болуы мүмкін. Әсіресе ет және сүт өнімдері, балық және теңіз өнімдері, жұмыртқа, кремі бар кондитерлік өнімдер, дайын салаттар және басқа да тез бұзылатын тағамдар сақтау температурасы сақталмаған жағдайда аса қауіпті.

    Тамақтан уланудың алдын алу үшін келесі қарапайым, бірақ тиімді профилактикалық шараларды сақтау қажет:

    тамақ өнімдерін тек ресми сауда объектілерден сатып алу;

    өнімнің жарамдылық мерзіміне, қаптамасының тұтастығына және сақтау жағдайына назар аудару;

    көкөністерді, жемістер мен көк шөптерді тұтынар алдында мұқият жуу;

    жеке бас гигиенасын сақтау, тағам дайындау және тамақтану алдында қолды сабындап жуу;

    шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу тақтайшалар мен пышақтарды пайдалану;

    етті, құсты, балықты және жұмыртқаны толық термиялық өңдеуден өткізу;

    тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта ұсынылған температурада сақтау;

    бұзылу белгілері бар немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтынбау;

    рұқсат етілмеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған консервілерді, сүт, ет және басқа да тағам өнімдерін сатып алмау.

    Балалардың, егде жастағы адамдардың және иммунитеті әлсіреген азаматтардың тамақтануына ерекше көңіл бөлген жөн, себебі олар тағам арқылы берілетін инфекциялардың ауыр түрлеріне ең сезімтал.

    Қоғамдық тамақтану объектілерінің басшылары тамақ өнімдерін өндірудің барлық кезеңдерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, үй-жайлар мен жабдықтарды уақытылы тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу, өнімдерді сақтау талаптарын сақтау, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден өткен және қолданыстағы жеке медициналық кітапшалары бар қызметкерлерді ғана жұмысқа жіберу тиіс.

    Тамақтан уланудың алғашқы белгілері – жүрек айну, құсу, іш өту, іштің ауыруы немесе дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Өздігінен емделу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

    Санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды сақтау және тамақ өнімдерін таңдау, дайындау мен сақтау кезінде жауапкершілік таныту – тағамнан уланудың алдын алудың және халық денсаулығын сақтаудың негізгі кепілі.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды қауіпсіз тамақтану қағидаларын сақтауға және тамақ өнімдерін тек рұқсат етілетін сауда орындарынан сатып алуға шақырады. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына ұқыпты қарау – әрбір отбасының амандығының кепілі.

    «ҚР ДCМ СЭБК Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ

    жетекші маманы

    А.С. Жұмағалиева

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Комплаенс-офицерлердің ұжыммен кездесуі

    Ұжымдарда комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық кездесулері жалғасуда. Ағымдағы жылғы​ шілдеде Сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі мамандар қызметкерлерді Сы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Нитраттармен тағамнан уланудың алдын алу шаралары

    Нитраттар – ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылатын азот қосылыстары. Тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде нитраттар көкөністерде, көк шөптерде және бақша дақылдарында жиналуы мүм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның құрылған күні 1928 жыл Аудан аумағының көлемі, мың шаршы км. 7,3 мың шаршы км. р/б № Көрсеткіштер өлш.бірл. 2026 жылғы 1 шілдедегі 1 Халық саны (2026 ж. 01.06-на) адам 40 533 қала адам 34 321 ауыл адам 6 212 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыуының негізгі қорытындылары

    Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 72553,6 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 126,0% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,8% құрады. 2026 ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы са...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Жітіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жітіқара ауданының аумағында сайла...

    Жарияланды: