Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жалпы өңірлік өнім
2025 жылдың қорытындысымен (алдын-ала мәлімет) облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 322,2 млрд теңгені құрады, НКИ - 104,9% (2024 жыл -3 150,4млрд теңге, НКИ -104,1%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 725,3 мың теңгені құрады (2024 жыл -2 577,0мың теңге).
Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2% (ҚР - 104,3%) деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің өсуі байқалады (о.і. өнеркәсіпте - 117,9%, ауыл, орман және балық шаруашылығында - 102,5%, құрылыста - 122,8%, саудада - 103,9%, көлікте - 113,3%, байланыста - 104,5%).
Өнеркәсіп
2026 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өнімінің көлемі 587,6 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 17,9%-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 11%-ға (85,8 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 24,7%-ға (389,0 млрд теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 6,3%-ға (109,0 млрд теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинақтау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 6,8%-ға (3,7 млрд теңге) өсім байқалады.
2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 191,8 млрд теңгені құрайтын, 1700 жаңа жұмыс орнын құрумен 3 өнеркәсіптік-инновациялық жоба жүзеге асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС- сутегі асқын тотығын өндіру,құны -30 млрдтеңге,қуаттылығы- 30,0мың тн/жыл,100жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company»ЖШС- натрий цианидінің өндірісі,құны- 25,8 млрдтеңге,қуаттылығы- 15,0мың тн/жыл,100жаңа жұмыс орны(Таласауданы); «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС - минералды тыңайтқыштардың өндірісі,құны- 136,0 млрдтеңге,қуаттылығы- 1,0 млнтн/жыл,1500жаңа жұмыс орны(Сарысу ауданы)). Оның ішінде «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайдалануға берілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 36,8 млрд теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 маусымына 28,3 млрд теңге игерілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 86,7 млрд теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына 102,5%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 85,7 млрд теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 102,5%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,7 млрд теңге (НКИ - 100,4%), мал шаруашылығы - 85,0 млрд теңге (НКИ - 102,5%).
Өсімдік шаруашылығында 627,7 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 356,5 мың га алқапқа (100%), майлы дақылдар - 40,0 мың га (100,0%), көкөніс дақылдары - 23,6 мың га (100%), картоп - 8,4 мың га (100,0%), қант қызылша - 8,5 мың га (100%) егілді.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 43,5 мың тонна (102,5%), сүт - 80,3 мың тонна (101,7%), жұмыртқа - 38,0 млн дана (132,1%) құрады. ІҚМ саны - 495,5 мың басты (104,1%), қой - 3 666,6 мың басты (104,0%), жылқы - 211,3 мың басты (112,4%), құс - 2 163,7 мың басты (101,5%) құрады.
Сауда
Тауар айналымының көлемі 394,4 млрд теңгеге жетіп, 2025 жылғы қаңтар-мамырға 3,9%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 227,8 млрд теңгені (2,4%-ға), көтерме сауда айналымы - 165,3 млрд теңгені құрады (6,0%-ға).
Сыртқы сауда айналымы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында сыртқы сауда айналымы 328,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өсті, оның ішінде импорт - 311,2 млн АҚШ долларын (3 есе) құрады, ал экспорт 16,8 млн АҚШ долларын құрап 85,2%-ға қысқарды. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 294,4 млн АҚШ доллар теріс қалыптасты.
Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2026 жылдың қаңтар-сәуірінде 5,8%-ға (106,6 млн АҚШ доллар), оның ішінде экспорт - 6,1%-ға (39,0 млн АҚШ доллар), импорт - 5,6%-ға (67,6 млн АҚШ доллар) төмендеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 2 096,9 млрд теңгені (126,4%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны - 169,0 мың адам (101,1%).
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 106,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны - 100,7 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 94,2%-ды құрайды.
Есепті кезеңде құрылысжұмыстарының көлемі 97,2 млрд теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 122,8%-ды құрады.
Өсім Жуалы ауданындағы А-2 «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» тас жолының 546-557 шқ және ескі Күйік асуының жол торабын күрделі жөндеу («СП «СИНЕ МИДАС СТРОЙ» ЖШС), Қордай ауданындағы Қордай ауылында тәулігіне 3,5 мың тн клинкер өндіретін зауытының құрылысы («KORCEM» ЖШС)(«КАЗГРАДОСТРОЙ» ЖШС), Сарысу ауданындағы Өндіріс а. нысанда күрделі ішкі құрылғылары бар колонна типті жабдықтарды монтаждау және орнату (Қазақстандағы «Қытайдың құрылыс механикалық өнеркәсібі тобы» (Синоконст) ЖШС филиалы), кальцийленген сода өндіру зауытының құрылысы («CHINA CAMC ENGINEERING CO.,LTD компаниясының филиалы), Талас ауданындағы Қаратау қ. натрий цианидін өндіруді 15 мың тн/жыл және аммоний сульфатын 5 мың тн/жыл кеңейту («МҰНАЙҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ЖШС), Шу ауданындағы Тасөткел а. жүгері өңдеу зауытының құрылысы («ШАНЬДУНЬ АНЬЧЭН ЦЗЯНЬГУН» ЖШС, ҚР филиалы «SHANDONG TIANYUAN ASSEMBLY GROUP» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 224,0 мың ш. м немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 100,9%-ды құрады.
139,1 мың м2 жеке тұрғын үй (715 бірлік үй), 1183 пәтерлі 84,9 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (18 үй) пайдалануға берілді.
Көлік
Көлік қызметтері 2026 жылғы қаңтар-мамырында 137,6 млрд теңгені (113,3%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 14,3 млн тонна (139,5%), жүк айналымы - 8,8 млрд ткм (86,8%), жолаушыларды тасымалдау - 44,9 млн адам (126,8%), жолаушылар айналымы - 871,8 млн жкм (112,2%) құрады.
Жолдар
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10,1 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1224,8 шқ, облыстық – 1688,45 шқ, аудандық - 1471,75 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732,0 шқ.
2026 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге 22,4 млрд теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7,3 млрд теңге игерілді.
2026 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 99,0%-ға дейін жеткізіледі.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 405,3 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың тиісті кезеңіне 57,2%-ға өсті. Өсім Тараз қ. жабдықтарды сатып алу («Т.И. Батуров ат. ЖАМБЫЛ ГРЭС» АҚ), Жуалы ауданындағы әуе желісінің құрылысын салу және 500 кВ қосалқы станцияны қайта құру («Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan electricity grid operating company) «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» Филиалы), Қордай ауданындағы өндірістік қуаты тәулігіне 3,5 мың тн. клинкер өндіретін цемент зауытына тазарту құрылғыларының құрылысы («KORCEM» ЖШС), металл рудасын өңдеу және бағалы металдарды өндіру зауытының құрылысына арналған жабдықты сатып алу («ШОКПАР-ГАГАРИНСК» ЖШС), Т. Рысқұлов ауданында құс фабрикасын салу («GAKKU QUS» ЖШС), арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу («GOLDEN COMPASS JAMBYL» ЖШС), Ақыртөбе жерасты газ қоймасының компрессорлық станциясындағы (ПХГ Ақыртөбе) ГМК ДКС технологиялық байламасының №1-1.1 ақаулы кранын (DN200 PN80) ауыстыру («Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз магистральдық газ құбырлары басқармасының» филиалы), Меркі ауданында сауда үйін, 2 супермаркетті, 6 минимаркетті, моншаны, туристік базаны, жалпы білім беру мектебін, 2 әкімдік ғимаратын, 2 мал шаруашылығы кешенін және 3 мектепке дейінгі ұйымды пайдалануға беру (1-ИС), Мойынқұм ауданындағы жел электр станциясының құрылысы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған шығындар («АКТАС ЭНЕРДЖИ» ЖШС), Сарысу ауданындағы химиялық заттарды өндіру бойынша химия кешенін салу және жобалық кеңсе дирекциясын күтіп-ұстау («ЕВРОХИМ-ҚАРАТАУ» ЖШС), Шу ауданындағы жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу зауытының құрылысы үшін жабдықты сатып алу («SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС), металлургия зауытын салу және сыпыру-жинау машинасын, өзін-өзі тиейтін және өзін-өзі түсіретін қоқыс таситын көлікті, автогидроподьемникті ( «YONGGANG CENTRAL ASIA IRON AND STEEL»ЖШС) сатып алу есебінен қамтамасыз етілді.
Инфляция
Инфляция деңгейі 2026 жылғы мамыр айында 2025 жылғы желтоқсанға 104,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,5%-ға, ақылы қызметтерге - 4,1%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 104,3%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2026 жылғы мамыр айында «экстрадан» басқа тұз бағасы - 3,1%-ға, майлылығы 5-9% ірімшік - 2,6%-ға, маргарин - 2,1%-ға, шұжық өнімдері - 2,0%-ға, көкөністер - 1,8%-ға (о.і. пияз - 44,3%-ға, картоп - 13,2%-ға, сәбіз - 11,2%-ға), шай - 1,6%-ға, ұн - 1,4%-ға, сүт - 1,1%-ға (о.і. майлылығы 2,2-2,5% сүт - 1,6%-ға), алма - 1,0%-ға, ет - 0,8%-ға (о.і. қой еті - 2,4%-ға, жылқы еті - 0,8%-ға, сиыр еті - 0,2%-ға), макарон өнімдері - 0,5%-ға (о.і. кеспе - 2,2%-ға, вермишель - 0,9%-ға), нан - 0,3%-ға (о.і. қара бидай-бидай наны - 5,0%-ға) өсті.
Қырыққабат бағасының - 30,6%-ға, қияр - 25,4%-ға, қызанақ - 10,8%-ға, қызылша - 6,2%-ға, спагетти - 1,5%-ға, балық және теңіз өнімдері - 1,4%-ға, қаймақ - 0,8%-ға, жармалар - 0,2%-ға (о.і. қарақұмық жармасы - 1,3%-ға), майлар мен тоңмайлар - 0,3%-ға (о.і. сары май - 0,5%-ға, күнбағыс майы - 0,4%-ға) төмендегені белгіленді.
Ақталған, жылтыратылған күріш, шошқа еті, қатты, жартылай қатты ірімшік, майлылығы 2-3% айран, 1-санатты жұмыртқа, зәйтүн майы, құмшекер, ашытқы, кофе бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша шыны және керамика бұйымдары бағасы - 1,5%-ға, киім, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеуге арналған материалдар - 1,0%-ға (о.і. цемент - 1,3%-ға), жуғыш және тазалағыш заттар - 0,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,8%-ға, тұрмыстық аспаптар - 0,5%-ға, аяқ киім, дизель отыны - 0,1%-ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша баға демалыс және мәдениет - 3,1%-ға (о.і. бассейндер қызметі (абонемент) - 9,5%-ға, тренажер залдарының қызметі (абонемент) - 4,7%-ға), интернет пен теледидар қызметтерінің пакеттері - 2,7%-ға, көлік қызметтері - 0,5%-ға (о.і. теміржол жолаушылар көлігі - 1,7%-ға), мейрамханалар мен қонақүйлер - 0,2%-ға (о.і. асханадағы түскі ас - 0,7%-ға) өсті.
Салықтар мен бюджет
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 141,2 млрд теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 94,9%, оның ішінде республикалық бюджетке - 43,9 млрд теңге (85,6%), жергілікті бюджетке - 97,3 млрд теңге (99,8%).
Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9%-ға өсті.
Облыс бюджетінің шығындары 304,3 млрд теңгені құрады немесе болжам 97,4%-ға орындалды. Оның ішінде әлеуметтік салаға 198,6 млрд теңге қарастырылды (99,7%).
Түзетілген облыс бюджетінің шығыстары 827,7 млрд теңгені құрады, тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар сомасы 17,4 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға өсті (2025 жылғы 1 маусымға - 810,3 млрд теңге).
Шығындар құрылымында ауқымды үлес білім беру саласына - 50,1%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға - 5,2%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына - 5,0%, денсаулық сақтауға - 2,2% құрайды.
Сумен қамтамасыз ету және су бұру
2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, нәтижесінде халықты сумен қамту деңгейі 100%-ға жетті.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 11,7 млрд теңгеге (ЖБ) 24 жобаны іске асыру қарастырылды. Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы 9,9 млрд теңгеге (РБ - 7,9 млрд теңге, ЖБ - 2,0 млрд теңге) 7 жобаны іске асыру қарастырылған.
Экология
2025 жылғы алдын-ала мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 51,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қаласында - 24,8 мың тонна. Азот диоксидінің орташа тәуліктік көрсеткіштерінің артуы автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты (өңірде 276,9 мың бірлік тіркелген) ауаның ластануын және оның тұрақты жиналуын көрсетеді.
Халық саны
2026 жылдың 1 мамырына облыстың халық саны 1 214,0 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында - 489,2 мың адам, Байзақ ауданында 95,4 мың адам, Жамбыл - 51,0 мың адам, Жуалы - 51,8 мың адам, Қордай - 154,1 мың адам, Т. Рысқұлов - 64,9 мың адам, Меркі - 87,2 мың адам, Мойынқұм - 27,0 мың адам, Сарысу - 42,5 мың адам, Талас - 46,6 мың адам, Шу - 104,2 мың адам.
Әлеуметтік қорғау
2026 жылғы 1 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны - 25 170 адам (2025 жылдың тиісті кезеңі көрсеткішінен 982 адамға төмен (2025 жылғы 1 тоқсан - 26 152 адам)), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 136 035 адам (2025 жылдың тиісті кезеңі көрсеткішінен 17 681 адамға төмен (2025 жылғы 1 тоқсан - 153 716 адам)), облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2025 жыл қорытындысымен 5,3%-ды немесе 64 042 адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 15503 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 7556, ақылы қоғамдық жұмыс орнына - 3 989, жастар практикасына - 241, әлеуметтік жұмыс орындарына - 149, «Күміс жас» жобасына - 397, онлайн оқыту курстарына - 1948, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1223 жолданды.
Білім
2026 жылы білім беруге 414,6 млрд теңге бөлінді, 1.06.2026 жылғы жағдай бойынша 164,7 млрд теңге немесе есепті кезең жоспарына 99,8% игерілді.
Бүгінге 661 мектепке дейінгі ұйымдармен (545 балабақша, 116 шағын орталықтар) 66,2 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2025 жылдың деңгейінен 3,6 пайыздық тармаққа жоғары, 2-ден 6 жасқа дейін - 98,9%, 2025 жылдың деңгейінен 2,8 пайыздық тармаққа жоғары.
14 білім беру обьектілерін дамытуға 9,9 млрд теңге бөлінді (5 мектептің (Жамбыл ауданында 1 мектептің(100 орын),Мойынқұм ауданында (80 орын) 1 мектеп,Шу ауданында 2 мектептің(240 орын),Тараз қ. 1 мектептің(600 орын))жәнеоблыс бойынша9 мектепке жапсарласқұрылысы).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы мемлекеттік 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 377 мектепте 2 209 интерактивті панельдер орнатылған.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 20,9 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңге 4,3 млрд теңгесі немесе 95,1%-ы игерілді.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 6,4 млрд теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,9 млрд теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы - 5,5 млрд теңге (о.і. РБ - 3,0 млрд теңге, ЖБ - 2,5 млрд теңге) бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 326,3 млн теңге (ЖБ) (Талас ауданы Қаратау қаласындағы 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңарту, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне кіреберіс салу, Тараз қаласында компьютерлік томография мен маммография модульдеріне арналған гараж құрылысы) қарастырылды.
2026 жылдың қаңтар-мамырында қатерлі ісіктермен, қант диабетімен психикалық бұзылу, туберкулез, наркологиялық, мерез аурулармен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі және қан айналымы жүйесімен ауруларымен алғашқы сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.
Ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді (Шу ауданында - 1, Тараз қ. - 2 жағдай).
Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 383 медициналық ұйымды қамтиды, оның ішінде 26 ауруханалық, 140 амбулаториялық-емханалық, 59 фельдшерлік-акушерлік, 146 медициналық пункт (оның ішінде 6 медицина қызметкері) және 6 басқа ұйымдар.