Жамбыл облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жалпы өңірлік өнім
2026 жылдың 1 тоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімі 764,0 млрд теңгені, НКИ – 111,7%-ды құрады (2025 жылдың 1 тоқсанында – 690,9 млрд теңге, НКИ – 106,3%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 628,8 мың теңгені құрады (2025 жылдың 1 тоқсанында – 656,5 мың теңге).
Облыс бойынша 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 114,2% (ҚР -105,1%) деңгейінде қалыптасты. Экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемінің өсуі байқалады (о.і. өнеркәсіпте -118,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығында -103,3%,құрылыста -113,4%, саудада -103,2%, көлікте -111,8%, байланыста -104,0%).
Өнеркәсіп
2026 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімінің көлемі 718,7 млрд теңгені құрап, 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 18,5%-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 10,9%-ға (107,0 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 25,7%-ға (478,5 млрд теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 6,9%-ға (128,7 млрд теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинақтау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 1,5%-ға (4,5 млрд теңге) өсім байқалады.
2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 195,4 млрд теңгеге, 831 жаңа жұмыс орнын құрумен, 4 өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылуда («Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС - сутегі пероксидін өндіру, құны - 30 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 30,0 мың тонна, 96 жаңа жұмыс орны (Шу ауданы); «Talas Investment Company» ЖШС - натрий цианидін өндіру, құны - 25,8 млрд теңге, қуаттылығы - жылына 15,0 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орны (Талас ауданы); «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС - минералды тыңайтқыштар өндіру, құны - 136,0 млрд теңге, қуаттылығы - жылына 1,0 млн тонна, 500 жаңа жұмыс орны (Сарысу ауданы); «Alit Holding» ЖШС - силос қоймалары, шикізатты дайындау учаскесі, шикізат пен дайын өнім қоймалары бар құрғақ құрылыс қоспаларын (ҚҚҚ) өндіру цехын салу, құны - 3,6 млрд теңге, қуаттылығы - жылына 149 мың тонна, 85 жаңа жұмыс орны (Тараз қаласы)). Оның ішінде «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС және «Alit Holding» ЖШС пайдалануға берілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 36,8 млрд теңге субсидия бөлінді. 2026 жылдың 1 шілдесіне 28,6 млрд теңге игерілді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 123,2 млрд теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-маусым айына 103,3%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 122,0 млрд теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 103,3%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 7,8 млрд теңге (НКИ–158,4%), мал шаруашылығы - 114,0 млрд теңге (НКИ – 100,9%).
Өсімдік шаруашылығында алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 627,7 мың га алқапқа орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 356,5 мың га алқапқа (100%), майлы дақылдар - 40,0 мың га (100,0%), көкөніс дақылдары - 23,6 мың га (100%), картоп - 8,4 мың га (100,0%), қант қызылша - 8,5 мың га (100%) егілді.
16.07.2026 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 108,0 мың га немесе егін жинау алқабының 30,3% жиналып, өнімділік 17,4 ц/га құрады.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндірісі (тірі салмақта) 57,7 мың тн (100,1%), сүт – 110,2 мың тн (101,8%), жұмыртқа – 49,4 млн дана (125,3%) құрады. ІҚМ саны – 515,5 мың басты (107,4%), қой – 3 648,3 мың басты (108,5%), жылқы – 217,6 мың басты (110,6%), құс – 2 351,8 мың басты (117,0%) құрады.
Сауда
Тауар айналымының көлемі 522,9 млрд теңгеге жетіп, 2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,2%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі 292,3 млрд теңгені (2,5%-ға), көтерме сауда айналымы – 229,1 млрд теңгені құрады (4,0%-ға).
Сыртқы сауда айналымы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында сыртқы сауда айналымы 328,0 млн АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 1,5 есеге өсті, оның ішінде импорт - 311,2 млн АҚШ долларын (3 есе) құрады, ал экспорт 16,8 млн АҚШ долларын құрап 85,2%-ға төмендеді. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 294,4 млн АҚШ доллар теріс қалыптасты.
Облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2026 жылдың қаңтар-мамырында 1,2%-ға (141,0 млн АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 6,6%-ға (53,5 млн АҚШ доллар) төмендеп, импорт – 2,4%-ға (87,5 млн АҚШ доллар) өсті.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өнім шығару көлемі 2 096,9 млрд теңгені (126,4%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны - 169,0 мың адам (101,1%).
2026 жылғы 1 шілдеге тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 106,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны - 100,6 мың бірлік. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 94,2%-ды құрайды.
Есепті кезеңде құрылысжұмыстарының көлемі 165,4 млрд теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 113,4%-ды құрады.
Өсім Жуалы ауданындағы А-2 «Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» тас жолының 546-557 шқ және ескі Күйік асуының жол торабын күрделі жөндеу («СП «СИНЕ МИДАС СТРОЙ»ЖШС), «Оңтүстік аймақты күшейту» жобасы бойынша Б. Момышұлы а. 500 кВ әуе электр жеткізу желісін және 500 кВ қосалқы станциясын салу («АСПМК-519» ЖШС), Мойынқұм ауданындағы 9 елді мекенге тартылатын газ құбырлары мен газ тарату желілерін салу («ASIA CASPIAN CONSTRUCTION» ЖШС), Сарысу ауданында Өндіріс а. кальцийленген сода өндіру зауытының құрылысы («CHINA CAMC ENGINEERING CO.,LTD» компаниясының филиалы), кальцийленген сода өндіру зауытын салу нысанында күрделі ішкі құрылғылармен жабдықталған колонналық типтегі жабдықтарды орнату және монтаждау (Қазақстандағы «Қытай механикалық өнеркәсіп құрылыс тобы» ЖШС филиалы (Синоконст)), химиялық заттар өндіретін химиялық кешеннің құрылысы, ақпараттық жабдықтарды сатып алу, «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС жобалық офисі дирекциясын ұстау («CHINA NATIONAL CHEMICAL ENGINEERING CO., LTD.» филиалы), Талас ауданындағы «Talas Investment Company» ЖШС үшін Қаратау қаласында жылына 15 мың тонна натрий цианиді мен жылына 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіру көлемін ұлғайту жобасының 2-кезек құрылысы («МҰНАЙҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ЖШС).
Тұрғын үй
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 326,0 мың ш.м немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,6% -ды құрады.
177,0 мың м2 жеке тұрғын үй (899бірлік үй), 1667 пәтерге арналған 149,0 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (33үй) пайдалануға берілді.
Көлік
2026 жылғы қаңтар-маусымда көлік қызметтері 164,1 млрд теңгені (111,8%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 17,5 млн тонна (144,3%), жүк айналымы – 10,5 млрд тшқ (101,9%), жолаушыларды тасымалдау – 52,9 млн адам (120,7%), жолаушылар айналымы - 1,0 млрд жшқ (108,9%) құрады.
Жолдар
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10,1 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1224,7 шқ, облыстық – 1688,4 шқ, аудандық - 1471,7 шқ, елді мекендердің көшелері – 5732 шқ.
2026 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге 22,9 млрд теңге (ОБ) бөлінді. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8,3 млрд теңге игерілді.
2026 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 99,0%-ға дейін жеткізіледі.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 505,8 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың тиісті кезеңіне 59,6%-ға өсті. Өсім Тараз қ. жабдықтар сатып алу («Т.И. Батуров ат. ЖАМБЫЛ ГРЭС» АҚ), Жуалы ауданындағы әуе желісінің құрылысын салу және 500 кВ қосалқы станцияны қайта құру («Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan electricity grid operating company) «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы), Қордай ауданындағы өндірістік қуаты тәулігіне 3,5 мың тн. клинкер құрайтын цемент зауытына арналған тазарту құрылыстарын салу («KORCEM» ЖШС), металл рудасын өңдеу және бағалы металдарды өндіру зауытының құрылысына арналған жабдықты алу («ШОКПАР-ГАГАРИНСКОЕ» ЖШС), Т. Рысқұлов ауданында құс фабрикасын салу («GAKKU QUS» ЖШС), арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу («GOLDEN COMPASS JAMBYL» ЖШС), Ақыртөбе жерасты газ қоймасының компрессорлық станциясындағы ГМК ДКС (ПХГ Ақыртөбе) технологиялық байламасының №1-1.1 ақаулы кранын (DN200 PN80) ауыстыру («Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз магистральдық газ құбырлары басқармасының» филиалы), Меркі ауданында сауда үйін, 2 супермаркетті, 6 минимаркетті, моншаны, туристік базаны, жалпы білім беретін мектепті, 2 әкімдік ғимаратын, 2 мал шаруашылығы кешенін және 3 мектепке дейінгі ұйымды пайдалануға беру есебінен (1-ИС), Мойынқұм ауданындағы жел электр станциясының құрылысы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған шығындар («АКТАС ЭНЕРДЖИ» ЖШС), табиғи газдың пайдалы қазбаларын барлау және бағалау, сондай-ақ газ ұңғымасын бұрғылау шығындары («QAZAQGAZ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ» ЖШС), Сарысу ауданындағы химиялық заттарды өндіру бойынша химия кешенін салу және жобалық кеңсе дирекциясын күтіп-ұстау («ЕВРОХИМ-ҚАРАТАУ» ЖШС), Шу ауданындағы жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу зауытының құрылысы үшін жабдықты сатып алу («SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС), металлургия зауытын салу және сыпыру-жинау машинасын, өзін-өзі тиейтін және өзін-өзі түсіретін қоқыс таситын көлікті, автогидроподьемникті сатып алу («YONGGANG CENTRAL ASIA IRON AND STEEL»ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді. Инфляция
Инфляция деңгейі 2026 жылғы маусым айында 2025 жылғы желтоқсанға 104,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,9%-ға, ақылы қызметтерге - 4,8%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 105,1%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2026 жылғы маусым айында қырыққабат бағасы - 29,4%-ға, пияз - 14,3%-ға, сәбіз - 13,6%-ға, «экстрадан» басқа тұз - 5,0%-ға, картоп - 2,8%-ға, шұжық өнімдері - 2,5%-ға, нан - 2,1%-ға (о.і. қара бидай-бидай наны - 5,0%-ға), кофе - 1,7%-ға, макарон өнімдері - 1,4%-ға (о.і. рожки - 2,2%-ға, кеспе - 1,8%-ға, вермишель - 1,4%-ға), ет - 1,3%-ға (о.і. қой еті - 4,4%-ға, құс еті - 1,7%-ға, шошқа еті - 1,0%-ға, жылқы еті - 0,8%-ға, сиыр еті - 0,4%-ға), май және тоңмайлар - 0,8%-ға (о.і. күнбағыс майы - 1,9%-ға), ақталған, жылтыратылған күріш - 0,7%-ға, балық және теңіз өнімдері - 0,4%-ға, жармалар - 0,3%-ға (о.і. ұнтақ жармасы - 0,3%-ға), маргарин - 0,2%-ға, сүт - 0,1%-ға өсті.
1-санатты жұмыртқа бағасы - 7,5%-ға, алма - 2,7%-ға, спагетти - 2,2%-ға, қарақұмық жармасы - 1,1%-ға, құмшекер, қышқыл сүт өнімдері - 0,8%-ға (о.і. майлылығы 2-3% айран - 2,5%-ға, майлылығы 5-9% сүзбе - 0,1%-ға), көкөністер - 0,4%-ға (о.і. қызанақ - 27,7%-ға, қияр - 11,3%-ға, қызылша - 5,3%-ға) төмендегені белгіленді.
Ұн, майлылығы 2,2-2,5% сүт, қатты, жартылай қатты ірімшік, қаймақ, шәй, сары май, ашытқы бағалары өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша зарядтау құрылғыларының бағасы - 7,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,8%-ға, аяқ киім - 1,5%-ға, жеке көлік құралдарына арналған ЖЖМ - 1,3%-ға (о.і. АИ-92 бензині - 1,5%-ға, дизель отыны (жалпы) - 1,4%-ға), тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеуге арналған материалдар - 1,1%-ға (о.і. цемент - 9,4%-ға, құрғақ құрылыс қоспалары - 5,2%-ға), киім - 0,6%-ға, басқа да жеке пайдаланылатын заттар, аспаптар мен тауарлар - 0,3%-ға өсті.
Ақылы қызметтер бойынша үй интернетінің тарифі - 3,6%-ға, көлік қызметтері - 2,2%-ға (о.і.әуе жолаушылар көлігі - 3,7%-ға, теміржол жолаушылар көлігі - 2,4%-ға, автомобиль жолаушылар көлігі - 1,8%-ға), мейрамханалар мен қонақ үйлер - 1,3%-ға, демалыс және мәдениет қызметтері - 0,8%-ға өсті.
Салықтар мен бюджет
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 160,9 млрд теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 92,9%, оның ішінде республикалық бюджетке – 49,3 млрд теңге (76,3%), жергілікті бюджетке – 111,6 млрд теңге (102,7%).
Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,9%-ға өсті.
Облыс бюджетінің шығындары 381,5 млрд. теңгені құрады немесе болжам 99,1%-ға орындалды. Оның ішінде әлеуметтік салаға 257,4 млрд теңге бағытталды (100,0%).
Түзетілген облыс бюджетінің шығыстары 828,7 млрд теңгені құрады, тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар сомасы 17,9 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға өсті (2025 жылғы 1 шілдеге - 810,8 млрд. теңге).
Шығындар құрылымында ауқымды үлес білім беру саласына - 52,8%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға - 5,5%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына - 5,3%, денсаулық сақтауға - 2,4% құрайды.
Сумен қамтамасыз ету және су бұру
2025 жылдың қорытындысымен облыстың барлық 357 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, нәтижесінде халықты сумен қамту деңгейі 100%-ға жетті.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 11,7 млрд теңгеге (ЖБ) 25 жобаны іске асыру қарастырылды. Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету
Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2026 жылы 9,9 млрд теңгеге (РБ – 7,9 млрд теңге, ЖБ – 2,0 млрд теңге) 7 жобаны іске асыру қарастырылған.
Экология
Облыста 2025 жылы барлық стационарлық ластану көздерінен бөлінген ластаушы заттардың көлемі 202,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде 161,1 мың тоннасы ұсталып, кәдеге жаратылды.
Нақты көрсеткіштер бойынша тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары рұқсат етілген 122,0 мың тоннаның ішінде 43,2 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 22,2 мың тонна (рұқсат етілгені – 45,3 мың тонна).
Ластаушы заттарды шығаратын тұрақты көздердің саны 15,4 мың бірлікті құрады. Оның ішінде өнеркәсіпте 9,4 мың көз бар, олардың шығарындылары 33,4 мың тоннаны немесе тұрақты көздерден атмосфераға бөлінетін жалпы шығарындылардың 77,3%-ын құрайды.
Ерекше ластаушы заттардың ішіндегі ең көп шығарындысы – азот диоксиді (7,2 мың тонна), бұл автокөлік санының артуына байланысты ауаның ластануын және оның тұрақты жиналуын көрсетеді (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 312,8 мың бірлік тіркелген).
Халық саны
2026 жылдың 1 маусымына облыстың халық саны 1 213,6 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында - 489,4 мың адам, Байзақ ауданында - 95,4 мың адам, Жамбыл – 50,9 мың адам, Жуалы - 51,8 мың адам, Қордай - 154,1 мың адам, Т. Рысқұлов - 64,8 мың адам, Меркі - 87,1 мың адам, Мойынқұм - 26,9 мың адам, Сарысу - 42,6 мың адам, Талас - 46,5 мың адам, Шу - 104,1 мың адам.
Әлеуметтік қорғау
2026 жылғы 1 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны - 25 170 адам (2025 жылғы 1 тоқсан - 26 152 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны - 136 035 адам (2025 жылғы 1 тоқсан - 153 716 адам), облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 27,2%-ды құрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2026 жылғы 1 тоқсан қорытындысымен 5,1%-ды немесе 62 042 адамды құрады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 21 728 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 11 597, әлеуметтік жұмыс орындарына - 236, жастар практикасына - 456, «Күміс жас» жобасына - 588, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 1 768, ақылы қоғамдық жұмыс орнына – 4 446, онлайн оқытуға - 2 336, кәсіптік оқытуға – 301 адам жолданды.
Білім
2026 жылы білім беруге 410,7 млрд теңге бөлінді, 1.07.2026 жылғы жағдай бойынша 216,2 млрд теңге немесе есепті кезең жоспарына 100% игерілді.
Бүгінге 661 мектепке дейінгі ұйымдармен (545 балабақша, 116 шағын орталықтар) 66,2 мың бала немесе 98,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2025 жылдың деңгейінен 3,6 пайыздық тармаққа жоғары, 2-ден 6 жасқа дейін - 98,9%, 2025 жылдың деңгейінен 2,8 пайыздық тармаққа жоғары.
2026 жылы 14 білім беру нысанын дамытуға 9,9 млрд теңге бөлінді (Жамбыл ауданында 1 мектептің(100 орын),Мойынқұм ауданында 1 мектептің (80 орын),Шу ауданында 2 мектептің(240 орын),Тараз қ. 1 мектептің(600 орын)құрылыстары қарастырылған (облыс бойынша9 мектепке жапсарлас, оның ішінде дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернат).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы мемлекеттік 451 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 377 мектепте 2 209 интерактивті панельдер орнатылған.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2026 жылы 20,9 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңге 5,2 млрд теңгесі немесе 99,9%-ы игерілді.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге 6,4 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңге 2,2 млрд теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,5 млрд теңге (о.і. РБ - 3,0 млрд теңге, ЖБ - 2,5 млрд теңге) бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,8 млрд теңге (ЖБ) (Талас ауданы Қаратау қаласындағы 200 орындық орталық аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңарту, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне кіреберіс салу, Тараз қаласында компьютерлік томография мен маммография модульдеріне арналған гараж құрылысы) қарастырылды.
2026 жылдың қаңтар-маусымында қатерлі ісіктермен, психикалық бұзылу, туберкулез ауруларымен алғашқы сырқаттанушылықтың өсуі және қант диабетімен, наркологиялық, мерез және қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.
Ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді (Тараз қ. - 2 жағдай, басқа медициналық ұйымдар – 1 жағдай).
Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 383 медициналық ұйымды қамтиды, оның ішінде 26 ауруханалық, 140 амбулаториялық-емханалық, 59 фельдшерлік-акушерлік, 146 медициналық пункт (оның ішінде 6 медицина қызметкері) және 6 басқа ұйымдар.