Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында

    айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

    ЖОСПАРЫ

    Р/с №

    Іс-шараның атауы

    Іске асыру мерзімдері

    Жауапты орындаушылар

    Орындалуы

    1.

    Құлан ауылындағы К.Бекебаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғыртудан өткізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Облыс әкімдігінің құрылыс, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    К.Бекебаев атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу (реконструкция) жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2,5 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. Жоба құны – 456,5 млн.теңгені құрайды.

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 2025 жылдың 5-7 ақпан аралығында Астана қаласына ҚР Ұлттық Экономика министрлігімен жобаны қаржыландыруға ұсыну мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, алдағы республикалық бюджет нақтылауына ұсыныс енгізілді. Қаражат қарастырылуы күтілуде.

    2.

    «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің 398 шақырымындағы (Көкдөнен айналма жолы) көпірдің бүлінген жерін қалпына келтіру үшін тиісті министрлікке ұсыныс енгізу

    2026 жыл

    қаңтар айы

    әрі қарай тұрақты бақылау

    Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау),

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданды.

    КазАвтоЖол мекемесі аталған көпірді авариялық деп танып, күрделі жөндеу бойынша көпір жұмысын уақытша тоқтатты.

    3.

    «Дулат баба» кесенесі аумағында орналасқан кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы ,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Кәріз жүйесін салу үшін 2024 жылы 368,0 млн теңгеге ЖСҚ әзірленген болатын.

    Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Республикалық бюджетке өтінім ұсынылған. Бүгінгі күнге қаражат күтілуде.

    4.

    Жеке кәсіпкер «Cұлтанов Сәбит» тауық жұмыртқасын терең өңдеу (меланша өнімін өндіру) зауытын салу жобасын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары аясында несие беру мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Берілген тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі тарапынан облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына инвестициялық жобаға енгізу және «Тараз» ӘКК» арқылы қаржыландыру мәселесі бойынша сұраныс хаты жолданды. Қазіргі уақытта жауап күтілуде. Қосымша жеңілдетілген қаржы көздері қарастырылуда.

    5.

    Д.Қонаев есімін білім беру мекемелеріне, көше, парк, сквер немесе басқа да мекемелерге беру мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    (жинақтау)

    Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С.Сәлемовтың төрағалығымен өткен идеология саласы бойынша 2026 жылдың 14 қаңтарында өткен №1 алқа мәжілісінде ономастика саласындағы барлық атау беру, қайта атау жұмыстары уақытша тоқтатылғандығы туралы тапсырма берілген.

    6.

    Аудандық орталық ауруханасын тіс дәрігері (ургентный) маманымен қамтамасыз ету

    2026 жыл

    І-тоқсан

    Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында ургентті стоматологиялық қызмет ұйымдастырылған. Атап айтқанда, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ургентті стоматологтың кезекшілігі қамтамасыз етілді. Ай сайын аурухана бойынша кезекшілік кестесі жасалып, бас дәрігердің қолымен бекітіледі. Стоматологиялық шұғыл көмек қажет болған жағдайда, кезекші дәрігердің нұсқауы бойынша ургентті стоматолог қабылдау бөліміне шақырылады.

    7.

    Ауданда белсенді ұзақ өмір орталығын ашу мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Белсенді ұзақ өмір орталығының қажеттілігінің болмауына байланысты қаражат бөлінгенбеген, орталықты ашу жоспарда жоқ.

    8.

    Жақсылық ауылы маңындағы өзеннен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында науа (лоток) салу арқылы тау суын жеткізу мәселесін қарастыру

    2026 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау), «Қазсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша)

    Ауыл тұрғындары 12 шақырым бетон канал салып беруді сұраған. Алайда ауылға келетін арық (канал) ешбір жерде тіркелмеген және тиісті құжаттары жоқ. Осыған байланысты 12 шақырым аумаққа бетон канал салу үшін қаражат бөлінбейтіні тұрғындарға түсіндірілді.

    9.

    Осал топтарындағы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің құрылыс сапасына тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдау

    2026 жыл

    І-тоқсан

    Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдерінен жұмысшы топ жасақталып, 2026 жылғы 11 ақпанда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

    Тексеру нәтижелері бойынша нысанда айтарлықтай ірі құрылыс кемшіліктері анықталған жоқ. Пәтер кілтінің 2024 жылы табысталғанын ескере отырып, жекелеген косметикалық сипаттағы кемшіліктер бары анықталды.

    Сонымен қатар, зерделеу жұмыстарына тәуелсіз сараптама және бағалау жүргізуші сарапшы қатысып, нысанның техникалық жай-күйіне қатысты №21 от 11.02.2026 жылы оң қорытынды алынды.

    Жүктеу
    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026-2027 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкі...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекке ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы13 қыркүйекке ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы шілде айы бойынша келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысы

    Ақпарат Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы шілде айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан ке...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулының қосымшасына сәйке...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 ЖЫЛҒЫ 31 ШІЛДЕДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АҚПАРАТЫ

    2026 ЖЫЛҒЫ 31 ШІЛДЕДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АҚПАРАТЫ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәс...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

    Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушылар Орындалу барысы 1. Қордай...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушылар Орындалуы туралы мәлім...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды: