Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында

    айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

    ЖОСПАРЫ

    №

    Іс-шараның атауы

    Іске асыру мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Орындалуы туралы мәлімет

    1

    Шөңгер, Ақыртөбе, Р.Сабденов ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізсін

    2025 жылдың соңына дейін

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Шөңгер, Р.Сәбденов ауылдарындағы ауыз су жүйесі 2025 жылы пайдалануға берілді.

    Ақыртөбе ауылындағы су имаратына қайта жаңғырту (реконструкция) жобасына оң сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 1,4 млрд теңге.

    2

    Луговой ауылындағы темір жол торабында орналасқан вокзалдың айналасын жөндеу, жаңарту және ретке келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу

    01.07.2024 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Түрксіб вокзалы құрылысы «Қазақстан темір жолы» АҚ мекемесі тарапынан жүргізілуде.

    Мердігер – «Интеллект Азия» ЖШС

    Техникалық қадағалаушы – «Boss-Строй» ЖШС

    Авторлық қадағалаушы – «Интерайнс» ЖШС

    Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарына ЖСҚ 210,0 млн.теңгеге әзірленіп, 21,0 млн.теңге аудандық бюджетке қойылды.

    3

    Сұмқайты елді мекеніне табиғи газ тарту, жол салу үшін қаражат қарастыру мәселесін пысықтау

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары басқармалары,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Сұмқайты ауылын (63 адам) газдандыруға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары демеуші тарапынан жасалынып (2025 жылы), жоба құны 218,2 млн. теңгені құрады. Ал жол құрылысы бойынша қаржы бөлінді, мердігер ПМК-109 анықталып, жұмыстар жүргізілді.

    4

    Қайыңды ауылына кіре беріс 5 шақырым жолды жөндеуге ЖСҚ әзірлеу

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Облыстық мәндегі «Қайынды ауылына кіре беріс» 5,12 шақырым жолды жөндеуге 240 млн теңге құрайтын жоба әзірленіп, 2026 жылдың наурыз айында сараптама қорытындысы алынған. Қаржы қарастыру бойынша Жол басқармасына жолданған.

    Аталмыш жобаны жөндеу бойынша 2021 жылы 115,4 млн. теңге құрайтын ЖСҚ әзірленген, алайда қолдау таппаған.

    5

    К.Бекебаев атындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін (ЖСҚ әзірленген, 456 млн. теңге) қаражат қарастыру мәселесін пысықтау

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (жинақтау),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    К.Бекебаев атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу (реконструкция) жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2,5 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. Жоба құны – 456,5 млн.теңгені құрайды.

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 2025 жылдың 5-7 ақпан аралығында Астана қаласына ҚР Ұлттық Экономика министрлігімен жобаны қаржыландыруға ұсыну мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, алдағы республикалық бюджет нақтылауына ұсыныс енгізілді. Қаражат қарастырылуы күтілуде.

    6

    Көгершін ауылына қосымша дәрігерлік амбулатория салу немесе ұлғайту бойынша ұсыныс әзірлеу және тиісті мекемеге енгізу

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

    облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Көгершін ауылы Көгершін дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының қосымша жапсарлас құрылысы бойынша смета жасалынып, 17.03.2023 жылы №ТКЭ-0073/23 нөмерлі оң сараптама алынып, барлық құжаттар Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына берілді, қаржы бөлінуі күтілуде.

    7

    Ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша шетелдік инвесторлармен заңға сәйкес жұмыстарды жүргізіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнату

    Тұрақты

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    2024 жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,0 млрд. теңгені құрап, 143,1%-ға орындалды (2023 ж. 6,3 млрд.теңге).

    2024 жылы 4 ірі Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, қомақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылданды.

    Анықтама үшін:

    А.ж 19 сәуірде - Қытай Халық Республикасының «Сhi Ling» компаниясымен тері-жүн өңдейтін кәсіпорын ашу бойынша;

    А.ж. 23 мамырда - жобалық құны 500 млн АҚШ долларды құрайтын күн электр станциясы салу бойынша;

    А.ж. 2 тамызда - ауданда жүзеге асыруға болатын негізгі 7 бағыт бойынша Қытай Халық Республикасының «Wuhan Top Resources Holdings Co., Ltd» компаниясы, «Ferrum-Vtor» металлургия зауыты, «КазПромЛит» ЖШС-і;

    А.ж. 10 тамызда –швециялық «VOLVO» арнайы техникаларының баламасын өндіруші Қытайлық «SDLG» компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьютері «Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan» ЖШС-імен ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша

    8

    Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылын бөлек ауылдық округ ретінде бөлу мәселесін заңға сәйкес қарастырып, жауабын беру

    01.07.2024 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    «ҚР Әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне хаттамасы әзірленді.

    Жалпы зерделей келе 1600 халқы бар Қызылшаруа ауылын ауылдық округ ретінде бөлуге негіз жоқ.

    9

    Құлан ауылы, Панфилов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау

    31.12.2024 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығының 17 тармағына сәйкес, үй кеңесінің (2021 жылдың қаңтар айында құрылған) шешімімен мердігер компания «BATConsalt» ЖШС-гі таңдалып, 2024 жылдың 15 шілдесінде үш жақты келісім шарт жасалынып, мердігер компания өз қаражаты есебінен көп қабатты тұрғын үйлердің жер төлесін (әктеу, дезифекцмялау, тас төсеу) тазалау, жарық шамдарын орнату, ыстық және суық су жүйелерін ауыстырды.

    Республикалық бюджеттен «Облыстық бюджеттерге кредит беру, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу» бағдарламасы бойынша Құлан ауылындағы 4 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылға бюджеттік кредит түрінде 185,7 млн.теңге қаржы бөлінді.

    Жылу жүйелері толықтай ауыстырылып, орталық жылу жүйесіне қосылды.

    Сонымен қатар, тұрмысы төмен және көп балалалы отбасылар тұратын төртінші тұрғын үйдің 80 пәтер ішіндегі жылу жүйелері демеушілер есебінен ауыстырылды.

    Аудан әкімдігінің үйлестіруімен қосымша құрылысшыларды тарта отырып, қысқа уақыт ішінде 4 үйдің шатырын жабу жұмыстары атқарылды.

    Жобалық сметалық құжаттама бойынша атқарылуы тиіс тұрғын үйдің қас бетін бояу, кіреберіс дәлізін әктеу, сырлау жұмыстары және электр желісін щиттарымен қоса ауыстыру жұмыстары атқарылды.

    Операторлық қызмет көрсетуші “Құлан Энерго Жылу” ШЖҚ КМК – ны.

    Құрылыс жұмыстарына техникалық қадағалаушы «Индустрой Инжиниринг» ЖШС-гі.

    10

    Ақыртөбе ауылының ортасына жылдамдық өлшегіш камерасын орнату мүмкіндігін қарастыру

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто дәлізінің Ақыртөбе ауылынан өтетін 438+434 шақырым аралығына бейне бақылау камерасын орнату бойынша Жамбыл облыстық ПД-не және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалына хаттар жолданып, жылдамдықты өлшегіш камера орнатылды.

    11

    Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізінде орналасқан көпірдің (Құлан-Луговой ауылының ортасындағы) астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто дәлізінің Құлан-Луговой ауылдарының маңында орналасқан көпірдің астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша Жамбыл облысы полиция департаментіне және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалына ұсыныс хаттар жолданды.

    12

    Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына (Қарағанды, Астана бағытына баратын үлкен жүк көліктері сол таразыдан айналып өту үшін Луговой ауылының ішімен өтуде) орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша Жамбыл облысы полиция департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы, «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалына ұсыныс хат жолданды.

    13

    Абай ауылдық округіне мәдениет үйін және спорт кешенін салу бойынша ұсыныс енгізу

    2024 жылдың соңына дейін

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Абай ауылдық округі, Көкарық ауылына 140 орындық мәдениет үйі құрылысының ЖСҚ-сы дайын, Сараптама қортындысы №СAPC-0239/22 2022 жылы 16 желтоқсанда алынған. Бюджеттік, өтінім облыстық экономика басқармасына өткізілді. Жамбыл облысының "Даму жоспарына" сәйкес құрылыс жұмыстарын 2027 жылы жүргізу жоспарлануда.

    Спорт кешенін салу мақсатында ауыл әкімінің тарапынан жер телімі анықталып қажетті жұмыстар жүргізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023-2027 жылдарға бекітілген бас жоспарына Абай ауылына дене шынықтыру спорт кешенін соғу туралы ұсыныс берілген. Абай ауылы аудан орталығына жақын орналасқанына байланысты және Еңбекші ауылы (спутник) елді мекенінің қатарына кіруіне байланысты спорт кешені салынбайды.

    14

    Бос тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын тиімді пайдалану бойынша ұсыныс беру

    01.06.2024 жыл

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

    облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Бұрын туберкулезге қарсы диспансер болған ғимаратты әрі қарай пайдалану мақсатында тиісті ұсыныстар облыстық денсаулық сақтау басқармасына және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолданған.

    Бүгінгі күнге, ауданда мекемелерді қосымша ғимаратпен қамту немесе көшіру қажеттілігі жоқ.

    15

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің барлық түрін (агро оқыту, арзандатылған бағада дизель отынын алу, тыңайтқыштарды алу т.с.с.) тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандыру

    Тұрақты

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2024 жылы ауылдық округтерді аралап агрооқыту жүргізілді. Шаруалармен кездесу барысында шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен субсидиялау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 128 техника сатып алынып, АШ техникасының паркі 13 пайызға жаңартылса, 2024 жылдың басынан 1,102 млрд теңгеге 83 бірлік АШ техникалары сатып алынды. 2024 жылы 6785,4 тонна тыңайтқышқа тапсырыс беріліп, 25 498,6 гектар алқапқа сіңірілді.

    16

    Аудандағы ағын судың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, ауыл шаруашылығы мақсатында шаруа қожалықтардың дұрыс әрі тиімді пайдалануын қадағалау

    Вегетациялық кезең аяқталғанға дейін

    Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мен «Қазсушар» РМК мамандары тарапынан тәлімді егістік алқаптарына ағын суды қажет ететін дақылдардың орналастырылуына жол бермеу мақсатында және келісім-шартқа тұрмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы жерлерге су берілмейтіндігі түсіндірілді. Қазіргі уақытта ағын сулары суармалы егістік алқаптарына ғана берілуде.

    17

    Жарлысу ауылындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешілгенге дейін қатаң бақылауда ұстау

    Тұрақты

    Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 414,4 млн. теңге жүргізілген. Мердігер «Жигер-2004» ЖШС.

    Бірқатар іс-шаралар атқарылып, бүгінгі күнге 4 ұңғыма қазылып, мембраналық қондырғы орнатылып, тұрғындарға таза ауыз су берілуде.

    Дегенмен, елді мекеннің жоғары бөлігінде орналасқан Тастанбек көшесіндегі 10-15 тұрғын үйге таза ауыз су жетпеуде.

    Аталған мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, біршама елді мекен тұрғындары есептегіш құралдардың жоқтығынан немесе істен шыққанына байланысты таза ауыз суды мақсатсыз (бау бақшаларын суару, бей берекет ағызу және үй жануарларына) пайдаланып жүргендігі анықталып, жергілікті бюджет қаржысына 190 дана есептегіш құралын сатып алынып, толық орнатылды, қосымша 2 дана су сорғыш насосы орнатылып, ауылға су берілді.

    18

    Ақыртөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйін және Жаңатұрмыс ауылындағы құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Ақыртөбе ауылынан 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілді. Мердігер «AKM Group» ЖШС. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілді.

    Жаңатұрмыс ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізілді. Мердігер «НұрТұрсын» ЖШС. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілді.

    19

    Ауданға қатысты әлеуметтік желідегі сын ескертпелердің барлығына дер кезінде жауап беріп, оларды қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастырсын

    Тұрақты

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Әлеуметтік желілерде сын ескертпелер дер кезінде жауап беріліп, шешу жолдары тұрақты бақылауда.

    20

    Аудандық мектептердің рейтінгі мәселесі бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, облыстық 109 анықтама бюросының телефон нөмірлерін мектептерге орналастыру жұмыстарын жүргізу

    01.09.2024 жыл

    Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 39 мектеп, 14 бөбекжай бақшалары, 5 қосымша білім беру мекемесі, 1 педагогикалық-психологиялық түзету мекемесіне 109 анықтама бюросының телефон номерлерін орналастыру туралы жұмыстар жүргізіліп, орнатылды.

    21

    Балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша (тиым салынған көл-тоғандарға шомылу және т.б.) түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жазғы сауықтыру лагеріне жіберу мәселесін қарастырсын

    01.06.2024 жыл

    Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Жазғы науқанды ұйымдастыру, сондай-ақ балалардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу және болдырмау мақсатында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» атты жас ерекшеліктері бойынша мектеп оқушыларына гайдбуктер (жадынамалар) таратылды. Осы мақсатта, біз жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі «Жазғы демалыс» қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынама әзірлеп, білім мекемелеріне, ата-аналар чаттарына таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Сонымен қатар, жазғы маусымда балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында білім бөлімі тарапынан су тоғандарына жақын маңда орналасқан мектептерде кезекшілік кестесі бекітілді.

    ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы «ҚР Оқу ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» атты №581 қаулысының балаларды сауықтыру, демалысын ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, 2024 жылы мектеп жанындағы лагерьлерге 9772-оқушы, қала сыртындағы лагерьлерге 350 оқушы қамтылды.

    22

    Кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс жүргізу бойынша ювеналды инспекторлардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу

    Шешімін тапқанға дейін тұрақты

    Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы (15/1-4-34/1132-И 15.04.2021 ж.) 2023 жылғы 12 айдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жүктемелерін есептеп, қосымша 102 штат бөлуі туралы ұсыныс ҚР ІІМ-ге жолданған.

    Алайда, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайтуға, мораторий белгілеп және қатаң үнемдеу режимін 2 жылға енгізуіне байланысты Жамбыл облысы Полиция департаменті Тұрар Рысқұлов атындағы ауданы полиция бөлімінің штаттық санын ұлғайтуды, мораторийдің күші жойылғаннан кейінге қалдырылды.

    23

    Малдыбай ауылы тұрғындарының (сот процесі жүріп жатыр) жер мәселесін бақылауға алу (пай үлескерлері туралы)

    Шешімін тапқанға дейін тұрақты

    Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы Іс №3150-22-00-2/342 шешімімен және атқару парағына сәйкес 31 пай үлескерлерге ауданы 4,0 гектардан 124,0 гектар жер учаскесі бөлініп беру туралы шешім шыққан.

    Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 19.12.2022 жылғы №3199-22-00-2а/781 қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап арызыңыз ҚР жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 26.06.2023 жылғы №6001-23-00-3Г/2423(2) санды қаулысымен қараусыз қалдырылған.

    Сот шешіміне сәйкес 31 жер үлескерлер есебінен ауданы 124,0 га егістік жер учаскесі «Ауыл» шаруа қожалығына (басшысы Ж.Турапов) Т.Рысқұлов аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссиясының 31.01.2024 жылғы №43 қорытынды хаттамасының негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 29.03.2024 жылғы №91 қаулысымен 20 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен рәсімделіп берілген.

    24

    Мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген дизель отынының лимитін көбейту бойынша және дизель отынын алу мәселесі бойынша шаруаларға түсіндіру және қолдау шараларын жүргізіп, заңға сәйкес таратылуына ықпал ету

    Тұрақты

    Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Аудан әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округі әкімшіліктері тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шаруаларға жеңілдетілген бағада көктемгі дала жұмыстарына 120 шаруа қожалықтары 2609,9 тонна дизель отынына өтінім беріліп, толық таратылған. Таратушы оператор «Wedo Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Күзгі далалық жұмыстарына 3346,3 тоннаға тапсырыс беріліп, оның 3346,3 тоннасы толық шаруа қожалықтарына таратылды.

    25

    Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау

    01.06.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізілді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес электр желісі мен бағандарын ауыстыру қажеттігі анықталып, ауыстырылды.

    26

    Аудан аумағында орналасқан оңалту орталығындағы балаларды тасымалдау үшін қосымша көлік (инватакси) қарастыру бойынша ұсыныс беру

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

    облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не 2023 жылы қыркүйек айында мүгедектігі бар балаларды тасымалдауға арналған 7 орындық Газель-NEXT инва такси арнаулы көлігі алынды.

    2024 жылдың наурыз айында өткен облыстық мәжіліс депутаттарының кезекті отырысының шешімімен мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған автобусты алу мақсатында облыстық бюджеттен 35 000 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, сатып алынды.

    27

    Бала күнінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де (мүгедектікті қайта-қайта өтпеу үшін) мүгедектікті өмір бойы беру мәселесін қарастыру бойынша ұсыныс беру

    01.07.2024 жыл

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

    облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (жинақтау),

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №260 бұйрығында бала күннен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де мүгедектікті өмір бойына беру мәселесі қарастырылмаған.

    28

    Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйді беру жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу

    01.08.2024 жыл

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты 2 тұрғын үйдің 180 пәтер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес толығымен берілді.

    29

    Құлан агротехникалық жоғарғы колледжіне Қазақстан Республикасының «Еңбек ері» С.Дөненбаевтың есімін беру мүмкіндігін заңға сәйкес қарастыру

    2024 жылдың соңына дейін

    Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Ауданда орналасқан Құлан агротехникалық жоғары колледжіне Дөненбаев Сайранбайдың есімін беру мәселесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

    Аталған талаптарға сәйкес, ұсынылып отырған тұлғаның деректері алдымен тарихи тұлғалар тізіміне енгізілуі қажет. Ол үшін тиісті құжаттар топтамасы әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылуы тиіс.

    Аталған тұлға тарихи тұлғалар тізіміне енгізілген жағдайда ғана білім беру ұйымына есім беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

    30

    Қорағаты ауылдық округі, Қорағаты стансасын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Қорағаты станциясын (163 адам) газдандыруға жобалық сметалық құжаттамасы 22,5 млн. әзірленіп, елді мекенді газдандыру бойынша жобалық құны 197,5 млн. теңгені құрады.

    31

    Аудандық емхананы қайта жаңғырту және жаңа құрылыс жүргізу үшін қаражат қарастыру

    01.08.2024 жыл

    Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

    облыс әкімдігінің құрлысы басқармасы, денсаулық сақтау басқармалары,

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

    Аудандық аурухананың 260 келушіге арналған аудандық емхана бөлімі бейімделген ғимаратта орналасқан, осы ғимаратты типтендіру мақсатында қосымша құрылыс жүргізуге құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжат дайындалып мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Аудандық емхананың қосымша құрылысы (500,0 млн теңге), 2026 жылға өтпелі (673,0 млн теңге), жобалық- сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптама алынған. Құрылыс жоспарына енгізілді.

    32

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстарды заңға сәйкес жүргізу

    2024 жылдың соңына дейін

    Т.Рысқұлов ауданының әкімі

    2024 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жоспары Жамбыл облысы жер қатынастары басқармасымен 6 000 гектар болып бекітілді.

    Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сот №3115-24-00-2/101 шешімімен «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 45000,0 гектар жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

    Жүктеу
    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    Облыс әкімінің 2024 жылы Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
    DOCX · 49 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026-2027 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкі...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекке ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы13 қыркүйекке ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы шілде айы бойынша келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысы

    Ақпарат Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы шілде айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан ке...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулының қосымшасына сәйке...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 ЖЫЛҒЫ 31 ШІЛДЕДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АҚПАРАТЫ

    2026 ЖЫЛҒЫ 31 ШІЛДЕДЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АҚПАРАТЫ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәс...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

    Облыс әкімінің Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімі Жауапты орындаушылар Орындалу барысы 1. Қордай...

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Облыс әкімінің 2025 жылғы Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ Р/с № Іс-шараның атауы Іске асыру мерзімдері Жауапты орындаушылар Орындалуы 1....

    Жамбыл облысының әкімдігіЖарияланды: