Облыс әкімінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен
ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде ақпарат
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
1. |
Аудандық орталық аурухананы реконструкциялау және жапсаржай салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу. |
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Жамбыл аудандық ауруханасының ғимараты 2004 жылы пайдалануға берілген, сол уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың жалпы ауданы 5329,7 м2, сыйымдылығы 115 төсек-орнын құрайды. 2024 жылдың қыркүйек айында жобалық-сметалық құжаттамалары толығымен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алынған. Қазіргі таңда аталған жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Орындалу үстінде. |
2. |
Аудандық ауруханада орналасқан жеделсатының (лифт) техникалық жай-күйін тексеріп, 2026 жылдың наурыз айына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
2026 жыл 1 наурыз |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандық емхана ғимараты 2013 жылы қолданысқа берілген. Емхана ауысымына 250 келушіге арналған.. Сонымен қатар, аудандық емхананың ғимаратының 3-ші қабатында «Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ филиалы орналасқан. Орталық 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, 25 балаға арналған. Бүгінгі күнге 1,5-15 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 23 бала оңалту шараларын қабылдауда. Ағымдағы жылдың 10 ақпанында аудандық емхананың жүк көтерімділігі 1 тонналық 1 лифтің жөндеуіне "Lift Pro Service" ЖШС-мен №990240002166/260044/00 келісім-шарты жасалып, жөндеу жұмыстары 1 наурыз күні аяқталып, бүгінгі күнге емхананың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифті үздіксіз жұмыс жасап тұр. Орындалды. |
3. |
Бесағаш ауылынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін «Қазақ ғылыми егіншілік шаруашылығы» ЖШС-нің 28 гектар жер телімі бойынша тиісті жұмыстар жүргізу. |
2026 жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Бесағаш ауылының бас жоспарына енгізілген «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не тиесілі көлемі 28,89 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу мақсатында өтем ретінде Қызылқайнар ауылынан 50 гектар және Жамбыл ауылдық округінен 49 гектар баламалы жер учаскелері ұсынылды. Алайда серіктестік ұсынылған жер учаскелерін қабылдаудан бас тартуына байланысты қазіргі уақытта аталған жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде сотқа талап арыз дайындалуда. Орындалу үстінде. |
4 |
«QazGazAymaq» АҚ-ның Жамбыл аудандық филиалы басшысының аудан тұрғындарымен кездесуін, газ тұтыну есептегіштеріне (счетчик) қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру |
2026 жыл 1 ақпанға дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан аумағында «QazGazAymaq» АҚ-ның Жамбыл аудандық филиалы басшысының қатысуымен барлық ауылдарда газ тұтыну есептегіштеріне (счетчик) қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта мәселе қатаң бақылауға алынып, түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Орындалды. |
5 |
Жамбыл ауданындағы елді мекендерде және Аса ауылында мобильді интернет мәселесін шешу. 2026 жылдың қаңтар айында тұрғындармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2026 жыл қаңтар айы |
Облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
2026 жылдың 28 қаңтар күні облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ш.Амантуров пен жауапты қызметкерімен Аса ауылындағы мобильді интернет мәселесін шешу үшін ауыл тұрғындарымен және мобильді интернетті қамтамасыз ететін негізгі операторлары (Kcell, Tele2) шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Tele2-нің антеннасы қойылды. Орындалды. |
6. |
Ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инвестиция тарту жұмыстарын жандандырып, өндірістік және сервистік бағыттағы жаңа кәсіпорындар ашу. |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
2026 жылға ауданға 39,5 млрд теңге инвестиция тарту жөнінде индикаторлық көрсеткіш белгіленген. Қазіргі таңда аудан аумағында 12 инвестициялық жобаның (жоба құны: 63,0 млрд) құрылысы басталып, мерзімдеріне сәйкес іске асыру жоспарлануда. Жобалар толық іске қосылуымен 258 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Орындалу үстінде |
7. |
Аса ауылында орналасқан «Амангелді ГӨЗ» ЖШС мұнай өңдеу зауытынан шығатын жағымсыз иісті болдырмау мақсатында экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес нақты шаралар қабылдау. |
2026 жыл соңына дейін |
Жамбыл облысы экология департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Аса ауылында орналасқан «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытынан шығатын жағымсыз иістің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жамбыл ауданы әкімдігінің сұранысы негізінде ағымдағы жылдың 29-30 маусым күндері Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының мамандары Аса ауылының атмосфералық ауасынан сынамалар алып, зертханалық зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесі Жамбыл облысы экология департаментіне жолданып, департамент тарапынан 2026 жылғы 13–22 шілде аралығында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 321 және 335-баптарының талаптарын бұзғаны анықталды. Аталған заң бұзушылықтарға байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабының 3 және Орындалу үстінде |
8. |
Гродеково ауылдық округінің Қызылдихан елді мекенінде орта мектеп салу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну |
2026 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің құрылыс, білім басқармалары, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау) |
Қазіргі уақытта Қызылдихан ауылында №4 бастауыш мектебі жұмыс жасайды (ғимарат жеке меншік иелігінде), жобалық сыйымдылығы 36 орындық, 35 бала білім алуда, 1966 жылы салынған, ынғайласқан ғимаратта орналасқан. Қызылдихан ауылында тұратын 137 оқушы (5-11 сынып) 1 шақырым жерде орналасқан Гродеково орта мектебіне жаяу барып білім алуда. 150 орындық мектеп құрылысының жері әзірленіп, жобалық сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Қазіргі таңда аталған жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Орындалу үстінде. |