2026 жылдың 19 сәуірінде өткізілген Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімінің сайлауының қорытынды ХАБАРЫ

    ·

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылдың 19 сәуірінде Қызылорда қаласындағы Белкөл кенті әкімінің сайлауы өткізілді.

    Белкөл кенті әкімінің сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №221, №236 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Белкөл кенті әкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.

    Белкөлкенті әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізіміне 2985 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 2122 адам немесе 71,09 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 6 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 3.

    Дауыс беру нәтижесінде кандидат Жүсіпов Асқар Орманбекұлы үшін – 169 дауыс, кандидат Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы үшін – 210 дауыс, кандидат Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы үшін – 1670 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 70 дауыс берілді.

    Дауыс беру қорытындысымен Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы Қызылорда қаласы Белкөлкенті әкімі болып сайланды.

    Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы – 1987 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы Белкөл кентінің әкімі. Қызылорда қаласында тұрады. «АMANAT» партиясының мүшесі, «АMANAT» партиясы ұсынған.

    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 20 сәуірдегі №21 шешімімен Сәду Жасұлан Хабидуллаұлын Белкөл кентінің әкімі ретінде тіркеді.

    САЙЛАНҒАН ӘКІМГЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ


    2026 жылғы 21 сәуірде Қызылорда қаласы әкімінің актив отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев Белкөл кентінің әкімі ретінде сайланған Сәду Жасұлан Хабидуллаұлына куәлік табыс етті.
    Жасұлан Сәду 1987 жылы 06 қазанда дүниеге келген.
    20 жылдан астам уақыт мемлекеттік құрылымдардағы түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Еңбек жолын ЖШС-де бастап, 2013 жылдан Белкөл кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, кент әкімі қызметтерін атқарған.
    Сайлауда «АMANAT»партиясы ұсынған.

    Қызылорда қалалықсайлау комиссиясы

    Жүктеу
    ae0aec1bd4c62a5200e622057f2339c4_original.14333.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1586 қаулысы

    «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 1319 қау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Қызылорда қаласы Әуежай жолы (Көк су) 3х6 2 Талсуат ауылы Абай Құнанбаев көшесі 2х3 3 Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы («Small» СО) 3х6 4 Белкөл кенті Орталық көше 3х6 5 Қыз...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    04.2026 ж. Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Науры – берекелі, Наурыз мерекелі» тақырыбы аясында «ҚЗҚ ҚБ» Қызылорда облыстық филиалы, мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс. 04.2026 ж. Жастар және жасөспірімдер арасын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026 жылғы II-тоқсан қорытындылары туралы ақпарат

    Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 276 183 м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың II-тоқсанында" Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі " КММ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер.

    «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-не ағымдағы жылы бөлінген қаржы 62 918,6млн. теңгені құрады. Оның ішінде РБ-дан 400,0 млн. теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ОБ-дан 2 197,6 млн. теңге, ОБ-дан 60 097...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР 922мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 206 854көрермен тартылған. Ақпарат ретінде: 2025 жылдың 121829мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 332111көрермен тартылған. МЕМЛ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi

    Қызылорда қаласы әкімінің 2026 жылғы «21» мамырдағы № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi № 172 сайлау учас...

    Жарияланды: