Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026 жылғы II-тоқсан қорытындылары туралы ақпарат

    ·

    Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

    Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 276 183 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,0%-ды құрады. Облыстағы үлесі 49,2%.

    Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 8,7% төмендеген (2025 жылғы қаңтар-маусым –1190,2 мың тонна, 2026 жылы қаңтар-маусым –1086,6 мың тонна).

    Өңдеуші өнеркәсіп саласында 49 136 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 127,5%-ға артты. Негізгі өсім кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 15,1%-ға,тамақ өнімдерін өндіру – 13,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 71,2%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 61,9%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіру – 15,2%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату – 5,5%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстағы үлесі 22,9%.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2 897,9 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 104,4%-ды құрады. Облыстағы үлесі 8,3%.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 168 030 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,8% -ды құрады. Облыстағы үлесі 49,6%. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 116 124 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 116,9 % -ға артты.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 73 008 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 114,8% -ға артты . Облыстағы үлесі 46,3%.

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 201 399 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,5%-ды құрады. Облыстағы үлесі 56,7%.

    Қала бюджетінің 2026 жылдың 1 шілдесіне кірістер жоспары (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 79 143,0 млн. теңгені құрап, 79 739,7 млн. теңгеге немесе 100,8% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 31 779,8 млн. теңгенің орнына 32 363,6 млн.теңгеге немесе 583,8 млн. теңгеге артығымен орындалды. (101,8%)

    Қала бюджетінің шығыстар жоспары 79 645,9 млн. теңге болса, 79 622,9 млн. теңгеге немесе 100% игерілді. (22,9 млн. теңге қалдық).

    Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 32 665 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 31 248 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 92,6 % құрады.

    Бөлшек сауда көлемі 241 267,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 102,0% -ға артты. Облыстағы үлесі 87,1%. Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 431,2млрд. теңгені құрайтын 34инвестициялықжобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 22 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.

    Іске қосылған жобалар:

    1) «Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд. теңге (2024 ж).

    2) «Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн. теңге (2024 ж).

    3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны 1,2 млрд. теңге (2024 ж).

    4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн. теңге (2024 ж).

    5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 20,9 млрд. теңге (2024 ж).

    6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн. теңге (2024 ж).

    7) « Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге (2024 ж).

    8) « Қызылорда Саз-М » ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрд. теңге (2025 ж).

    9) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге (2025 ж).

    10) «Панабек» ЖШС-нің орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіріс кеңейту жобасы. Құны 250 млн. теңге (2025 ж).

    11) «Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 2,2 млрд. теңге (2025 ж).

    12) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд. теңге (2025 ж).

    13) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд. теңге (2025 ж).

    14) ЖК Тұмар – шағын өндірістік алаңы, құны – 526 млн.теңге(2025 ж).

    15) "AEG GRAND HALL" ЖК мейрамхана ашу жобасы, құны 1,26 млрд. теңге(2025 ж).

    16) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің шағын өндірістік алаңы. Құны 526 млн. теңге (2025 ж).

    17) «Алтын Орда» ЖШС-нің аз тұзын өндіру зауыты, құны
    1,5 млрд. теңге (2025 ж).

    18) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд. теңге (2025 ж).

    19) «Orhun Medical» ЖШС-нің ПЭТ/КТ орталығы, құны
    4,0 млрд.теңге(2025 ж).

    20) «Абзал и К» ТС күріш ақтау зауыты, құны 1,0 млрд. теңге(2025 ж).

    21) " Марал Нұр" ЖШС-нің "Цифрлық депо" жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасы. Құны 5,6 млрд. теңге (2026 ж).

    22) «Алаш Метан» ЖШС жол бойы сервис көрсету пунктін салу және пайдалану жобасы, құны 600 млн. теңге(2026 ж).

    Іске асырылу сатысындағы жобалар:

    23) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 6,7 млрд. теңге (2026 ж).

    24) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд. теңге (2027-2029 жж).

    25) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд. теңге (2026 ж).

    26) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 5,5 млрд. теңге (2026-2027 жж).

    27) « Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 60 млрд. теңге (2026-2027 жж).

    28) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд. теңге (2026-2028 жж).

    29) «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің қуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 150 млн. теңге (2025 ж).

    30) «Рем - Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн. теңге (2026 ж).

    31 ) "Дезинфекция" ЖШС-нің қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу жобасы. Құны 350 млн. теңге (2026 ж).

    32) «Qyzylorda Bitum» ЖШС-нің Қызылорда қаласында жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылыс жобасы. Құны 800 млн. теңге (2026-2027 жж).

    33) "Altyn Gimarat" ЖШС-нің 150 номерлі 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы. Құны 10,0 млрд. теңге (2026 ж).

    34) «Қаракөз Плаза» ЖШС қонақ үй құрылысы, құны 3,5 млрд. теңге(2026 ж).

    2026 жылдың 1 маусымға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 368,9 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,2%. Жұмыс күшінің саны – 150,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,5%.

    2026 жылдың 1 шілдеге тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны -6 634 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.

    Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар 4216, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 1492 адам.

    Жыл басынан бері 1 256 адам қоғамдық жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 174 жас маман ж олданды.

    Қала бойынша 2026 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 404 264 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 109,5 артты, нақты жалақы индексі 98,1 % болып қалыптасты.

    Тұтыну бағасының индексі қаңтар-маусымға өткен жылғы тиісті кезеңге 111,3%. 2026 жылға жоспарланған инфляция деңгейі 9,0 – 11,0%.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1586 қаулысы

    «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 1319 қау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Қызылорда қаласы Әуежай жолы (Көк су) 3х6 2 Талсуат ауылы Абай Құнанбаев көшесі 2х3 3 Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы («Small» СО) 3х6 4 Белкөл кенті Орталық көше 3х6 5 Қыз...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    04.2026 ж. Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Науры – берекелі, Наурыз мерекелі» тақырыбы аясында «ҚЗҚ ҚБ» Қызылорда облыстық филиалы, мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс. 04.2026 ж. Жастар және жасөспірімдер арасын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың II-тоқсанында" Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі " КММ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер.

    «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-не ағымдағы жылы бөлінген қаржы 62 918,6млн. теңгені құрады. Оның ішінде РБ-дан 400,0 млн. теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ОБ-дан 2 197,6 млн. теңге, ОБ-дан 60 097...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР 922мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 206 854көрермен тартылған. Ақпарат ретінде: 2025 жылдың 121829мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 332111көрермен тартылған. МЕМЛ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi

    Қызылорда қаласы әкімінің 2026 жылғы «21» мамырдағы № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi № 172 сайлау учас...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының шешімі

    Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі қорытынды отырысының шешімі:Мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесі бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шару...

    Жарияланды: