2026 жылдың II-тоқсанында" Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі " КММ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер.

    ·

    «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-не ағымдағы жылы бөлінген қаржы 62 918,6 млн. теңгені құрады. Оның ішінде РБ-дан 400,0 млн. теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ОБ-дан 2 197,6 млн. теңге, ОБ-дан 60 097,0 млн. теңге, қалалық бюджеттен 224,0 млн.теңге бөлініп төмендегі жобалар атқарылатын болады:

    1. «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша 52 517,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 1306 пәтер сатып алуға 33 842,5 мың теңге және ипотекалық 15 тұрғын үй (900 пәтер) сатып алу үшін 18 674,5 млн. теңге бөлінді. Алты айдың қорытындысы бойынша 15 107,7 млн.теңге игерілді. Оның ішінде 363,6 млн.теңгеге 2 бөлмелі 7 пәтер және 3 бөлмелі 15 пәтер сатып алынды. Қалған қаржы келісім шарт негізінде аванс ретінде төленді.
    2. «Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 2025 жылы басталған «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылында 67 көшеге электр желілерінің құрылысы» жобасын аяқтауға 1 463,2 млн.теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Сәт Сервис» ЖШС. Жоба құны 1 873,6 млн.теңге. Алты айдың қорытындысы негізінде 1 256,9 млн.теңге атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес төленді. Жоба қабылдау актісімен тапсырылды.
    3. «Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 2024 жылы басталған «Ақсуат ауылдық округіне қарасты жаңа қоныс аумағының электр желісі» жобасын аяқтауға 341,2 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 41,3 км, ВЛ 10 кВ-11,3 км электр желісі 560 тұрғын үйге жүргізілетін болады. Жоба құны 1 004,9 млн.теңгені құрайды. Жоба сәуір айында қабылдау актісімен тапсырылып 312,0 млн.теңге игерілді.
    4. Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 2024 жылы басталған «Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату желілерін қайта жаңғырту» жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 393,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 44,7 км, ВЛ 10 кВ-10,2 км электр желісі 672 тұрғын үйге жүргізілетін болады. Жоба құны 1 166,5 млн.теңгені құрайды. Мердігер мекеме «Ақнұр Авто» ЖШС-і. Алты айдың қорытындысы негізінде 356,9 млн.теңге атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төленді.
    5. «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы басталған «Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 2-ші іске қосу кешені» жобасын жалғастыруға РБ-дан 400,0 млн.теңге және қаңтар айында облыстық бюджеттен 214,5 млн.теңге қаржы бөлініп ақпан айында толықтай игерілді. 2024 жылы қалалық бюджеттен 112,2 млн.теңге қаржы бөлінген. Жоба құны 1 087,9 млн.теңгені құрайды. Мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС-і. Жобаны аяқтауға 361,2 млн.теңге қажет.
    6. «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту,жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасы шеңберінде қаңтар айында облыстық бюджеттен төмендегі жобаларға қаржы бөлінді:
      • «Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге инженерлік желілер құрылысы. Қиыршық тас жол құрылысы» жобасын аяқтауға 512,9 млн.теңге бөлінді. 2025 жылы ұлттық қор есебінен 732,1 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС. Игерілген қаржы 467,9 млн.теңге
      • «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 шағын ауданынан бес этажды 10 тұрғын үйдің коммуналдық инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысы» жобасын аяқтауға 84,7 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба 2025 жылы басталған. Жоба құны 1 684,0 млн.теңгені құрайды. Мердігер мекеме «Көкшетаугидрогиология» АҚ.
      • «Қызылорда қаласының Президенттік паркі ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілерін салу (1-кезек, магистральдық желілер кәріз және ілеспе инженерлік желілер)» жобасын аяқтауға қаңтар айында ОБ-дан 1 517,1 млн.теңге бөлінді. 2025 жылы 6 467,8 млн. теңге бөлінді. Жоба құны 7 984,9 млн.теңге. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС. Игерілген қаржы 604,6 млн.теңге.
      • Қалалық бюджеттен Қызылорда қаласы Қсшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылы, Сиыр фермасы учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы. Жол құрылысын салуға 55,5 млн.теңге бөлінді. Игерілгені 31,2 млн.теңге.
    7. «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Байланыстыру» жобасын аяқтауға 166,9 млн.теңге ОБ-дан бөлінуде. 2025 жылы 1 687,9 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 1 854,9 млн.теңге. Мердігер мекеме «Сәт Сервис» ЖШС. Жоба сәуір айында қабылдау актісімен қабылданып 166,9 млн.теңге толықтай игерілген.
    8. «Сумен жабыдқтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде ОБ-дан 2 586,0 млн.теңге төмендегі жобаларға бөлінуде:
      • «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру. Түзету жобасы» аяқтауға 1 264,1 млн.теңге. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС. Жоба 2023 жылы басталған. Игерілген қаржы 306,4 млн.теңге.
      • «Қызылорда қаласы орталық бөлігінің су құбыры желілерінің құрылысы» жобасын аяқтауға 697,4 млн.теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Бақ Береке 2030» ЖШС. Жоба 2025 жылы басталып 494,0 млн.теңге игерілген. Жоба құны 1 191,5 млн.теңге. Игерілген қаржы 566,0 млн.теңге.
      • «Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал елді мекеніне қосымша скважина орнату құрылысы» жобасын жүргізуге қаңтар айында ОБ-дан 624,4 млн.теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Бақ Береке 2030» ЖШС. Игерілген қаржы 179,9 млн.теңге

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1586 қаулысы

    «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 1319 қау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Қызылорда қаласы Әуежай жолы (Көк су) 3х6 2 Талсуат ауылы Абай Құнанбаев көшесі 2х3 3 Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы («Small» СО) 3х6 4 Белкөл кенті Орталық көше 3х6 5 Қыз...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    04.2026 ж. Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Науры – берекелі, Наурыз мерекелі» тақырыбы аясында «ҚЗҚ ҚБ» Қызылорда облыстық филиалы, мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс. 04.2026 ж. Жастар және жасөспірімдер арасын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026 жылғы II-тоқсан қорытындылары туралы ақпарат

    Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 276 183 м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2026 жылдың II-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

    АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР 922мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 206 854көрермен тартылған. Ақпарат ретінде: 2025 жылдың 121829мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 332111көрермен тартылған. МЕМЛ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президе...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi

    Қызылорда қаласы әкімінің 2026 жылғы «21» мамырдағы № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 18 шешіміне қосымша Қызылорда қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi № 172 сайлау учас...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының шешімі

    Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі қорытынды отырысының шешімі:Мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесі бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шару...

    Жарияланды: