АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
- МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР
922 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 206 854 көрермен тартылған.
Ақпарат ретінде:
2025 жылдың 121829 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 332111 көрермен тартылған.
- МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2026 жылдың 6 айы бойынша жүргізілген мониторинг барысындағы құжат айналымы толығымен 100 пайызды құрағанды.
Ақпарат ретінде:
2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг барысындағы құжат айналымы толығымен 100 пайыз құраған
- ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША
Бөлім Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған қалалық ономастика жұмысшы тобының қызметін үйлестіреді.
Бүгінгі күні, қала аумағында комиссия шешімімен нақтыланған 1279 көше бар. Оның ішінде,қалада 830 көше және қалаға қарасты ауылдық округтерде 449 көше бар.
Ақпарат ретінде: Қала аумағындағы 830 көшенің 489-ы кісі есімімен, 223-і тарихи жер-су атауларымен аталған, 118-не шартты атау берілген (шартты-санмен аталатын көшелер). Ауылдық округтердегі 449 көшенің 208 кісі есімімен, 67 көше тарихи жер-су, 174-не шартты атау берілген. 2 көше бүгінде идеологиялық тұрғыдан ауыстыруды қажет етеді. (Белкөл кентінде орналасқан) |
Республикалық ономостикалық комиссиямен бекітілген көше атауларын жазу және орналастыру жөнінде қала аумағынадағы көшелерге жаңадан көше тақтайшаларын (талапқа сәйкес QR-код қосымшасымен) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
- ЖАРНАМА ЖӘНЕ ТІЛ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ
Бөлім қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар бойынша «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы
11 шілдедегі №151 және «Жарнама туралы» 2003 жылғы
19 желтоқсандағы Заңдарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының
21-тармағының талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында қала орталығындағы жарнамаларды аралау барысында 2026 жылдың 6 айында 93 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан мейрамханалар мен жылдам әзірленетін дәмханалардың ас мәзірлерін қазақ тілінде жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 92,2 пайызға жуық ас мәзірлері қазақ тіліне көшірілді.
- ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР БОЙЫНША
Бүгінгі күні Қызылорда қаласы көлемінде 84 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған, олардың
4-і республикалық, 33 -і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері.
47 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Қала аумағындағы барлық ескерткіштерге 2026 жылдың алғашқы тоқсанында қорғау міндеттемелері әзірленіп, ескерткіштердің жағдайы мен тазалығын қадағалап, орын алған кемшіліктерді түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында тиісті мекемелердің теңгерімдеріне берілген.
- КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты
21 кітапхана (ақпарат ретінде 9-қалалық, 8–ауылдық, 2-кенттік және 2-балалар кітапханасы) қала тұрғындарына кітапханалық–ақпараттық қызмет көрсетуде.
Жалпы кітап қоры – 648 197 оның ішінде қазақ тілінде – 265 484;
2026 жылы алынған жаңа әдебиеттер саны – 397, оның ішінде қазақ тілінде – 257;
Оқырман саны–16 774
Келуішлер саны–127 129
Берілім саны – 254 797
21 кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етіліп, есепті мерзімде интернет қызметін 2144 оқырман тұрақты пайдаланған.
- «ЖАСТАР ТЕАТРЫ»
2023 жылғы 29 қарашадағы №3911 қаулысы негізінде «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, өз алдына мекеме болып қызмет көрсетуде. 2026 жылыдың 6 айында 34 қойылым сахналанды. Қамтылған көрермен саны– 6624.
2026 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
Алдын ала жоспарға сәйкес барлығы 1026 іс-шара бекітілген. Іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Сонымен қатар, облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады.
Аталған іс-шаралар өңірде ономастика, тіл саясаты және тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы ескерткіштермен жұмыс салаларын қамтиды және осы бағыттар бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылады.