«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына, 14,16-1, 26-1 және
37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәслихаттардепутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілеріне қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2026 жылғы 29қарашағатағайындалған мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызметтік пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Өңірлердіңтиістісайлау комиссиялары:
1) мәслихаттардың бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;
2) Астана,облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау кезінде «Сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу туралы» 2026жылғы 2қарашадағыжеребе тартуды өткізу нәтижелерін қолдансын;
3) мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің санын белгілесін, оларды дайындауды және сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалықмаңызы барқалалардыңсайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныңмүшесіА.М.Айманақұмовқажүктелсін.
ТөрағаН. Әбдіров
ХатшыШ. Өтемісов
Астана қаласы
2026 жылғы 2 қараша
№ 67/118