Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 27/53 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 27/53 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) ақпараттық плакаттың сол және оң жақтарынан – кандидаттың, тиісінше, мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы және жылы, туған жері, азаматтығы, білімі, жұмыс орны, лауазымы, ұсыну тәсілі көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша өмірбаяны орналастырылады. Ұлты мен саяси партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.».

    2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.

    3.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

    4.Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Орталық сайлау комиссиясының

    ТөрағасыН. Әбдіров

    Қазақстан Республикасы

    Орталық сайлау комиссиясының

    хатшысыШ. Өтемісов

    Астана қаласы

    2026 жылғы 2 қараша

    № 68/121

    Жүктеу
    621b7fb265e130ae99ca193c15b091467763315587521da608f7407864515ee0_original.17942.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына, 14,16-1, 26-1 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қаза...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Г.Қ. Тойлыбаеваны тіркеу туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Г.Қ. Тойлыбаеваны тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    Ш.М. Шәріповті Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы

    Ш.М. Шәріповті Астана қаласыаумақтық сайлау комиссиясыныңмүшесі міндеттерінен босату туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тар...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕСІНІҢ ОРНЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕСІНІҢ ОРНЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Маңғыста...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы «Қ...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы

    «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінпартиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау турал...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы

    «Қазақстан Халық партиясы»Қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау т...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды: