Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»№ 39/НҚ бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы «Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 193 бұйрығына сәйкесаудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері және оның үлгілік нысаны бойынша Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты тұлғасында жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетті.
1) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
3) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
4) «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
5) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату»;
6) «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Тоқсан сайын, ай сайын «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп береді.
2025 жылы «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»мемлекеттік қызметі бойынша халыққа 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп төлеу» - 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді; оның ішінде бас тарту – 0; «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1, оның ішінде бас тарту – 0.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 520 мемлекеттік қызмет алынды.
Аудандық газеттерде мақалалар жариялау олымен, сондай-ақ «Инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алды, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша парақшалар таратылды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Қазақстанауылдық округінің әкімі Ж. Сатканов