Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

    ·

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2.Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 23/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6246 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3.«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    осы қаулының Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4.Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкіміА. Шайхимов

    Железин ауданы әкімдігінің
    2026 жылғы «___» __________

    № _____ қаулысына

    қосымша

    Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.
    2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

    1) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;

    2) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;

    3) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.

    2-тарау. Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

    1. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша аудан әкімінің аппараты жанынан құрылған Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарастырады.

    Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, аудан әкімдігінің аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.

    1. Комиссия құрамы және ол туралы ереже тиісті аудан әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссия аудан мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, жұртшылықтың өкілдері және Комиссия хатшысынан құрылады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан тұруы тиіс. Комиссияны аудан әкімі (Комиссия төрағасы), ал ол болмаған жағдайда – аудан әкімінің орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) басқарады. Комиссия хатшысы аудан әкімі аппаратының штаттық қызметкері болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.
    2. Мемлекеттік органдар Комиссияға қоғамдық көмекшілердің құқық бұзушылық профилактикасына қатысқанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, оларды көтермелеу туралы ұсыным жібереді.
    3. Ұсынымдарды Комиссия олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қосымша материалдарды талап ету немесе ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі Комиссия төрағасымен ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұл туралы ұсыным бастамашысына хабарланады.
    4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мемлекеттік органдардың ұсынымдары түскен кезде өткізіледі. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеуге Комиссия қабылдаған хаттамалық шешім негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Комиссия отырысының хаттамасы ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі іске асыру үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
    5. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу түрлері (шаралары) мыналар:

    1) алғыс жариялау;

    2) грамотамен наградтау;

    3) ақшалай сыйақы төлеу;

    4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

    5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;

    6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

    Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.

    1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.

    Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.

    Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

    1. Уәкілетті орган азаматтардан түскен өтініштерді әкімшілік құқық бұзушылықтың көрсетілген фактісін растау тұрғысынан қарастырады және ақпараттың бастапқы дереккөзін тексереді (азаматтың хабарламасы түскен сәтте құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен (камералармен) және аспаптармен тіркелмеген не уәкілетті лауазымды тұлғалармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен немесе өзге де үшінші тұлғалармен анықталмаған болуы тиіс).

    Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.

    Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдарды Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қарауға жатады.

    Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе ұсынбау туралы хаттамалық шешім шығарады.

    Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.

    Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.

    1. Көтермелеу түрін, соның ішінде ақшалай сыйақының мөлшерін қоғамдық көмекшінің, азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.
    2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді уәкілетті органдар тиісті қорытынды актіге (сәйкесінше Комиссия хаттамасына немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне) қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына (немесе олар көрсеткен қайырымдылық ұйымдарына) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

    Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

    _____________________________

    Железин ауданында құқық бұзушылық
    профилактикасына қатысатын
    азаматтарды
    көтермелеу қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    ________________________________

    ________________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеу алуға

    ӨТІНІШ

    Азаматтан (азаматшадан) ________________________________________________________

    (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Туған күні: _________ жылғы "_____" ____________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ___________________________________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________

    Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________________________

    Кім берді: __________________, берілген күні: «_______» __________ _____ жыл.

    Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):

    Облыс (қала) __________________________ (аудан) __________________________________

    Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер ___________

    Осы өтінішпен «» ____________ 20____ жылы сағат «____» мин. «___»-де менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты:

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    (құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)

    Аталған хабарлама фото-, бейне тіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға:

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    (уәкілетті органның атауын көрсету)

    мына құрал арқылы жіберілді: _______________________________________________________________

    (және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.)

    Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.

    Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):

    Менің ағымдағы банктік шотыма:

    жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_______________________________________

    банкте (қаржы ұйымының атауы): ________________________________

    Қайырымдылық ұйымының шотына:

    Ұйымның толық атауы: ____________________________________________

    Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ

    банкте: ___________________________________________________________________

    Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

    1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
    2. Ағымдағы банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (IBAN туралы хабарлама).
    3. Фото-, бейнетіркеу материалдары (электрондық тасымалдағышта ұсынылған жағдайда).

    Маған жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.

    Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

    Өтініш берушінің байланыс деректері:

    Ұялы телефон: ___________________________ E-mail: ___________________________

    Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл

    Өтініш берушінің қолы: _________________________

    Железин ауданында құқық
    бұзушылықтардың
    профилактикасына
    қатысатын азаматтарды
    көтермелеу қағидаларына
    2-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде

    «___» _________20 ___ жылғы № ___

    _______________________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы

    ҰСЫНЫМ

    «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:

    Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.

    Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

    Азаматтың Т.А.Ә., ЖСН

    Құқық бұзушылық туралы хабарламаның күні мен мәні

    ӘҚБ туралы іс бойынша қаулының нөмірі мен күні

    Төленген айыппұл сомасы (төленген күні)

    Ұсыныла-тын көтермелеу мөлшері

    Азаматтың ағымдағы банктік шоты (IBAN) / қайырымдылық ұйымының атауы, БСН немесе шоты

    Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.

    Басшы __________________________________________________________________________

    тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы)

    Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл

    Жүктеу
    a9c5f0cc9e5455d49b5c84e5dbcaf4dd_original.75264.doc
    DOC · 74 КБ
    Жүктеу
    cead2b925fa42f00cd39847567c07ed9_original.20818.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз-хабарлама

    Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 308/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Осы Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 308/10 «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымда...

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 308/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесулер өткізу кестесі (2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау)

    № Аймақтыңатауы (қала / аудан) Күні/ уақыты Саясипартияның атауы Кездесулерөткізілетін орындар (толық мекен-жайы) 1 Железин ауданы 2026 ж. 27.07. сағ. 10.00 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлес...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың қорытындысы (өткізілген кезеңі: 2026 жылғы 13-17 шілде)

    E-4 санатындағы «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бас маман бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ кон...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың қорытындысы (өткізілген кезеңі: 2026 жылғы 13- 17 шілде)

    E-R-4 санатындағы «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маман уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ конкурс кезеңдерінің шекті мәнін еңсерген үміт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың қорытындысы (өткізілген кезеңі: 2026 жылғы 13- 17 шілде)

    E-R-4 санатындағы «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маман бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ конкурс кезеңдерінің шекті мәнін еңсерген үміткерлерді...

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының осы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем...

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тарифтерді бе...

    Жарияланды: