Осы Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 308/10 «Железин ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысының (бұдан әрі-қағидалар) жобасы әзірленді Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Железин ауданы әкімдігінің осы қағидалары Железин ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.