Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының осы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 47-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.
Қаулына қабылдаудың мақсаты – құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу бөлігінде «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру.
Железин ауданы әкімдігінің осы қағидалары Железин ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.