2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Жергілікті атқарушы орган Ертіс ауылдық округі әкімі аппараты атынан мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату».
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
2025 жылы мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері алынды:
-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-4; дәлелді бас тарту-1.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер алынды - 251.
Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты бар стенд орналастырылған. Аудандық газеттерде мақалалар жариялау арқылы, сондай-ақ «Инстаграм» әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша буклеттер таратылады.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Прииртышск ауылдық округінің әкімі С. Нурмаканов