«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің 18 түрін көрсету бекітілді.
2025 жылы 4828 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 4305-і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген, бұл 89,2 %, 144 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді - 3,0 % және 379 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді - 7,8 %.
Есепті жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.
Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде үзілістер болған жоқ.
Тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.
Есепті кезеңде бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеді.
Бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізіледі:
- есепті жылдың наурыз айында аудандық «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттерінде «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылды;
- тұрақты негізде ақпараттық брошюралар таратылады.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпараты бар стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған, Интернет желісіне қолжетімділік бар.
Бөлім басшысы К. Ибрагимов