Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептерді жария талқылау өткізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау халықты жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлап отырған, жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін іс-шаралар туралы хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, жария талқылаулар қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарын, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларды көрсету үдерісін үнемі жетілдіруге, сондай-ақ тиімділігі мен үнемділігін арттыруға ықпал етеді.
Железинка ауылдық округі әкімінің ресми сайтында «Қызмет» – «Мемлекеттік басқару» бөліміндегі «Мемлекеттік қызметтер», одан әрі «Жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы есептерін жария талқылау» бөлімшесінде 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есепті қалыптастыру және ұсыну қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Железин ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Железинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы барлығы 28 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 18;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 3;
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату» – 4;
- «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» – 1;
- Бас тарту – 2.
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату» және «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтері қағаз нұсқасында көрсетілді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы 27 өтініш келіп түсті.
2025 жылғы 14 наурызда «Шабыт» балалар өнер мектебі ғимаратында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жергілікті атқарушы органдардың, жер қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, нақты сектор экономикасы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары қатысты. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Барлығы 40 адам қатысты.
2025 жылдың ақпан айында бас маман «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша оқудан өтті.
Ал 2025 жылдың наурыз айында бас маман «Адамдар – ең алдымен: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы семинарда біліктілігін арттырды.
Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттандыру мақсатында «Туған өлке» және «Родные просторы» аудандық газеттерінде, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желісінде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау бөлімі тарапынан 2025 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында бақылау іс-шарасы өткізілді.
Ауылдық округ әкімдігі ғимаратының холлында ролл-ап (ыңғайлы әрі жеңіл құрылымды жылжымалы стенд) орнатылып, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттық стенд орналастырылған. Сонымен қатар, тақырыптық баннер ілінген. Ұсыныстар мен ескертулер үшін арнайы жәшік қойылған.
2025 жылдың 12 айында халыққа мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша ақпарат қамтылған 203 дана брошюра тарату бойынша 13 іс-шара мен акция өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Аталған бұрыш арқылы 200 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша талдамалық анықтама жасалады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Осыған орай, «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, электр механикалық көтергіш, шақыру батырмасы, тұтқалары бар пандус, баспалдақтарда «Кедергіге абай болыңыз» деген сары жолақтар, есіктерде сары белгі орнатылған.
Мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында құқықтық қайшылықтар мен олқылықтар анықталған жоқ.