Железинка ауылы |
2025 жылғы 22 қаңтар |
Өткізу уақыты: Өткізу орны: |
Сағат 15-00 Железин ауданының ашық әкімдігі базасында, "Open Zhelezinka" фронт-офис залы |
Төрағалық етті: |
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысы Д.А. Агыбаев |
Қатысты: |
"Аmanat" партиясы аудандық филиалының өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, көрсетілетін қызметті алушылар. |
Күн тәртібі
2024 жылғы 12 айдағы "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау
"Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Д. А. Ағыбаев есепті жария талқылауды ашып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлімнің бас маманы Л.Е. Солодухина сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды 2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" № 39/НҚ бұйрығына сәйкес "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган, яғни Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі көрсетеді.
2024 жылы жалпы сомасы 12552,8 мың теңгеге 100 АЕК немесе 369200 теңге мөлшерінде 34 маман көтерме жәрдемақы алды. Бюджеттік кредиттерді жалпы сомасы 95269,0 мың теңгеге 11 маман алды.
2024 жылдың 12 айында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.
Жария талқылау соңында "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы қатысушыларға есепті талқылауды және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты қолда бар мәселелер мен ұсыныстармен сөз сөйлеуді ұсынды.
Білім беру және денсаулық сақтау саласының қатысып отырған мамандары "Баспана Маркет" АҚ порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы келген мамандар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуді ұсынды.
Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Жария талқылау қорытындысы бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы көрсетілетін қызметті алушыларға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсету;
- "Баспана Маркет" порталында мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің уақтылы енгізілуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ "Баспана Маркет" порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу туралы көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу.
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.
Хатшы |
М. Нургазинова |