«Железин ауданы Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»,
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
2024 жылы "Е-лицензиялау" жүйесінде 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 4 - "Сауда - саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу", 1 - "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру".
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, камерамен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Өткен кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында Веселорощин а/о әкімі аппаратының маманы 528 қызмет көрсетті.
Әкімдік ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараты бар стенд орналастырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақаланы жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ-та мақалаларды жариялау кестесіне сәйкес 1 және 2 жартыжылдыққа «Туған өлке», «Родные просторы» газеттеріне, сондай-ақ «Инстаграмм» әлеуметтік желілері арқылы мақалалар жарияланды, буклеттер таратылады. Мемлекеттік қызметтер бойынша баннер бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Веселорощин ауылдық
округінің әкімі А.Борамбаев