"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына, "орталық мемлекеттік органдар қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері және оның үлгілік нысаны бойынша" жергілікті атқарушы орган Қазақстан ауылдық округі әкімі аппараты атынан мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетті.
1) "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу";
2)"жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
3)"жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату";
4)"елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";
5)"жер учаскесін алуға кезекке қою".
Тоқсан сайын, ай сайын "Железин ауданы әкімінің аппаратына" көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есеп береді.
2024 жылдың 1 тоқсанында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетілді - 0, оның ішінде бас тарту-0.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылдың 1 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 90 Мемлекеттік қызмет алынды.
Аудандық газеттерде мақалалар жариялау арқылы, сондай-ақ "Инстаграм" әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, таратылған парақшалар саны 30.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.