«Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
- «Сауда-саттықты ( аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату».
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
Бөлімше:
- «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу».
2024 жылдың бірінші тоқсанында «Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті. «Е-лицензиялау» – 3, оның ішінде: 3 - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде үзілістер болған жоқ.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2024 жылдың 1 тоқсанында 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЭЦҚ мемлекеттік қызметін алу бойынша бейне тіркеу қашықтан жүргізілді.
Ауылдық округ әкімдігі ғимаратының фойесінде ролл ап орнатылып, қажетті құжаттар тізбесімен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылды. Ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
222 дана көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша ақпараты бар халыққа брошюралар тарату бойынша акция өткізілді.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Железин ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау өткізілді.