Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады. Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады: · Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы); · Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға тағайындалатын мерзімінен бұрын төленетін зейнетақылар бұл Келісімге кірмейді (бұл жағдайда төлемдер Моңғолияның әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру зейнетақы қорынан жүзеге асырылады). Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақыны және Моңғолияда жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға өтініш, қажетті құжаттарымен бірге, өтініш беруші тұратын елдің құзыретті органына тапсырылады. Бұл ретте Моңғолия азаматтары БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінішті қажетті құжаттарымен бірге екі елдің бірінің құзыретті органына ұсына алады. Келісімді іске асыруға уәкілетті органдар: – Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; – Моңғолияда – Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазақстан тарапынан Келісімді іске асыратын құзыретті органдар: · БЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы мәселелерімен айналысады. Оның функцияларына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Моңғолия азаматтарынан немесе олардың өкілдерінен өтініштер мен құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды өңдеу, жинақтаушы зейнетақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру кіреді; · Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (Комитет) – зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растауды және тиісті сұраулар жіберуді жүзеге асырады. Егер Моңғолия азаматына Қазақстанда зейнетақы тағайындалса, қажет болған жағдайда оның Моңғолия аумағында жинаған еңбек өтілін растау үшін Моңғолияның құзыретті органына сұрау жолданады. Өз кезегінде, Комитет Моңғолия тарапының сұрауы бойынша Қазақстан азаматтарына Моңғолияда зейнетақы тағайындалса, олардың еңбек өтілі туралы ақпарат ұсынады. Моңғолия азаматтарына БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдері: · алушы Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа (ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 2026 жылы 61 жас) толып, Қазақстаннан Моңғолияға тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен жағдайда және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында оның ТТЖ-ға кеткені туралы белгі болған кезде (зейнетақы жинақтарын ТТЖ-ға кетуіне байланысты біржолғы төлеу қарастырылмаған); · ай сайын алушының шотына Моңғолияның ұлттық валютасы – төгрөгпен аудару арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбек көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында). |
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
Ұқсас материалдар
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды
«Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...
Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026 жыл Қарабау ауылы Кіріспе бөлімі: Сыбайлас жемқорлық тәуек...
Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық
Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026жыл Қаракөл ауылы Кіріспе бөлімі: 1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талда...
Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі
Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс т...
Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30 маусым 2026 жыл Қоныстану ауылы Кіріспе бөлімі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи...
«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 20.06.2026 жыл Жасқайрат ауылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы...
Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты
Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты Сыбайласжемқорлық – қоғамныңдамуынакедергікелтіретін, мемлекет пен халықарасындағысенімгенұқсанкелтіретінкелеңсізқұбылыс. Оғанқарсыкүрес тек заңнаманы...
Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Кіріспе бөлімі: 1Актініңжасалғанкүні, уақытыжәнеорны: 20.06.2026жылсағат 11.00 де, Қызы...