Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
30 маусым 2026 жыл Қоныстану ауылы
Кіріспе бөлімі:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілді.
Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №98 өкімі негізінде 2025 жылдың 30 мамыры мен 2026 жылдың 30 мамыры аралығындағы қызметіне 2026 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді.
Карин Умирзак Кубенович - округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
Казиева Сандугаш Мырзабаевна -округ әкімі аппаратының бас маманы;
Қанатов Жеңісбек Қанатұлы -округ әкімі аппаратының бас маманы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарында 2025 маусымы және 2026 маусымы аралығы қамтылды.
- Округ әкімі У.Каринге топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
Сипаттама бөлімі
І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
-Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған. Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылы Аманкелді Декеев көшесі №34.
ІІ. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
3.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;
4.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
5.Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
6.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
7.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
8.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
10.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
11.«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12.«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
13.«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
14.«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
15.ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;
16.«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;
17.«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;
18.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;
19.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;
20.ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.
2.1.Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
2.Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3.Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
4.Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
5.Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
6.Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
7.Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
8.Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
9.Ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
10.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
11.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
12.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
13.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
14.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
15.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
16.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
17.Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
18.Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
19.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
20.Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
21.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
22.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
23.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
24.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
25.Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
26.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
28.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
29.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
30.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
31.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
32.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
33.Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
34.Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
35.Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
36.Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
37.Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
38.Шарттар, келісімдер жасасуға;
39.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
40.Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
41.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
42.Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
43.Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
44.«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
45.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
46.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:
2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында 226 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 127 электрондық цифрлық қолтаңба және 99 электрондық түрде көрсетілетін қызмет.
2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2025 жылдың 21 қараша күнгі №46 (7458) санды нөміріне «Жалдау мерзімін ұзарту туралы» тақырыбында, 2026 жылдың 26 сәуіріндегі №14 (7478) санды нөміріне «Қызмет көрсету қағидалары» тақырыбында мақала жарияланды .
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау мақсатында тұрғындарға буклеттер таратылып, ватсап әлеуметтік желісі арқылы фото сурет және фэйсбук әлеуметтік желісіне орналастырылды.
Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында стендінің ақпараттары жаңартылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 20 қарашасындағы №399 Жарлығына сәйкес, округ әкімі У.Кариннің ауыл тұрғындарымен 2 рет кездесу жиындарында EgovMobile қосымшасының мүмкіндіктері жөнінде, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сілтеме көрсетіле отырып, тұрғын үйге мұқтаждар қатарына кезекке тұру, Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары» және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар берілді.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-6. Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 5 бас маман) мен 10 келісім шарт негізінде қызметкер (хатшы, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, газ операторлар, күзетшілер) барлығы 15 қызметкер жұмыс істейді.
«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі бойынша өзгерістер төмендегіше:
Округ әкімі Е.Изимовтың 13 маусым 2025 жылғы №109 өкіміне сәйкес Әбішева Ақбаян Жалғасқызы округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Округ әкімі Е.Изимовтың 16 маусым 2025 жылғы №110 өкіміне сәйкес Әбішева Ақбаян Жалғасқызы округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.
Округ әкімі Е.Изимовтың 30 маусым 2025 жылғы №121 өкіміне сәйкес Әбішева Ақбаян Жалғасқызы округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Округ әкімі Е.Изимовтың 2 шілде 2025 жылғы №123 өкіміне сәйкес Есенгарина Роза Женисбековна округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.
Округ әкімі Е.Изимовтың 11 шілде 2025 жылғы №133 өкіміне сәйкес Есенгарина Роза Женисбековна өз өтініші бойынша округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Округ әкімі Е.Изимовтың 2 қыркүйек 2025 жылғы №157 өкіміне сәйкес Сагинова Айганым Жамбуловна округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.
Аудан әкімі Қ.Әзмұхановтың 23 қыркүйек 2025 жылғы №260ө өкімініе сәйкес Изимов Ернар Кадирович өз өтініші негізінде атқаратын лауазымынан босатылды. Округ әкімі аппаратының бас маманы Казиева Сандугаш Мырзабаевнаға Көздіғара ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқару жүктелді.
Округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Қазиеваның 1 қазан 2025 жылғы №168 өкіміне сәйкес округ әкімі аппаратының бас маманы Сисембаева Индира Талдыбекқызы жүктілікке және босануға байланысты демалысқа жіберілсін.
Округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Қазиеваның 29 қазан 2025 жылғы №183 өкіміне сәйкес Сагинова Айганым Жамбуловна округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен 2025 жылдың 1 қарашадан бастап босатылды.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінің сайланған әкімді тіркеу туралы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиисиясының 2025 жылғы 2 қарашағы №17 шешіміне сәйкес Карин Умирзак Кубенович Көздіғара ауылдық округінеің әкімі болып тіркелді.
Округ әкімі У.Кариннің 10 қараша 2025 жылғы №187 өкіміне сәйкес Салыхова Салтанат Букенбаевна округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.
Округ әкімі У.Кариннің 22 қараша 2025 жылғы №195/1 өкіміне сәйкес округ әкімі аппаратының шаруашылық меңгерушісі Төлеуов Марат 2025 жылдың 22 қазан күні зейнеткерлік жасқа жетіп, ішкі қажеттілікке байланысты келісім шарты 1 жылға ұзартылды.
Округ әкімі У.Кариннің 9 желтоқсан 2025 жылғы №207 өкіміне сәйкес Қанатов Жеңісбек Қанатұлы 3 ай сынақ мерзімімен өтуіне округ әкімі аппараты бас маманының (уақытша 04.02.2026 жылға дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орыны) міндетін уақытша атқару үшін жқмысқа қабылданды.
Округ әкімі У.Кариннің 1 қаңтар 2026 жылғы №18 өкіміне сәйкес Салыхова Салтанат Букенбаевна округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Округ әкімі У.Кариннің 2 ақпан 2026 жылғы №21 өкіміне сәйкес Тұрмағамбетова Нұршат Мұратбекқызы округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылданды.
Округ әкімі У.Кариннің 16 ақпан 2026 жылғы №35 өкіміне сәйкес Қанатов Жеңісбек Қанатұлы арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі аппаратының бас маманы (уақытша 01.03.2027 жылға дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орыны) болып тағайындалды.
Округ әкімі У.Кариннің 10 наурыз 2026 жылғы №46 өкіміне сәйкес Қанатов Жеңісбек Қанатұлы сынақ мерзімінен өтуіне байланысты (уақытша 01.03.2027 жылға дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орыны) бас маман қызметіне қабылданды.
Округ әкімі У.Кариннің 16 наурыз 2026 жылғы №51 өкіміне сәйкес Тұрмағамбетова Нұршат Мұратбекқызы өз өтініші бойынша округтің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманының уақытша міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Округ әкімі У.Кариннің 16 наурыз 2026 жылғы №52 өкіміне сәйкес Камелов Нурканат Жалгасович округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісінің міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Округ әкімі У.Кариннің 15 маусым 2026 жылғы №107 өкіміне сәйкес Камелов Нурканат Жалгасович арнайы тексерудің оң нәтижесін алуына байланысты округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі болып тағайындалды.
Округ әкімі У.Кариннің 30 маусым 2026 жылғы №120 өкіміне сәйкес бас маман Қанатов Жеңісбек Қанатұлы бас маман Сисембаева Индира Талдыбекқызы жұмысқа шығуына байланысты округ әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан босатылды.
- IV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
- Бақылау функцияларын іске асыру.
Көздіғара ауылдық округі әкім аппаратының 5 бас маманынан жылдық жұмыс жоспары алынды.
2025-2026 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Бюджет және қаражат игеру және бөлу.
2026 жылға қаралған қаржы 149493000,00 теңге (жылдық жоспар). 2026 жылдың 6 айлық қаржысының қорытындысы бойынша 87185467,15 теңге қаржыландыру жоспары 90% орындалды. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.
2026 жылғы мамырдағы №36-4 мәслихат сессиясының шешімімен бір рет бюджет қаражаты нақтыланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында 57 рет конкурс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
VII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.
Округ әкімінің жалпы 2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығындағы құжат айналымы 880 кіріс және 803 шығыс хаттары жолданып қабылданды.
Жұмыс тобы мүшелері:
Карин Умирзак Кубенович |
Округ әкімі |
Казиева Сандугаш Мырзабаевна |
Округ әкімі аппаратының бас маманы |
Қанатов Жеңісбек Қанатұлы |
Округ әкімі аппаратының бас маманы |