«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    20.06.2026 жыл Жасқайрат ауылы

    1. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
    2. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 05.2026 жылғы округ әкімінің №69 өкімі.

    «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы №4 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

    1. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы округ әкімінің №69 өкімі негізінде 2025 жылдың 1 шілдесі мен 2026 жылдың 31 мамыры аралығындағы қызметіне 2026 жылдың 1 маусымынан бастап 30маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Талдау) жүргізілді.

    Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың)тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы –Ақбалашұлы Абат; округ әкімі аппаратының бас мамандары Бағыт Қайсар Дулатұлы, Мырзагалиева Нургул Жасталаповна, ДәрібаевАқниет Дәрібайұлы, Марат Назымгүл Маратқызы, шаруашылық меңгерушісі Кулбаева Гулжамал Шиланбаевна.

    1. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

    «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Ақбалашұлы Абатжұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

    1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

    2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

    3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

    4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

    5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

    6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

    5.«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –17бірлікті құрайды.Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 4 адам,техникалық қызметкерлер саны- 12адам жұмыс жасайды.

    «Ойылауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттікмекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ. 1 мемлекеттік қызметші-Саламатова Гүлдана Салаватқызыбала күтімі демалысында, мемлекеттік қызметшінің орынына уақытша Бағыт Қайсар Дулатұлы қызмет атқаруда.

    1. «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңміндеттерінде:

    1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

    2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

    3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

    4) «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

    5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

    8) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

    9) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    12) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

    13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

    14)«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттікмекемесініңөз қызметін атқарудакелесінормативтік құқықтық актілерді қолданған:

    -Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

    -Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

    -Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 2350-VIҚазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдегі №106-VIII «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

    15)«Ойыл ауылдық округіәкімінің аппараты» мемлекеттікмекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

    Округте ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ержелері)талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу,жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook.instagram)жарияламау және сол сияқты құқық бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

    Округте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау,бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру,тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

    Бюджетті жоспарлау:

    Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №271 «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына «budget.egov.kz» орналастырылды.

    Бюджет қаржысын игеру:

    Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп,электрондық веб-порталда жарияланады.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар,бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

    Округте негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде кәзіргі уақытқа дейін-82 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді. Оның ішінде бір көзбен сатып алу тәсілімен-29, баға ұсынысын сұрату тәсілімен-53 Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.

    16.«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттікмекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

    17.«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттікмекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

    1. «Ойылауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың шілде айы мен 2026 жылдың мамыр айы бойынша жалпы саны – 293мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
    2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлықмемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі, МКҚК «Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі, «Шалқыма» мәдениет үйіwww. adaldyk.kzтіркелген.

    20.«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттікмекемесінде 2025 жылдың шілде айы мен 2026 жылдың маусым айы бойынша жеке тұлғалардан18өтініш түсіп, 18өтінішке заң шеңберінде түсіндірілді.

    Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған,2-52-54сенім телефондары жария етілген.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы

    _____________________А.Ақбалашұлы

    «____» _______________ 2026 жыл

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Қ.Бағыт

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Н.Ж.Мырзагалиева

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ А.Д.Дәрібаев

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Н.М.Марат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Г.Ш.Кулбаева

    Жүктеу
    Справка о проведенном внутреннем анализе коррупционных рисков в государственном учреждении «Аппарат акима Уильскогосельского округа»
    Справка о проведенном внутреннем анализе коррупционных рисков в государственном учреждении «Аппарат акима Уильскогосельского округа»
    DOCX · 35 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026 жыл Қарабау ауылы Кіріспе бөлімі: Сыбайлас жемқорлық тәуек...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026жыл Қаракөл ауылы Кіріспе бөлімі: 1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талда...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс т...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30 маусым 2026 жыл Қоныстану ауылы Кіріспе бөлімі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты Сыбайласжемқорлық – қоғамныңдамуынакедергікелтіретін, мемлекет пен халықарасындағысенімгенұқсанкелтіретінкелеңсізқұбылыс. Оғанқарсыкүрес тек заңнаманы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Кіріспе бөлімі: 1Актініңжасалғанкүні, уақытыжәнеорны: 20.06.2026жылсағат 11.00 де, Қызы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026 жыл Тасшағыл ауылы Кіріспе бөлімі 1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі та...

    Жарияланды: