Тасшағыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
30.06.2026 жыл Тасшағыл ауылы
Кіріспе бөлімі
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округінің әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
3.«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 30 мамыры аралығындағы қызметіне 2026 жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусым аралығында с ыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін .
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №69 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
1)Кереев Бауыржан Доскайырович- округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
2)Қожахметов Дастан Бактыгалиевич - округ әкімі аппаратының бас маманы;
3)Қуанов Роллан Ескайырович - округ әкімі аппаратының бас маманы;
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 30 мамыры аралығындағы қызметіне 2026 жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусым аралығында кезең қамтылды.
2.Округ әкімі аппаратының басшысы Б.Кереев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
Сипаттама бөлімі
- Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы. С.Сейфуллин көшесі №27.
2)Округ әкімаппараты өз құзыреті шегінде:
1.Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
2.Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
3.Шарттар, келісімдер жасасуға;
4.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
3) Округ әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
1.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
2.Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
3.Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
4.«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
5.Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
6.Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
1.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:
2025 жылдың 4 тоқсаны бойынша 265 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 149 электрондық цифрлық қолтаңба және 116 электрондық түрде көрсетілген қызметтер.
2026 жылдың 6 айында 121 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның 47 электрондық цифрлық қолтаңба және 74 электрондық
түрде көрсетілетін қызметтер.
Округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары жаңартылған Атырау облысы әкімдігінің сайтына (atyrau.gov.kz) 2026 жылдың 16 қаңтары күні орналастырылды.Аудандық “Қызылқоға” газетінің19.12.2025 жылғы №52 санына “ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:қолжетімділік, ашықтық және цифрландыру» тақырыбында мақала жарияланды7
Округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары жаңартылған Атырау облысы әкімдігінің сайтына (atyrau.gov.kz) 2025 жылдың 16 қаңтары күні орналастырылды.
Округ әкімі аппаратында тұрғындардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасап тұр, қажетті компьютермен қамтамасыз етілген. Электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алуға болатындығы жөнінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау, түсіндірме жұмыстары тиісті деңгейде үнемі жүргізіліп отыр, тұрғындар өздеріне қажетті анықтама, қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан алып отыр.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығын Атырау облысы әкімдігінің интернет ресурсына жарияланды.
Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау мақсатында тұрғындарға буклеттер таратылып, ватсап әлеуметтік желісі арқылы фото сурет және фэйсбук әлеуметтік желісіне орналастырылды.
Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында стендінің ақпарттары жаңартылды.
2.2. Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:
Округ әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-4. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 3 бас маман) мен 11 келісім шарт негізінде қызметкер (іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, есепші, от жағушы, қарауылшықтар) барлығы 11 қызметкер жұмыс істейті. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 26 қызметкер жұмыс істейді.
«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі бойынша өзгерістер төмендегіше:
Округ әкімі Б.Кереевтың 20 қаңтар 2026 жылғы №09 өкіміне сәйкес, Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының ағаш ұсташы болып Көптлеуов Рашит және тазалықшы болып Мирамова Шынар жұмысқа қабылданды.
IІІ. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
ІV. Бақылау функцияларын іске асыру.
Тасшағыл ауылдық округі әкім аппаратындағы 3 маманнан жылдық жұмыс жоспары алынды. 2025 жылы 4 өтініш түсіп, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, ауыл тұрғындарын 5 рет қабылдап, қабылдауға 15 адам жазылып, заң шеңберінде жауаптары берілді. 2026 жылдың 6 айында 3 рет қабылдап, қабылдауға 7 адам жазылып, заң шеңберінде жауаптары берілді. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне тіркелді. 2026 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Бюджет және қаражат игеру және бөлу.
2025 жылыокруг бюджетінің кірістері барлығы 173 345 000 мың теңге, ( оның ішінде: жер-мүлік салығы 38 000 мың теңге, көлік салығы 2 900 000 мың теңге, табыс салығы 4 000 000 мың теңге).Қаражат 100%-ға орындалды.
2026 жылдың 6 айы бойынша округ бюджетінің кірістері барлығы 5 945 161,7 мың теңге, ( оның ішінде: жер-мүлік салығы 19 000,0 мың теңге, көлік салығы 3 006 000,0 мың теңге, табыс салығы 45 000,0 мың теңге. 6 ай бойынша 67 % орындалып отыр. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.
2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы да «Ашық бюджет» порталына 2 рет жарияланды.
2026 жылдың 6 айы бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына 213 тармағы енгізілді. Оның 213 тармағы толығымен орындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 29 рет конкурс ұйымдастырылды.
- Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.
Округ әкімінің жалпы 6 айға құжат айналымы 484 кіріс және 211 шығыс хаттары жолданып қабылданды.
Жұмыс тобы мүшелері:
Тасшағыл ауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының жетекшісі: |
Б.Кереев |
Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы |
Д. Қожахметов |
Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы |
Р. Қуанов |