Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
30.06.2026жыл Қаракөл ауылы
Кіріспе бөлімі:
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-округ әкімінің аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №83бұйрығы негізінде 2025 жылдың 30 мамырымен 2026 жылдың 30 мамыры аралығындағы қызметіне 2026 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №83 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
1.Суатова Зайда Болатовна - округ әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;
2.Калиева Расима Жумабаевна -округ әкімі аппаратының бас маманы;
3.Бисембайұлы Тоқтар -округ әкімі аппаратының бас маманы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарында 2025 мамыры және 2026 маусымы аралығы қамтылды.
Округ әкімі З.Суатоваға топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
Сипаттама бөлімі
І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Округ әкімі аппаратының қызметін нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Округ әкімі аппараты-құзыреті шегінде округ әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы. Мырзабай Айшуақов көшесі №41.
ІІ.Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
3.Қазақстан Республикасының Жер Кодексі;
4.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
5.Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
6.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
7.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
8.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
10.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
11.«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12.«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
13.«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
14.«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
15.ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» 11.07.2023 №471 қаулысы;
16.«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 05.07.2023 жылғы №464 қаулысы;
- «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 03.07.2023 жылғы №448 қаулысы;
18.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы №451 қаулысы;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы;
20.ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы.
2.1.Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1.Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
2.Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3.Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
4.Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
5.Ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
6.Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
7.Ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
8.Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
9.Ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
10Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
11.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
12.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
13.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
14.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
15.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
16.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
17.Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
18.Өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
19.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
20.Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
21.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
22.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
23.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
24.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
25.Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
26.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
28.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
29.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
30.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
31.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
32.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
33.Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
34.Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
35.Мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
36.Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
37.Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
38.Шарттар, келісімдер жасасуға;
39.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
40.Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
41.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
42.Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
43.Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
44.«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
45.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
46.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
1.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:
2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында 465 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның175 электрондық цифрлық қолтаңба және 290 электрондық
түрде көрсетілетін қызмет.
2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2026 жылдың 6наурызы күнгі №9 (7473) санды нөміріне «Жер учаскесін алудың жолы» тақырыбында, 2026 жылдың 8 маусымы күнгі №22 (7486) санды нөміріне «Цифрландыру және инновациялау» тақырыбында, 2025 жылдың 14 наурызы күнгі №10 (7422) санды нөміріне «Кезекке қою туралы өтініш қалай беріледі?»тақырыбында, 2025 жылдың 30 мамыры күнгі №21 (7433) санды нөміріне «Екі кезеңде көрсетіледі» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақала жарияланды .
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығын Атырау облысы әкімдігінің интернет ресурсына жарияланды.
Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау мақсатында тұрғындарға буклеттер таратылып, ватсап әлеуметтік желісі арқылы фото сурет және фэйсбук әлеуметтік желісіне орналастырылды.
Округ әкімі аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында стендінің ақпарттары жаңартылды.
Жамбыл ауылдық округінің әкім аппаратының бас мамандарының атқарған жұмыстары:
Округ әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-5. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 4 бас маман) мен 8 келісім шарт негізінде қызметкер (статист маман, тазалықшы, автокөлік жүргізуші, шаруашылық меңгерушісі, күзетшілер) барлығы 13 қызметкер жұмыс істейді.
«Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі бойынша өзгерістер төмендегіше:
Округ әкімі О.Ароновтың 16ақпан 2026 жылғы №33 өкіміне сәйкес, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының күзетшісі Багитов Манай зейнетке шығуына орай жұмыстан босатылды.
Округ әкімі О.Ароновтың 16 ақпан 2026 жылғы №34 өкіміне сәйкес, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратына тұрақты күзетші болып Козыбакова Гулжамал Далабаевна қабылдансын.
Округ әкімі О.Ароновтың 31наурыз 2026 жылғы №54 өкіміне сәйкес, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Колдасинова Жаркын Жалгасовна 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап қызметші қызметіне қабылдансын.
- IV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
- Бақылау функцияларын іске асыру.
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының 4 бас маманынан жылдық жұмыс жоспары алынды.
2024-2025 жылы округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Бюджет және қаражат игеру және бөлу.
2026 жылға қаралған қаржы 158 074 000 теңге (жылдық жоспар).
2026 жылдың 6 айлық қаржысының қорытындысы бойынша 88142 000 теңге игеріліп, қаржыландыру жоспары 55% орындалды. Бюджет қаржысын толық әрі мақсатты игерілуі бойынша ай сайын бақылау жасалады.
2026 жылғы мамырдағы №36-4 мәслихат сесссиясының шешімімен бір рет бюджет қаражаты нақтыланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығында 107 рет конкурс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
VII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзгеде мәселелер.
Округ әкімінің жалпы 2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айы аралығындағы құжат айналымы 1268 кіріс және 1112 шығыс хаттары жолданып қабылданды.
Жұмыс тобы мүшелері:
Жамбылауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының жетекшісі: |
З.Суатова |
Жамбылауылдық округі әкім аппаратының бас маманы |
Р.Калиева |
Жамбыл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы |
Т.Бисембайұлы |