СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
1 |
Мемлекеттік сатып алу және орындалған жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасында тікелей байланыстың болуы |
Атқарылған жұмыстарды қабылдау кезінде техникалық қадағалауды күшейту және нәтижелерін ашық жариялау |
Сатып алу шарттарының орындалу мерзімі |
Мемлекеттік сатып алу шарттарының аяқталу мерзіміне сәйкес | |
2 |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасындағы бейресми қатынастар тәуекелі |
Мониторинг жұмыстарын полиция және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп жүргізу |
Фото/видео |
Тұрақты | |
3 |
Заңсыз сауда және жарнама бойынша мониторинг барысында кәсіпкерлермен тікелей байланыс |
Заңсыз сауда, сыртқы жарнама және заңсыз құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын полиция және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп жүргізу |
Фото/видео |
Тұрақты | |
4 |
Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары кезінде орындалған жұмыстардың сапасын қабылдауда ашықтықтың жеткіліксіздігі |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ай сайын құқықтық түсіндірме жүргізу, тиісті жадынамамен таныстыру |
Фото/хаттама/тиісті жадынамамен |
Жоспарға сәйкес | |
5 |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында материалдық жағдайды бағалау кезінде субъективті шешім қабылдау қаупі |
«FSM Social» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану және тексеру рәсімдерін цифрландыру |
Хаттама |
Тұрақты |