Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Аты жөні, мекенжайы

    Ұсыныс, ескертудің мазмұны

    Орындалу мерзімі

    Жауапты

    1

    Қазбекова Нағима

    1.

    Ақназар хан көшесі № 54 көппәтерлі үйді реновация бағдарламасы арқылы жаңарту мүмкіндігі қаралсын

    Инвестор «B Like» ЖШС тарапынан Ақназар хан көшесі № 54 көппәтерлі үйді реновация бағдарламасы арқылы жаңарту мақсатында қажетті құжаттары рәсімделуде. Құжаттар толық заңдастырылғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады.

    СПК "Шымкент"

    2.

    Ақназар хан көшесі № 54 үйдің маңындағы сарайдың заңдылығын анықтап, заң талаптарына сәйкес ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін

    Еңбекші ауданы, Шымкент қаласы, Ақназар хан көшесі №54 үйдің жанында орналасқан көлікжай меншік иесі: Пономараев Валерий Григорьевичтің (ЖСН:540603301830) әйелі Пономараева Людмила Павловнаның (ЖСН:550815401148) тиісті рұқсат құжаттарынсыз мемлекет жерін иеленіп алғану үшін 17.04.2026 жылы №56-05-03/3203 санды шығыс хаты жолданды. Осыған байланысты, тапсырманы бақылаудан алуыңызды сұраймыз. Н.Қазбекованың Шымкент қаласы, Еңбекші ауд., Ақназар Хан көшесі №54 жанындағы құрылыс нысанының заңдылығын тексеру туралы 16.06.2026 жылғы №ЖТ-2026-02564902 арызы қаралып, тексеру барысында көрсетілген мекенжайда сарай құрылысы анықталды. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 33-бабының талаптарына сәйкес күрделі емес құрылыс объектілері Басқарма тарапынан инспекциялауға жатпайтындығы түсіндірілді.

    ДУЗР

    3.

    Электр жарығын «Нұр Арыстан» ЖШС-нен мемлекеттік жарық жүйесіне ауыстыру мүмкіндігі қаралсын

    Электр жарығын «Нұр Арыстан» ЖШС-нен мемлекеттік жарық жүйесіне ауыстыру мүмкіндігі қаралсын.
    «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не құжаттамаларды өткізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    2

    Жұрхабай Шәркүл

    4.

    Бүгінгі таңда Басқарманың теңгеріміндегі 45 канал мен 2 өзенге механикалық және санитарлық тазалау жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аталған тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Adilkhan West Group» ЖШС-і тарапынан сапалы орындалуда. Қазіргі уақытта қала аумағындағы барлық су нысандарының су өткізу қабілеті қалыпты жағдайда және Басқарманың тұрақты бақылауына алынған.

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    5.

    «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан әр тоқсан сайын Басқармаға қарасты мекемелерге тұрақты түрде жұмыс барысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    3

    Куанышева Назира

    6.

    № 67 жалпы орта мектебіне 2026-2027 ж.ж. оқу жылында 1 сыныпқа баратын 60 оқушыны мектепке қабылдау шаралары қабылдансын.

    Қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың 8 маусымы күні II тоқсандық Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналармен қайта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2026-2027 жаңа оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдауға рұқсат берілді.

    Білім басқармасы

    7.

    № 67 жалпы орта мектебінің артындағы бос жер теліміне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сыйымдылығын арттыру үшін мектеп салу мүмкіндігі қаралсын

    Шымкент қаласының №67 жалпы орта мектебіне мемлекеттік кадастрлық №19-309-048-314 алаңы 0,7905 га жер учаскесі берілген. Кейіннен, 2025 жылдың 28 сәуірдегі Шымкент қаласы әкімдігінің №2110 қаулысымен қосымша 1,3227 га жер учаскесі табысталып, мемелкеттік кадастрлық №22-329-019-346 актісі алынған.
    Шымкент қаласының бас жоспарына және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры сәйкес №67 жалпы орта мектебінде жанында басқа бос жер учаскелері жоқ екендігі анықталды.
    Сонымен қатар, қаланың бас жоспарына сәйкес мектеп жанындағы аумақ өнеркәсіптік құрылыс аумағына жатады.
    Осыған байланысты, №67 жалпы орта мектебінің сыйымдылығын арттыру үшін қосымша жер учаскесі қажеттігі туралы зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы білім басқармасына 23.06.2026 жылғы № 56-01-05/5241 шығыс хаты жолданды.

    Білім басқармасы

    4

    Барлыбаева Алтынай

    8.

    Қапал батыр көшесінен Жастар көшесіне шығатын жолдың ойылған орындарын реттеп, аяқжол салу мүмкіндігі қаралсын

    Жастар көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы сметалық құжаттама әзірлеп, 2027 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаруға бюджеттік өтінім берілетін болады. Жұмыстар қаржы қаралған жағдайда атқарылатынын хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    9.

    Жастар көшесіндегі мемлекеттік меншіктегі қоршалған жер теліміне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілсін

    Жастар көшесіндегі мемлекеттік меншіктегі қоршалған жер теліміне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, қоқыстар толық тазартылды.

    Еңбекші ауданы

    5

    Райымкулов Жолдас

    10.

    Бердіқожа батыр көшесіндегі «Аргос» жанар-жағармай құю бекетінен Жастар көшесіне дейінгі жолды қайта жөндеу мүмкіндігі қаралсын

    Бердіқожа батыр көшесіндегі «Аргос» жанар-жағармай құю бекетінен Жастар көшесіне дейінгі жол учаскесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған ақаулар бойынша шұңқырларды жамау жұмыстары орындалғанын хабарлаймыз.
    Нәтижесінде жол жабынындағы анықталған кемшіліктер жойылып, аталған жол учаскесі бойынша көлік қозғалысына қолайлы жағдай қамтамасыз етілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    11.

    Жастар көшесіне мемлекеттік кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндігі қаралсын

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жастар көшесін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобасын әзірлеу үшін қажетті бастапқы құжаттарының бірі қосылу көзіне техникалық шарт алу мақсатында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і хат жолданып, кәріз жүйесіне қосылуға техникалық мүмкіншілік жоқ екендігі бойынша кері хат алынды.
    Осыған сәйкес, техникалық шарт алынған жағдайда, жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    12.

    Цемент зауытының жанына айналма жол салу мүмкіндігі қаралсын

    Бердіқожа батыр көшесі мен Қойкелді батыр көшесінің қиылысына (Цемент зауытының маңына) шеңбер жол салу мәселесі бойынша әмшілік полиция басармасының мамандарымен біргелікте зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған аумақта геометриялық параметрлері радиусы 25 метр айналма жол сыйады. Бердіқожа батыр көшесінің көлік қарқындылығы өте жоғары болуына байланысты аталған аумаққа радуисы 150 метрлік шеңбер жол қажет етеді. Бердіқожа батыр көшесіне радуисы 25 м шеңбер жолда кептелістер пайда болып, қозғалысқа кері әсерін тигізеді. Радиусы 150 метрлік шеңбер жолды іске асыру үшін жер учаскелерін, жанармай бекеті, ғимараттарды мемлекет мұқтаждығына қайтарып, бұзу бюджетке салмақ түсіреді.
    Сонымен қатар, Қойкелді батыр көшесінің көлік қарқындылығы 790 автокөлік күніне, Бердіқожа батыр көшесінің қарқындылығы 11 060 автокөлік күніне жүреді. Қойкелді көшесінің қарқындылығы өте төмен. Жоғарыда айтылғандар сәйкес Бердіқожа батыр мен Қойкелді батыр көше қиылысына шеңбер жол салу қажеттілігі жоқ.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    13.

    Азамат Ж. Райымкуловқа қала аумағындағы бағдаршамдардың жұмыс жасау барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін

    Азамат Ж. Райымқұловқа қала аумағындағы бағдаршамдардың жұмыс істеу тәртібі бойынша Басқарма тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Түсіндіру барысында бағдаршам нысандарының жұмыс режимі, оларды реттеу қағидаттары және көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес толық ақпарат берілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    6

    Тортбаева Анипа

    14.

    «Алатау» саябағының учаскесіне үйдің жер учаскесінің енуі мәселесін шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізілсін

    Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өз балансындағы кадастрлық №22-330-063-047 жер учаскесіне жеке жер учаскесі енген аумағынан бас тартатынын мәлімдеді. Осыған байланысты, тапсырманы бақылаудан алуыңызды сұраймыз.

    Жер қатынастары басқармасы

    15.

    Орманшы тұрғын алабы Майлытөбе көшесінің жанын бекітіп, жолды кеңейту мүмкіндігі қаралсын

    Орманшы тұрғын алабы Майлытөбе көшесіне зеределеу жұмыстары жүргізіліп, көшенің геометриялық параметрлері жолдың ені 5 метрді құрайтыны анықталды. Аталған көшеде көлік қарқындылығы төмен болуына байланысты және 2 жолақпен көлік қатынай алатыны анықталды.
    Осыған орай, Майлытөбе көшесін кеңейтуді қажет етпейді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    16.

    Бердіқожа көшесінен Майлытөбе көшесіне кіреберіс аумақта орналасқан «Гелиос» ЖШС-ның жер телімін мемлекет мұқтаждығына алу бойынша ұсыныс енгізілсін

    Бердіқожа көшесінен Майлытөбе көшесіне кіреберіс аумақта орналасқан «Гелиос» ЖШС-ның жер учаскесі анықталды. Қазіргі таңда, жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу үшін Шымкент қаласының Бас жоспарымен жол қаралғаны туралы ақпарат алу үшін «қала құрылысы қорытындысы» Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолданды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    7

    Ештаева Анипа

    17.

    Қойкелді көшесіндегі тұрғын үйдерді сапалы электр жарығымен қамту мақсатында кәсіпорындарды жеке трансформаторға көшіру жұмыстары жүргізілсін

    Қойкелді көшесіндегі тұрғын үйлерді сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарды жеке трансформаторға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 1 кәсіпкер электр желісінен ажыратылды, кернеу тұрақты.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    18.

    Қойкелді көшесіне мемлекеттік кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндігі қаралсын

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қойкелді көшесін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобасын әзірлеу үшін қажетті бастапқы құжаттарының бірі қосылу көзіне техникалық шарт алу мақсатында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і хат жолданып, кәріз жүйесіне қосылуға техникалық мүмкіншілік жоқ екендігі бойынша кері хат алынды.
    Осыған сәйкес, техникалық шарт алынған жағдайда, жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    19.

    Қойкелді көшесі арқылы қатынайтын қосымша қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын

    Қала тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік маршруттарын оңтайландыру (қосымша қоғамдық көлік қосу) бойынша көтерілген мәселелер толықтай назарға алынды.
    Маршруттық желілерді оңтайландыру шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жолаушылар ағынының мониторингін және тиісті мемлекеттік қаржыландыруды қажет етеді.
    Бүгінгі таңда аталған сұраныстар бақылауға енгізіліп, алдағы кезеңде қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және кешенді сызба шеңберінде кезең-кезеңімен қарастырылатын болады.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    20.

    Қойкелді көшесінен бос жер телімін қарастырып, спорт алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын

    Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары Қойкелді батыр көшесінің бойынан бос жер телімдерін анықтау бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде балалар ойын алаңшасын салуға сәйкес келетін бос жер телімі анықталмады. Осыған байланысты спорт, балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіншілігі жоқ. Тұрғынға бос жер телімі болған жағдайда ойын алаңша салу мүмкіндігі қарастырылатындығы түсіндірілді.

    Еңбекші ауданы

    21.

    Қойкелді батыр көшесінде орналасқан көмір сататын, сақтайтын және темір қабылдайтын мекемелердің заңдылығына тексеру жұмыстары жүргізілсін

    Қойкелді батыр көшесінде орналасқан көмір сататын, сақтайтын және темір қабылдайтын мекемелердің заңдылығына қатысты тексеру жүргізу туралы келесіні: 2026 жылдың атмосфералық ауаның ластануын бақылау бойынша бақылау нүктелері бекітіліп жоспарланған. Соның ішінде, Қойкелді батыр көшесі маңында жыл басынан әр тоқсан сайын зерттеулер жүргізіледі. Бүгінгі таңда нормадан ауытқыған нәтижелер анықталмаған.
    Сонымен қатар, Еңбекші ауданы, Қойкелді батыр көшесінде орналасқан көмір сататын, сақтайтын және темір қабылдайтын мекемелердің заңдылығына тексеру жүргізу үшін сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Бүгінгі таңға дейін тұрғындардан «Е-өтініш» базасы арқылы арыз - шағымдар түспегендігін хабарлайды.

    СЭС

    8

    Омарова Айнұр

    22.

    Ш. Уалиханов көшесі № 227 А көппәтерлі үйдің жағдайына авариялық жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілсін

    Ш. Уалиханов көшесі № 227 А көппәтерлі үйдің жағдайына техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржысын қарастыру үшін алдағы өтетін бюджеттік нақтылауға ұсыныс берілетін болады

    Төтенше жағдай департаменті

    23.

    Ш. Уалиханов көшесі № 227 А көппәтерлі үйдің сыртқы қасбетін бояу мүмкіндіктері қаралсын.

    Шымкент қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидасына сәйкес, Ш.Уалиханов көшесі №227 А көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қасбетін бояу үшін Шымкент қаласының сәулет және қала кұрылысы басқармасына тұрғын үйдің эскизі қандай кезенде екенін анықтау мақсатында 19.06.2026 жылы № 31-05-07/1697 хат жолданды. Осыған орай, Шымкент қаласының сәулет және қала кұрылысы басқармасы тарапынан бірыңғай сәулеттік келбетінің тұжырымдамасы әзірленгеннен соң тиісті іс-шаралар жүргізілетін болады.

    Тұрғын үй басқармасы

    9

    Аязбекова Жадыра

    24.

    Тұрғын үй кезегіне қою және үй алуға арналған арнайы бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    2025 жылғы 24 мамырдан бастап жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың базасы «Отбасы банк» АҚ-ға (бұдан әрі – Банк) берілді. Банк тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.
    Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне «orken.otbasybank.kz» сайты арқылы өтінім жолдауға болады.

    Отбасы банк

    10

    Мейірбеков Серікбай

    25.

    Атауы қайталанатын Қойгелді батыр-1,2,3 көшелеріне атау беру мүмкіндігі қаралсын.

    Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында Ақназар хан және Бердіқожа батыр көшелерімен шектесетін, ұзындығы шамамен 2,2 шақырымды құрайтын Қойкелді батыр көшесі орналасқан.
    Аталған көше бойында тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар арасында орналасқан 4 тұйық көше бар. Тұйық көшелердің ұзындығы шамамен 50 метрден 500 метрге дейінгі аралықты құрайды. Тұрғын үйлердің басым бөлігі Қойкелді батыр көшесінің бойында орналасқандықтан, аталған тұйық көшелерге жеке атау беру қажеттілігі туындамайды.
    Сонымен қатар, тұрғын үйлердің мекенжайлары Қойкелді батыр көшесі бойынша нөмірленіп, 2GIS және Yandex Maps ақпараттық жүйелеріне енгізілген. Осыған байланысты жедел медициналық жәрдем, такси және өзге де қызметтерді шақыру кезінде тұрғындар үшін қиындықтар туындамайды.
    Осыған орай, халық арасында «Қойкелді батыр-2» көшесі деп аталып кеткен тұйық көшелерден тұратын аумаққа жеке атау беру қажеттілігі жоқ деп есептеледі.
    Сонымен бірге, аталған аумақта Клара Цеткин көшесі мен теміржол желісінің аралығында орналасқан Қойкелді батыр-3 көшесі бар. Осы көшенің атауын өзгерту мақсатында 2025 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Айбастау» атауын беру туралы ұсыныс жолданған.
    Қазіргі уақытта көшелерге атау беру және қайта атау мәселелері бойынша уәкілетті орган тарапынан уақытша мораторий енгізілуіне байланысты, Еңбекші ауданы әкімдігі жауапты мамандарының және жергілікті тұрғындардың ұсыныстары негізінде жедел жәрдем, такси және өзге де қызметтердің шақыртулар кезінде шатасуын болдырмау мақсатында «Айбастау» атауын 2GIS және Yandex Maps ақпараттық жүйелеріне енгізу жөнінде ұсыныс жолданды.
    «Айбастау» атауын беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімі алынғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылдау және көшенің атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

    Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

    26.

    Кәріз жүйесін жүргізу салдарынан бұзылған жолды қайта жөндеу (Темір жол маңы) жұмыстары жүргізілсін.

    Айбастау көшесінде кәріз жүйесін жүргізу салдарынан бұзылған жолды қалпына келтіру бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тапсырма берілді. Хаттамалық тапсырманың орындалуын шілде айының соңына дейін созуыңызды сұраймыз.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    27.

    Қойгелді батыр көшесіндегі жарықшам бағаналарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін.

    Мердігер мекеме «ABM building-2007» ЖШС тарапынан жұмыстар 2026 жылғы 15 тамызға дейін реттелетінін хабарлаймыз.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    28.

    Қойкелді батыр көшесі Береке базары маңындағы жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізілсін.

    Қойкелді батыр көшесі Береке базары маңындағы жолдарды асфальттау мүмкіндігі зерделенді. Зерделеу нәтижесінде аталған жол өндірістік аймақтың кірме жол болып табылады. Аталған жол өндірістік шаруашылық жол болуына байланысты күтіп-ұстау Басқарма құзіретіне кірмейді. Осыған орай, жөндеу жұмыстарын атқару мүмкіндігі жоқ.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    29.

    Қойкелді батыр көшесі бойындағы су жиналатын орындарды жою және кәріз құдықшаларын ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Қойкелді батыр көшесінің су жиналатын нүктесіне құдық орнатылды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    11

    Қойшыбаев Әбдіжаппар

    30.

    Қойгелді батыр көшесіндегі бейнебақылау камерасының тұрақты жұмыс жасауы бақылауға алынсын.

    Қойгелді батыр көшесіндегі бейнебақылау камерасы қазіргі таңда штаттық режимде жұмыс жасап тұр.

    Цифрландыру басқармасы

    31.

    Қойгелді батыр көшесіне (балалар алаңша маңы, автокөлік жөндеу маңы) қауіпсіздік үшін жол белгісін орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Қойгелді батыр көшесі бойындағы балалар алаңшасы маңы және автокөлік жөндеу орны орналасқан аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгісін орнату мүмкіндігі қаралып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді.
    Зерделеу нәтижесінде аталған учаскеде жол белгісі орнату қажеттілігі анықталып, белгі орнату жұмыстары толық орындалды.
    Нәтижесінде аталған аумақта жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    12

    Теміров Арыстан

    32.

    Қойгелді батыр көшесі Серік дүкенінің жанындағы үй иелеріне түсіндірме жұмыстары (мемлекет мұқтаждығына алуға мүмкіндік жоқ екендігі) жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Қойгелді батыр және Нефтебазовская көшелері жанында орналасқан Серік дүкені маңынан жол мәселесі бойынша аз.А.Теміровпен сөйлесіп жер учаскесікелері Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша аз қабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқандығы және ішкі орам жолдары көрсетілмегендігі анықталып, мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жүргізілмейтіндігі толықтай түсіндірілді.

    Сәулет және қала құрылысы басқармасы

    33.

    Кәріз жүйесіне абоненттеу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қойкелді көшесін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобасын әзірлеу үшін қажетті бастапқы құжаттарының бірі қосылу көзіне техникалық шарт алу мақсатында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і хат жолданып, кәріз жүйесіне қосылуға техникалық мүмкіншілік жоқ екендігі бойынша кері хат алынды.
    Осыған сәйкес, техникалық шарт алынған жағдайда, жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    13

    Овчинников Павел Димитрийевич

    34.

    Алдияров көшесі № 74а үй, 18 пәтердің құжаттарын заңдастыру мүмкіндігі қаралсын.

    тұрғын үйіңіздің техникалық төлқұжатын дайындау және тіркеуге қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

    НАО

    35.

    Азамат П. Овченниковке тұрғын үй кезегі мен тұрғын үй алуға арналған арнайы бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін

    Аз. Овчинников тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелмеген. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың базасы «Отбасы банк» АҚ-ға (бұдан әрі – Банк) берілді. Банк тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратыны өзіне бірнеше рет басқармаға шақыртылып түсіндірілді.

    Тұрғын үй басқармасы

    14

    Мыңқожаева Мейіркүл

    36.

    Бердіқожа батыр көшесі Зейнеп дәмханасының маңына жол белгілерін орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Бердіқожа батыр көшесі бойындағы «Зейнеп» дәмханасы маңына жол белгілерін орнату мәселесі қаралып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жол белгілері орнатылды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    15

    Айқынбаева Тоғжан

    37.

    Қойгелді батыр көшесі № 3 ауласына жауын суының жиналу себебін анықтап, шешу жолы қаралсын.

    Қойгелді батыр көшесі №3 мекенжайындағы аулада жауын суының жиналу себебіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде жауын суын тиімді бұру мақсатында аталған аумақта су қабылдау құдықшасын орнату қажеттілігі анықталып, тиісті жұмыстар орындалды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    16

    Омашев Толыбай

    38.

    Қойгелді батыр көшесінің бойына автокөліктерді жол жиегіне қойып, авариялық жағдай туғызбау мақсатында жол белгісін орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Қойгелді батыр көшесі бойында автокөліктердің жол жиегіне қойылуы салдарынан туындауы мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында жол белгісін орнату мәселесі қаралып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді.
    Зерделеу нәтижесінде аталған учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жол белгілері орнатылды.
    Нәтижесінде көлік қозғалысын ұйымдастыру талаптарына сәйкес жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиісті шаралар орындалды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    39.

    Қойгелді батыр көшесіндегі қараусыз қалған аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілсін.

    Қойкелді батыр көшесіндегі қараусыз қалған аумаққа «Еңбекші» КММ тарапынан санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Еңбекші ауданы

    40.

    Еламан елді мекеніндегі № 7 емхананы қажетті құрал-жабдықпен қамту және суды қосу мүмкіндігі қаралсын.

    Қазіргі таңда № 7 қалалық емхананың аумағында бір су ұңғымасы (скважина) жұмыс істейді. Аталған су ұңғымасы арқылы емхана аумағы су мен қамтылған. Емхана ғимаратының сумен жабдықтау қажеттілігі толық көлемде қамтамасыз етілген және тұрақты түрде пайдаланылуда.

    Денсаулық сақтау басқармасы

    17

    Мырзабеков Берік

    41.

    Айналма жолға жол белгілерін жақын орнату мүмкіндігі қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Сіздің ұсынысыңызға сәйкес айналма жол учаскесінде жол белгілерін жақын орналастыру мүмкіндігі қаралып, тиісті жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    42.

    Айналма жолға жасанды жол кедергісін орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңызға сәйкес айналма жол учаскесіне жасанды жол кедергісін орнату мүмкіндігі қаралып, аталған учаскеге жасанды жол кедергісі орнатылды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    43.

    Көпірдің жанындағы су жиналатын аумақты ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Көпірдің жанындағы су жиналатын аумақты ретке келтіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін атқарылады

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    44.

    Цемент зауытының маңындағы жолға ауыр жүк көліктерін жол жиегіне қою заңдылығын қарап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қойкелді батыр көшесіндегі айналма жолдың тиісті жол белгілерімен жасанды жол кедергісін орнатуды сұранған. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына айналма жолдың тиісті жол белгілерімен жасанды жол кедергісін орнатуға тиісті нұсқама берілді. Сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жол белгісін орнату мәселесі зерделенді. Зерделеу нәтижесінде Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті нұсқама жолданып, соған сәйкес белгі орнату жұмыстары қаралып, белгіленген тәртіпте орындады.

    Полиция департаменті

    45.

    Ауыр жүк көліктерінің жүруін шектейтін жол белгісін орнату мүмкіндігін қарап, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жол белгісін орнату мәселесі зерделенді. Зерделеу нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына тиісті нұсқама түсті, соған сәйкес белгі орнату жұмыстары қаралып, белгіленген тәртіпте орындалғанын хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    18

    Жетпісбаева Құралай

    46.

    Айбатты көшесіндегі жер телімінің иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Жіберген мекенжай бойынша кадастрлық №193090571021 жер учаскесінің аумағы 0.0904 га нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй берілген азаматша Арапова Бибисара Джумалиевнаға тиесілі.

    Жер қатынастары басқармасы

    47.

    Айбатты көшесінің жақын маңына қажеттілікке қарай балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілсін.

    Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары Оңтүстік ш.а, Айбатты көшесінің бойынан бос жер учаскесін анықтау бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында, бос жер учаскесі анықталып, қазіргі уақытта аталған жер телімін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының теңгеріміне рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

    Еңбекші ауданы

    48.

    Айбатты көшесіне аялдама орнату (бұрынғы «Мойка» аялдамасы) мүмкіндігі қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде Айбатты көшесіндегі (бұрынғы «Мойка» аялдамасы) аялдаманы ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін орнату жоспарланған.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    49.

    Азаматша К. Жетпісбаеваға үйінің құжатын заңдастыру бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қ., Тоған көш., кад. №22329031253 Х. Ирисметоваға тиесілі көршісі В. Кривулькомен кад. №19309056397 екеуінің арасында қазіргі таңды мәселесі сотта қарастырылуда. Осыған орай, ҚР Конституциясының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
    Жоғарыдағылардың негізінде көтеріп отырған мәселеңіз сотта қаралып отыруына орай қандайда бір жұмыстар атқару мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз.

    Жер қатынастары басқармасы

    19

    Жақсыбеков Сайлаубек

    50.

    Қаратөбе тас жолына қажеттілікке қарай тротуар орнату жұмыстары жүргізілсін.

    Қаратөбе тас жолына тротуар орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    51.

    Қаратөбе тас жолы жатақхана аялдамасы маңындағы бұзылған жолды ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін.

    Қаратөбе тас жолы бойындағы «Жатақхана» аялдамасы маңында асфальт қабатында пайда болған кемшіліктерді қаплына келтіру жұмыстары атқарылды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    52.

    Қазақи 16 түрлі аспапқа лицензия алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Қазақтың тарихи-мәдени мұрасына қатысты заңдастыру мәселелерін қарастыру Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады. Осыған байланысты аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті органға тиісті ұсыныспен жүгінуге болады.
    Сондай-ақ, сіздің ұсыныңызды қарау мәселесі құзырлы органға Басқарма тарапынан жолданғанын хабарлаймыз.

    Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

    53.

    Қаратөбе тас жолы бойындағы кәріз жүйесін ретке келтіру бойынша ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін.

    Қаратөбе тас жолы бойындағы кәріз жүйесін ретке келтіру бойынша «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-не тапсырма берілді. Тапсырманың орындалуы уақытын 15-ші тамызға дейін созуыңызды сұраймын.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    20

    Ирисметова Халида

    54.

    Тоған көшесі №30 үй аумағына ирригациялық арық орнату мүмкіндіктері қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңызға сәйкес, Тоған көшесі №30 үй аумағына ирригациялық арық орнату мүмкіндігі зерделенді. Зерделеу нәтижесінде аталған аумақта ирригациялық арық орнату қажеттілігі анықталмағанын хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    55.

    Тоған көшесіндегі үй қоршауының көше бойына шығып орналасуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Қазіргі таңды мәселесі сотта қарастырылуда. Осыған орай, ҚР Конституциясының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
    Ал, ҚР Конституциясының 77 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
    Сот төрелігін іске асыру бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бермейді.
    Жоғарыдағылардың негізінде көтеріп отырған мәселеңіз сотта қаралып отыруына орай қандайда бір жұмыстар атқару мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз.

    Жер қатынастары басқармасы

    56.

    Тоған көшесіне қосымша 2 бағана орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Тоған көшесіне қосымша 2 бағана орнату бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    23

    Серікбаева Күлзада

    57.

    Азаматша Г. Серікбаеваға Алқабек көшесінде үйінің құжатын заңдастыру бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімі Ғ.Ә.Сыздықбековтың 2026 жылы 19 қаңтардағы төрағалығымен өткен №1 хаттамасы негізінде:
    Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, аудан әкімдері, қалалық прокуратура мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Қазіргі таңда, өз бетінше салған тұрғын үйлерді заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Жер қатынастары басқармасы

    24

    Слупцкая Ирина

    58.

    Көксай-2 шағын ауданында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан құрылыс нысанының заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауланы, Көксай-2 шағын, Исатай Тайманулы көшесі, уч. 1/5 (кад. №кад.22329024156, №22329024161) мекен-жайда орналасқан қойма құрылысының 09.06.2025 жылғы KZ35VUA01709656 жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы және 06.11.2025 жылғы №KZ67REA00511047 құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама тіркелгендігі анықталды.

    Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы

    25

    Сайтов Бақытжан

    59.

    Көксай-2 шағын ауданындағы электр желілерде шыққан ақауларды ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстары жүргізілсін.

    Мердігер мекеме «ABM building-2007» ЖШС тарапынан жұмыстар 2026 жылы 28 маусым күні реттелгенін хабарлаймыз.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    60.

    Көксай-2 шағын ауданы аумағына қажеттілікке қарай балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілсін.

    Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары аталаған аумаққа зерделеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде тұрғынның ұсынған жер учаскесі темір жолға тым жақын орналасқандықтан заң талаптарына сәйкес Еңбекші ауданы аппаратының теңгеріміне мемлекеттік акті рәсімдеу мүмкіншілігі жоқ. Бұл шағын ауданның аумағынан бос жер учаскесі болмауына байланысты, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату мүмкіншігі жоқ. Сонымен қатар, аталған мекенжайдан шамамен 250-300м ара-қашықтықта орналасқан Гидролизный 1а, 2, 3, 4, 34 үй аулаларында спорт және балалар ойын алаңшалары орналасқандығы тұрғынға түсіндірілді.

    Еңбекші ауданы

    26

    Момбекова Бибігүл

    61.

    195 орам аумағындағы 200 м. көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 195 орамда Атауы жоқ көшесінде жергілікті тұрғындардың аз қоныстануына байланысты шағал тас төсеу жұмыстарын атқаруға тапсырма берілді. Шағал тас төсеу жұмыстары тамыз айында атқарылатын хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Хусанов Миркамал

    62.

    Әуезов, Қарқара көшелеріне ирригациялық орнату мүмкіндіктері қаралсын.

    Зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында аталған көшелерге ирригациялық арық орнату мүмкіншілігі жоқ екендігі түсіндірілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    63.

    Оңтүстік шағын ауданы аумағына қажеттілікке қарай спорт ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілсін.

    Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында, 2021 жылы М.Өзтүрік, Мұсабек батыр көшесі, Гидролизный көшесі № 1 А мекенжайында спорт және ойын алаңшасы, сондай-ақ В.Гусев көшесінде ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді;
    2022 жылы Жамбыл, Шақпақ, Гидролизный 1Б , М.Өзтүрік көшелерінің бойына балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орнатылды;
    2025 жылы Гидролизный 1а, 2, 3, 4, 34 көппәтерлі тұрғын үйлер ауласына және Құма көшесінің бойында ойын және спорт алаңдары орнатылған.
    Ағымдағы жылы Оңтүстік ш.а, Гусев көшесінің бойында ойын алаңша орнату жұмыстары жүргізілуде.
    Одан бөлек, 2027 жылға халық қатысатын бюджет жобасы аясында тұрғындар тарапынан балалар ойын алаңшаларын орнату бойынша енгізілген ұсыныстарға сәйкес, Алқабек, Айбатты көшелерінің бойындағы бос жер телімдерін құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

    Еңбекші ауданы

    27

    Мамбеталиев Қалдан

    64.

    Айбатты көшесі бойындағы қызыл сызыққа түскен үйлер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Айбатты көшесі бойында орналасқан 37 жер учаскелері анықталды. Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша 37 жер учаскесі Бадам өзенінің жағасына жақын толығымен қызыл сызық енділігіне енеді оның ішінде 22 жер учаскесі Бадам өзенінің 35 метрлік санитарлық қорғау аумағында орналасқан.
    Аталған мәселе бойынша аз.Қ.Мамбеталиевке түсіндірме берілді

    Сәулет және қала құрылысы басқармасы

    28

    Қамысбекова Айман

    65.

    Ш. Уалиханов көшесінде орналасқан үйлерге кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндіктері қаралсын.

    Қазіргі таңда, «Шымкент қаласындағы Қазыбек би Асанов, Тажибаев, Шолохов, Уалиханов, Маметова, Ұлықбек, Циалковский көшелерінің кәріз желісін салу» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 12.03.2025 жылы № MBSG-0010/25 санды сараптама қорытындысы алынды.
    Осыған сәйкес, аталған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, мердігер мекемені анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    66.

    Ш. Уалиханов көшесіне ирригациялық арық орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде Ш. Уәлиханов көшесіне ирригациялық арық орнату қажеттілігінің жоқ екені анықталды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    67.

    Ш. Уалиханов көшесіне бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілсін.

    Зерделеу жұмыстары барысында аталған мекенжай бойынша бейнебақылау камерасының орнатылғаны анықталмады.
    Тұрғынға, бейнебақылау камераларын орнату мәселесі бойынша цифрландыру басқармасы тарапынан Полиция департаментіне ағымдағы жылға мекен-жай тізіміне қосуға №30-04-06/514 санды шығыс хатымен ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Цифрландыру басқармасы

    29

    Омарбекова Динара

    68.

    Азаматша Д. Омарбековаға жердің құжатын рәсімдеу бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147 бабы 1 тармағы 1, 2 тармақшаларына сәйкес, заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылданған шешімдерінің заңдылығына және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу орталық уәкілетті органның, яғни Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің құзырына (Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті) жататындығы түсіндірілді.

    Жер қатынастары басқармасы

    30

    Қабылбекова Жақсыкүл

    69.

    Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматшаға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Аз. Ж. Кабулбекова тұрғын үйге мұқтаж «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша 04.03.2014 ж бастап тіркелген. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың базасы «Отбасы банк» АҚ-ға (бұдан әрі – Банк) берілді. Банк тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратыны 02.07.2026 жылы телефон арқылы түсіндірілді.

    Отбасы банк

    32

    Әлметова Гулчехра

    70.

    Үйінің құжатын заңдастыру бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімі Ғ.Ә.Сыздықбековтің 2026 жылы 19 қаңтардағы төрағалығымен өткен №1 хаттамасы негізінде:
    Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, аудан әкімдері, қалалық прокуратура мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Қазіргі таңда, өз бетінше салған тұрғын үйлерді заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Жер қатынастары басқармасы

    71.

    Қажеттілікке қарай Саяжол көшесінің маңынан балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілсін.

    Еламан ш.а, Саяжол көшесі мен Амур аға көшелерінің қиылысында 2022 жылы ойын және спорт алаңша, 2024 жылы Саяжол көшесінің бойында ойын алаңша, 2025 жылы «Хазірет Али» мешітінің маңында, Қаратөбе тас жолы мен Саяжол көшесінің қиылысында ойын және спорт алаңшалары орнатылған.
    Халық қатысатын бюджет жобасы аясында тұрғындар тарапынан енгізілген ұсыныстарға сәйкес, Еламан ш.а №7 емхана маңына гүлзар орнату бойынша бос жер телімін құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

    Еңбекші ауданы

    34

    Ибрагимова Наргиза

    72.

    Оңтүстік шағын ауданындағы электр желілерде шыққан ақауларды ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстары жүргізілсін.

    «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан қуаты 160 кВт электр трансформаторы 2026 жылғы 15 тамызға дейін орнатылатынын хабарлаймыз.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    73.

    А. Мамедова көшесіндегі ирригациялық арықты ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде су басу қаупі болмауына байланысты Қамысты көшесіне ирригациялық арық орнату қажеттілігі жоқ екеніндігін хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    35

    Жұмабаева Ақмарал

    74.

    Азаматша А. Жұмабаеваның інісі қамалуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    18.05.2026 №43 ЖОМ мектеп әкімшілігі мобильды топпен бірлесіп, Шымкент қаласы Көксай-2 шағын ауданы №513 үй тұрғыны №43 ЖОМ 7 сынып оқушысы 13.12.2008 ж.т Жұмабаев Қуаныш Ескедірұлының тұрмыстық жағдайын зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында, жасөспірімнің тиісті жеке құжаттарының және заңды өкілдерінің болмауына байланысты, 18.05.2026ж Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы КММ-не Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсізідк бөлімінің учаскеліп полиция инспекторы полиция капитаны А.Айдарова мен білім басқармасының жолдамасы негізінде 13.12.2008 ж.т Жұмабаев Қуаныш Ескедірұлын орналастырған. Ораналастыру негізі жасөспірімнің анасы Жұмабаева Сырсұлу Жәнібекқызы жалғыз басты ана, Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының 04.12.2023ж №5266-23-002/1158 шешіміне сәйкес, ата-аналық құқықтан шектелген.
    05.12.2023 ж Білім басқармасының қаулысы негізінде туысқан әпкесі Жумабаева Ақмарал Жанибековнаның тәрбиесіне берілген. Алайда, құжаттарын зерделеу барасында азаматша Жумабаева Ақмарал Жанибековна заңды өкілі болып танылатын құжаттары анықталмады.

    Полиция департаменті

    36

    Болквадзе Момина

    75.

    Қамысты көшесіндегі ирригациялық арықты ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Қамысты көшесіндегі ирригациялық арықты ретке келтіру жұмыстары 2026 жылдың ІV тоқсанында атқарылады

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    76.

    Емхананы қажетті құрал-жабдықпен қамту мүмкіндіктері қаралсын.

    «Чапаевка» алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының материалдық-техникалық базасының жарақтандырылуы қазіргі таңда 86%-ды құрайды. Медициналық ұйым қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты, рентген аппараты, фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) аппараты, флюорография аппараты, зертханалық анализаторлар және басқа да медициналық құрал-жабдықтар қолданыста бар.
    Сонымен қатар, 2026 жылға қосымша медициналық жабдықтарды сатып алу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты мекеменің материалдық-техникалық базасының жарақтандырылу деңгейін 88%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
    Сондай-ақ, медициналық ұйым бейінді дәрігерлермен толық көлемде қамтамасыз етілген, бұл тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.

    Денсаулық сақтау басқармасы

    37

    Даулетовна Акмарал

    77.

    «Экология, өлкетану және туризм» КММ қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    «Экология, өлкетану және туризм» КММ –нің ғимаратын бұзып орнына қосымша құрылыс салу бойынша Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 17.04.2026ж. №10-10-11/3108 хатпен ұсыныс берілді.

    Білім басқармасы

    38

    Хачукаева Любовь

    78.

    Қарқара №76А үйдің маңында ауыл шаруашылығымен айналысатын үйге тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК мамандары тарапынан Еңбекші ауданы Чапаевка елді мекені П. Жуков көшесі №18 және №26 үй тұрғындарына «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы
    11 наурыздағы № 62/536-6с шешiмінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда аталған үй иелерінде кемшіліктер анықталуына байланысты заң аясында жұмыс жасауын бақылап, қадағалау бойынша Шымкент қаласының аумақтық инспекциясына хат жолданды.

    Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

    39

    Нұрлыбай Гүлбану

    79.

    Азаматшаға жердің құжатын рәсімдеу бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімі Ғ.Ә.Сыздықбековтың 2026 жылы 19 қаңтардағы төрағалығымен өткен №1 хаттамасы негізінде:
    Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, аудан әкімдері, қалалық прокуратура мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Қазіргі таңда, өз бетінше салған тұрғын үйлерді заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Жер қатынастары басқармасы

    40

    Муталипова Ақбота

    80.

    Азаматшаның әкесінің ісіне байланысты Шымкент қаласының полиция департаменті тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Азаматша Ақбота Муталипованың өтініші бойынша Шымкент Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында азаматша А.Муталипова хабрлағандай, әкесі 1950 жылы туылған Муталипов Адасхан 2026 жылдың сәуір айының 21 күні Шымкент қаласы, Төлеби көшесі бойында жүріп,белгісіз бағытқа шығып кеткені анықталды.Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматша А.Муталипованың әкесінің жүрген жері белгілі болды. А.Муталиповтың өзінің еркімен Түркістан облысына қой бағуға келісіп кеткені, ешкімнің күш қолданып алып кетпегені, оған қатысты қандай-да бір заңсыз әрекеттердің жасалмағаны және де өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені анықталды. Осы бойынша Шымкент Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Тергеу бөлімімен қаралып, іс-құжаттар қараусыз қалдырылып азаматша А.Муталииповаға қатысты құқықтық көмек көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бағыт бағдар берілді.

    Полиция департаменті

    41

    Бейсенбаев Берік

    81.

    2 бөлмелі пәтерден 3 бөлмелі пәтерге ауыстыру мүмкіндігін қарап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Аз. Б. Бейсенбаев тұрғын үйге мұқтаж «1-2 топ мүгедегі» санаты бойынша 24.07.2018 ж бастап тіркелген. Отбасы банк тарапынан 2-бөлмелі Асар-2 ш.а пәтер бөлінген, Алайда, ол пәтерден бас тартып, 3- бөлмелі пәтерді күтуде.

    Отбасы банк

    43

    Урбан Сергей

    82.

    Көксай-2 шағын ауданындағы үйінің құжатын заңдастыру бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімі Ғ.Ә.Сыздықбековтың 2026 жылы 19 қаңтардағы төрағалығымен өткен №1 хаттамасы негізінде:
    Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, аудан әкімдері, қалалық прокуратура мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Қазіргі таңда, өз бетінше салған тұрғын үйлерді заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

    НАО

    44

    Рахымбердиева Бибіхадиша

    83.

    Сығанақ көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қаралсын.

    Сығанақ көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі зерделенді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аталған көшеге асфальт қабатын төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындалатын болады.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    84.

    Азаматша мен көршісінің арасындағы мәселе бойынша басына шығып түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Аталған мәселе бойынша мекенжайға барып, азаматша мен көршісінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараптар өзара мәселелерін ортаға салып, пікір алмасты. Нәтижесінде, екі тарап ортақ келісімге келді

    Еңбекші ауданы

    45

    Жайшыбеков Зұлпыхар

    85.

    №34 жалпы орта мектептің қасбетін жөндеу бойынша тиісті шара қабылдансын.

    Ағымдағы жылы №34 жалпы орта мектептің қасбетін жөндеуге бюджеттен 7900,0 мың теңге қаржы бөлінді. Алдағы жаңа оқу жылына дейін жөнделеді.

    Білім басқармасы

    46

    Некрасова Татьяна

    86.

    Талдықорған-Қамысты көшелері қиылысы, жолдың екі жақ бетіне аялдама орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілсін.

    Қамысты көшесіне аялдама орнату бойынша мердігер мекеге тапсырма берілді. Жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін атқарылады.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    47

    Ягонина Наталья

    87.

    Төле би көшесі Военкомат маңына батырмалы бағдаршам орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Төле би көшесіндегі «Военкомат» аялдама маңында жаяу жүргіншілер өткеліне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде Төле би-Адырбеков көше қиылысына жақын болуына байланысты Төле би көшесіндегі «Военкомат» аялдама маңында батырмалы бағдаршам орнату қажеттілігі жоқ екендігін хабарлаймыз.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    88.

    Қамысты көшесін асфальттау мүмкіндігі қаралсын.

    Бұзылған жолды ретке келтіру жұмыстары 2026 жылдың қыркүйегіне дейін атқарылады

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    49

    Сұлтанбеков Молдабек

    89.

    Айнатас тұрғын алабындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін.

    Айнатас т.а. аумағынан үлгілік қағидаларға сәйкес, № 6 аулау тобы тарапынан 5 бас ит ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Аулау жұмыстары жалғасуда.

    Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

    90.

    Арзымбетов көшесіне жол белгілерін орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Аталған мәселе бойынша азамат М.Султанбеков жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырып бірге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен жоғарыда аталған жол белгісін Ж.Арзымбетов көшесіне орнату негізсіз екені жергілікті тұрғындарға жеткізілді

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    50

    Қаратаев Мұхтар

    91.

    Айнатас тұрғын алабының кіреберіс аумағына елді мекен атауы жазылған белгіні орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Қазіргі таңда, Сәулет және қалақұрылысы басқармасы және Еңбекші ауданының әкімдігі, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірлесе аудан аумағында орналасқан шекаралары нақтылануда. Жоғарыда аталған жұмыстар аяқталған соң, ақпараттар аудан әкімдіктеріне жолданатын болады. Әрі қарай белгі орнату Еңбекші ауданы әкімдігі тарапынан қаралатын болады

    Сәулет және қала құрылысы басқармасы

    92.

    Айнатас тұрғын алабындағы ауыз су жүйесіне сүзгі (фильтр) орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

    Қазіргі таңда, «Шымкент қаласы Тоғыс тұрғын алабында су құбыры желілерін салу (судың қаттылығын жұмсартуға арналған жабдықтар жүйесін орнату)» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2026 жылы жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сраптама қорытындысын алу жоспарлануда.
    Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлуге, кезекті бюджеттік нақтылауда ұсыныс беріледі.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    93.

    Айнатас тұрғын алабына қажеттілікке қарай аялдама орнату жұмыстары жүргізілсін.

    Айнатас тұрғын алабына тиісті жерлерге аялдама орнатылды

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    51

    Рысбекова Гульназ

    94.

    Айнатас тұрғын алабына қатынайтын қоғамдық көлік санын арттыру мүмкіндігі қаралсын.

    Қала тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік маршруттарын оңтайландыру (қосымша қоғамдық көлік қосу) бойынша көтерілген мәселелер толықтай назарға алынды.
    Маршруттық желілерді оңтайландыру шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жолаушылар ағынының мониторингін және тиісті мемлекеттік қаржыландыруды қажет етеді.
    Бүгінгі таңда аталған сұраныстар бақылауға енгізіліп, алдағы кезеңде қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және кешенді сызба шеңберінде кезең-кезеңімен қарастырылатын болады.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    95.

    Айнатас тұрғын алабына қажеттілікке қарай балабақша салу мүмкіндіктері қаралсын.

    Басқармаға қарасты 657 мектепке дейінгі білім ұйымдары бар, оның 71 мемлекеттік, 586 жекеменшік білім ұйымдары.
    Бүгінгі таңда бюджет есебінен балабақша құрылысына қаржы көзі қаралмайды.
    Қалада, балбақша құрылыстары жеке инвесторларымен шешімін табуда.

    Білім басқармасы

    52

    Үйсіпхан Кәсиран

    96.

    мемлекет тарапынан қаржы бөлу арқылы Мешіт құрылысы жүргізілмейтіндігі бойынша түсіндірілсін.

    Азаматшаға мемлекеттік қаржы есебінен мешіт құрылысы жүргізілмейтіндігі бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Дін істері басқармасы

    53

    Конкаева Дариға

    97.

    Азаматшаның үйіне талдау жұмыстарын жүргізіп, авариялық деп танылған жағдайда көмек көрсету жолдары қаралсын.

    Азаматшаның үйіне талдау жұмыстары жүргізіліп, демеушілер есебінен үйдің құрылыс материалдары толық жеткізілді

    Төтенше жағдай департаменті

    54

    Орынбаев Берік

    98.

    Елтай тұрғын алабындағы «Алаш» ЖОМ-не қарама-қарсы беттегі егістік жерге салынған құрылыс нысанының (қора) заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 261 орам., №528 мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі №22-329-047-178 жер учаскесінің иесі: Балтабаева Салиха (ЖСН: 531229401032) нысаналы мақсаты: ауылшаруашылығы мақсаты үшін берілген жер учаскесінде құрылыс нысандарын салып пайдаланып жатқаны анықталып Шымкент қаласы жер ресурстарын басқару департаментіне 19.06.2026 жылы №56-05-03/5119 санды шығыс хаты жолданды. Қабылдауда болған Б. Ормабаевпен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр, №10 құрылыс нысанының заңдылығын тексеру туралы 25.06.2026 жылғы №ЖТ-2026-02382074 арызы қаралуда. Басқарма тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына сұраныс хат жолданып, тиісті мәліметтер жинақталуда.

    ДУЗР

    55

    Ашетов Батырхан

    99.

    Бадам өзені бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілсін.

    Бадам өзенінің арнасын Оңтүстік шағын ауданнан Ташкент көпіріне дейін механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу, ұзындығы 3 шқ; ЖСҚ сараптамадан өтуде.

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    100.

    Ұлттық спортты дамыту мақсатында «Көкпар» ойындарын өткізетін орын бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Маятас тұрғын алабында 12 га «Көкпар» ойындарын өткізетін сұратылған жер учаскесінде кадастрлық №22-329-051-599 (нысаналы мақсаты: айырбастау қоры үшін) «Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ-не тіркелген (қосымша тіркеледі). Бас Жоспарға сәйкес жасыл желектер аумағында орналасқан. Ұлттық спортты дамыту мақсатында «Көкпар» ойындарын өткізу орын салу қажеттігі туралы зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына 24.06.2026 жылғы № 56-01-05/5293 санды хаты жолданды. Азамат Б.Ашетовке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жер қатынастары басқармасы

    56

    Қалыбаев Қансейіт

    101.

    Бадам және Тоғыс су қоймаларына тазалық жұмыстары жүргізілсін.

    Бадам және Тоғыс су қоймаларының табанында жиналған тұнбаларды тазалау мәселесіне қатысты төмендегіні хабарлаймын. Бадам су қоймасы бойынша көпфакторлы зерделеу жұмыстары 2024 жылы жүргізілді. Аталған жұмыстар шеңберінде орындалған батиметриялық түсірілім нәтижелері бойынша су қоймасы табанында жиналған тұнбалардың жалпы көлемі 5,02 млн м³ екендігі анықталды. Қазіргі уақытта Бадам су қоймасын қайта құру жобасы әзірлену үстінде. Жобалаушы ұйым– «DosStroyProject» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу ағымдағы жылдың II тоқсанына дейін қаралған. Аталған жобада су қоймасы табанын тазалау жұмыстары қарастырылған. Жобада көзделген құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру үшін алдағы кезеңде тиісті қаржыландыру көздерін айқындау және қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Тоғыс су қоймасы бойынша 2026 жылы гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздік деңгейін бағалау мақсатында көпфакторлы зерделеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қауіпсіздік декларациясын әзірлеу жоспарлануда. Аталған зерделеу жұмыстарының қорытындылары негізінде су қоймасы кешеніне қажетті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының түрлері айқындалып, табанда жиналған тұнбалардың көлемі мен таралу аумағы нақтыланатын болады. Сонымен қатар, Түркістан филиалының қарамағындағы арнайы техникаларды пайдалана отырып, су қоймалары табанындағы тұнбаларды тазалау жұмыстарын кезеңкезеңімен ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізу жоспарлануда. Тазалау барысында шығарылатын тұнбаларды орналастыру орындары жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, белгіленген

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    102.

    Тоғыс су қоймасынан тұрғындардың егістік аумағына ағын сумен қамту мүмкіндіктері қаралсын.

    Тоғыс су қоймасы «ҚазСушар» РМК меншігінде, тұрғындарды егістікке қажетті ағын су мен қамтамасыз ету үшін
    «ИП Абдиманап» келісімшарт түзіліп су қоймадан су жіберілуде. Жергілікті тұрғындар «ИП Абдиманап» келісімшарт арқылы егістікке қажетті мөлшерде су берілуде.

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    57

    Суеркулов Нурлан

    103.

    Қарабастау тұрғын алабы №99 мектеп маңындағы 0,87 га. жер телімін Шымкент қаласының білім басқармасына рәсімдеу жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімдігінің 10.03.2026 жылғы №1033 санды қаулысымен Шымкент қаласының білім басқармасына рәсімделген.

    Білім басқармасы

    58

    Гаипова Динара

    104.

    Жыланбұзған тұрғын алабы Беласар көшесін табиғи газбен қамту мүмкіндіктері қаралсын.

    Қазіргі таңда, аталған шағын ауданындағы тұрғын үйлерге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бастапқы құжаттарын жинақтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған шағын ауданына газ құбырының қосылу көзі қолданыстағы АГТС №4 болып анықталды.
    Аталған АГТС №4 Түркістан облысына қарасты болуына байланысты қосылу көзіне техникалық шарт алу мақсатында 02.07.2026 жылы №12-05-03/1474 хаты жолданды.
    Қосылу көзіне техникалық шарт алуға рұқсат берілген жағдайда бастапқы құжаттар жинақталып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    60

    Үмбет Ұлықбек

    105.

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбек тарапынан қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбек тарапынан қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

    Ішкі саясат басқармасы

    61

    Сапаров Хамит

    106.

    Азаматтың еңбекке баулуға арналған арнайы құрылғыларын оқыту кезеңінде пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Зейнеткер Х. Сапаровтың еңбекке баулуға арналған өз қолымен жасалынған құрылғылары оқыту талаптарына сай емес, ескі құрылғылар екені анықталып, өтініш иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Білім басқармасы

    62

    Досыбаев Талғат

    107.

    Елтай тұрғын алабы Еліксай, Саяқ, Нұрлысай көшелеріндегі 70 тұрғын үйге ауыз су жүйесінің қысымын көтеру үшін жүйені ауыстыру жұмыстары жүргізілсін.

    Елтай тұрғын алабындағы 70 тұрғын үйдің ауыз су құбырларын жөндеу, ауыстыру жұмыстарын жүргізу бойынша ағымдағы жылы ««Шымкент қаласы, жаңа «Оңтүстік» тұрғын үй кешенінің аумағында ауыз су құбырының құрылысы» нысанының жобасына енгізіліп, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан 16.02.2026 жылы № MBSG-0024/26 санды оң қорытындысы алынды.
    Осыған сәйкес, аталған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталды. 2026-2027 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    64

    Зияметов Абдулла

    108.

    Міртемір көшесіне ирригациялық арық жүргізу мүмкіндігі қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша Міртемір көшесіне ирригациялық арық жүргізу мәселесіне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған көшеде ирригациялық арық жүргізу қажеттілігінің жоқ екені анықталды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    109.

    Міртемір көшесіне орнатылған антеннаның заңдылығын қарап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Исфиджаб тұрғын алабын мобильді байланыс желісін жақсарту мақсатында Кселл компаниясының Міртемір көше бойында екі мақсатты тірек орнату жұмыстары жүргізілді.
    Аталған базалық станцияны орнату бойынша тиісті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынған.
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитариялық қағидаларына сәйкес, базалық станциялар халық денсаулығына қауіпсіз деңгейде пайдалануға рұқсат етіледі және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады. Осыған байланысты, қазіргі таңда аталған базалық станцияның тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіні туралы расталған ғылыми немесе санитариялық негіздер анықталмағанын хабарлаймыз.

    Цифрландыру басқармасы

    66

    Асқаров Асыл

    110.

    Азамат А.Асқаровты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі қаралсын.

    Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің қала тұрғындарымен кездесу барысында көтерген мәселеңіз бойынша келесіні хабарлаймыз.
    Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығы (бұдан әрі – Орталық) тарапынан Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Сізге жұмыспен қамту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Орталық мамандары Сізді 17.02.2026 - 31.12.2026 аралығына №6472449 жолдамамен «Корпорация «Asyl Arman» ЖШС-не «ақылы қоғамдық жұмысқа» субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жұмысқа жолдап, жұмысқа қабылдандыңыз.
    Сонымен қатар Сіз, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша филиалында субсидияланатын жұмыс орындары бойынша ақылы қоғамдық жұмысшы негізінде жұмыс атқарғаныңызды және осы мекемеге «заңгер» мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға ниетті екендігіңізді мәлімдедіңіз.
    Осыған орай, Қоғамнан келген мәліметке сәйкес (29.06.2026 жылғы №03-18-05-09/11514 хаты), Шымкент қаласы бойынша филиалында бос немесе уақытша бос ваканттық орындар болған жағдайда Қоғамының бос лауазымына орналасу қағидалары талаптарына сәйкес Қоғамның ресми сайтында (gov4c.kz) конкурс жарияланады. Осы сайтта қажетті барлық ақпараттар тізбесі көрсетіледі. Филиалға жұмысқа орналасуға ниет білдірген барлық үміткерлерге Қағида талаптарына сай келген жағдайда байқауға қатысуға шектеу жоқтығы түсіндіріледі.
    Осы ретте, Филиалда байқау жарияланған жағдайда қатысуға толық мүмкіндіңіз бар екендігін хабарлайды.
    Қазіргі уақытта Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталында (бұдан әрі – Портал) арқылы жарияланған «Динара» ЖК атынан әрекет етушу Асанова Динара Рахимовна (тел.87081021367, 87781183852) жалақысы (185 000 теңге – 220 000 теңге) «Call центр» орталығына, «Home Credit Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «KaspiBank» АҚ Шымкент қалалық филиалдарында «менеджер» ретінде жалақысы (175 000 теңге – 220 000 теңге) бос жұмыс орны Сізге WhatsApp мессенджері арқылы жолданды.
    Осыған байланысты, аталған бос жұмыс орындарына сұхбаттасудан өту арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

    Жұмыспен қамту басқармасы

    68

    Мырзатаева Мадина

    111.

    Міртемір көшесіндегі жолды жабу мәселесін зерделеп, заңға сәйкес ашу жолы қаралсын.

    Азаматшамен ұялы байланыс телефонымен сөйлесу барысында мәселесі толыққанды шешілгенін мәлімдеді

    Жер қатынастары басқармасы

    112.

    Міртемір көшесіне балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Аталған аумаққа зерделеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде тұрғынның ұсынған жер телімдері жеке меншікке рәсімделгендігі анықталды.
    Аталған жер учаскеін мемлекет мұқтаждығына алу ҚР Жер кодексінің 84-бабына (Жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері) сәйкес іске асырылатындығы және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару қарастырылмағандығы түсіндірілді.

    Еңбекші ауданы

    113.

    Міртемір көшесіне орнатылған антеннаның заңдылығын қарап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Исфиджаб тұрғын алабын мобильді байланыс желісін жақсарту мақсатында Кселл компаниясының Міртемір көше бойында екі мақсатты тірек орнату жұмыстары жүргізілді.
    Аталған базалық станцияны орнату бойынша тиісті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынған.
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитариялық қағидаларына сәйкес, базалық станциялар халық денсаулығына қауіпсіз деңгейде пайдалануға рұқсат етіледі және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады. Осыған байланысты, қазіргі таңда аталған базалық станцияның тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіні туралы расталған ғылыми немесе санитариялық негіздер анықталмағанын хабарлаймыз.

    Цифрландыру басқармасы

    114.

    Көршілерінің қысымына байланысты құқық қорғау органдары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Шымкент қаласы, Исфиджаб ықшам ауданы, Міртемір көшесі №24 үй тұрғыны Мырзатаева Мадина Адилбековна шағымы. Шымкент қаласы, Исфиджаб ықшам ауданында орналасқан Міртемір көшесі тұйық көшесін (тупик) ашып беруін сұранған болатын. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің №47 Учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторымен азамат М.Мырзатаеваны шақыртылып, аталған тұйық көшенің (тупик) иесі көршісі азамат Муллашиков Жамшид Мамиршиковичтен тиісті іс-құжаттар алынды. Тұйық (тупик) көшенің заңды иесі бар болғандықтан тұйық көшесін (тупик) ашып беру мүмкіншілігі жоқ екендігі түсінідірілді. Нәтижесінде екі тарап табыстырылып, азаматша М.Мырзатаеваның арыз шағымы жоқ екендігі айтып өткен.

    Полиция департаменті

    115.

    Міртемір көшесіндегі істен шыққан жарық шамдарды толығымен ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін.

    Міртемір көшесіндегі істен шыққан жарық шамдарды толығымен ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін. Мердігер мекеме «ABM building-2007» ЖШС тарапынан жұмыстар 2026 жылғы 1 тамызға дейін реттелетінін хабарлаймыз.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    116.

    Исфиджаб елді мекеніне емхана салу мүмкіндігі қаралсын.

    Исхиджаб елді мекені тұрғындарына ШЖҚ "№12 қалалық емхана" МКК медициналық көмек көрсетеді. Исхиджаб елді мекені, Ж.М. Сайрам көшесі №275 2013 жылы салынған 1 қабатты медициналық бөлімшеде 4 жалпы дәрігер, 2 педиатр 7279 тұрғынға медициналық көмек көрсетеді.

    Денсаулық сақтау басқармасы

    69

    Байметов Мұратжан

    117.

    Тұрғындар тарапынан асфальт қабатын бұзбай ауыз су жүйесіне абоненттеу мүмкіндігі қаралсын.

    Тұрғынмен хабарласып, су жүйесін абоненттеу жұмысы “Су құбыры және канализация басқармасы” МКК тарапынан орындалды.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    118.

    Суармалы суды пайдаланбауына байланысты төлемақы келу мәселесі бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    «Шымкент Сушар» МКК үй іргелік жерлерге суармалы ағын суды жеткізу қызметі үшін жылына бір рет 1000 теңге көлемінде төлемді «Омега XXI» арқылы қабылдайды.
    Қала әкімінің Еңбекші ауданында өткен кездесуінде суармалы ағын суды пайдаланбайтын тұрғындардың бұл қызмет үшін төлемақы келу мәселесі көтерілді. Осыған байланысты тұрғындарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қалалық жайлы ортаны дамту басқармасы

    71

    Бегметов Мұрат

    119.

    Көшедегі тұйықтарды жөндеп, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілсін.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша Міртемір көшесіндегі істен шыққан жарық шамдарды ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған көшедегі жарықтандыру жүйесі толықтай ретке келтірілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    120.

    Ибрагим ата көшесіне ирригациялық арық жүргізу мүмкіндігі қаралсын.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша Ибрагим ата көшесіне ирригациялық арық жүргізу мүмкіндігі қаралды. Зерделеу нәтижесінде аталған көшеде ирригациялық арық жүргізу қажеттілігінің жоқ екені анықталды.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    121.

    Электр жүйесінің сапасын арттыру үшін трансформаторды қосу жеделдетілсін.

    «Қазіргі таңда мердігер мекеме «КазЕвроСтрой» ЖШС тарапынан 20 трансформатор орнатылды. Қалған 3 трансформаторды орнату жұмыстары жүргізілуде. Қосу жұмыстары 2026 жылғы 15 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    72

    Артукматов Арзумад

    122.

    Азаматтың жер учаскесіне балалар ойын алаңшасының салыну мәселесін зерделеп, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    “Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы” КММ және “Еңбекші ауданы әкімінің аппараты” КММ-нің мамандары мәселені көтерген тұрғынмен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында, Исфиджаб т.а., Әл-Фараби өткелі мекенжайы бойынша балалар ойын алаңшасы орнатылып жатқан жер учаскесі, тұрғынның мемлекеттік актісіне ешқандай қатысы жоқ екендігі жөнінде толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жер қатынастары басқармасы

    74

    Зейінов Еркін

    123.

    Азат шағын ауданы мен Міртемір көшесін қосатын атауы жоқ көшедегі балалар ойын алаңшасына бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігі қаралсын.

    Зерделеу жұмыстары барысында аталған мекенжай бойынша бейнебақылау камерасының орнатылғаны анықталмады.
    Тұрғынға, бейнебақылау камераларын орнату мәселесі бойынша цифрландыру басқармасы тарапынан Полиция департаментіне ағымдағы жылға мекен-жай тізіміне қосуға №30-04-06/514 санды шығыс хатымен ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Цифрландыру басқармасы

    75

    Зияметов Пайзахмед

    124.

    Исфиджаб елді мекеніне кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндігі қаралсын.

    Бүгінгі таңда, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен, қаланың оңтүстік бөлігіндегі ұзындығы 18,7 шақырым, диаметрі – 800-1200 мм болатын коллектордың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобалаушы мекеме - «Қазақсантехпроект» ЖШС.
    2026-2027 жылдары жобалау-сметалық құжаттамасының әзірленуін аяқтап, сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда. Осы коллектор арқылы ағатын сарқынды сулар қуаттылығы 210,0 мың м3/тәу. құрайтын жоспарланған
    №2 кәріз тазалау имаратына бұру көзделіп отыр.
    Осыған орай, №2 кәріз тазалау имаратының құрылысын және
    магистралды кәріз коллекторының құрылыс жұмыстарын 2027-2029 жылдары жүргізу жоспарға қойылған. Жоғарыдағыны қорытындылай келе, аталған №2 кәріз тазалау
    имаратының құрылысы және магистралды кәріз коллекторының құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Исфиджаб шағын ауданы ішкіорамдық кәріз жүйелерін жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймын.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    77

    Суханов Абдраман

    125.

    М.Маметова, А.Алимбетов, К.Росси, Ақжанкөл, Бағанашыл, Үлкентоғай, Көкжиек, Ұлыкөл, Ипмаганбетова көшеліне кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндігі қаралсын.

    «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» ММ-і (бұдан әрі-басқарма) тарапынан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Еңбекші ауданы, М.Маметова, А.Алимбетов, К.Росси, Ақжанкөл, Бағанашыл, Үлкентоғай, Көкжиек, Ұлыкөл, Ипмаганбетова көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін, техникалық шарт алуға хат жолданады.
    Осылайша, М.Маметова, А.Алимбетов, К.Росси, Ақжанкөл, Бағанашыл, Үлкентоғай, Көкжиек, Ұлыкөл, Ипмаганбетова көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді кәріз жүйесіне қосуға техникалық шарт алынған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    78

    Салбеков Бақыт

    126.

    №142 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын жұмыстан шығару бойынша тиісті талдау жұмыстарын жүрігізіп, азаматқа түсіндірме жүргізілсін.

    Өтініш иесінің жұбайы № 142 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу орынбасары Н. Қамытбекова. Өзінің лауазымдығына сай бекітілген жұмыс талаптарын дұрыс орындамағаны үшін (себепсіз жұмыстан қалу, жұмыс уақытынан кешігу және т.б) мектеп басшылығынан бірнеше ескертулер берілген. 2026 жылдың 4 мамыры күні Н. Қамытбекова жұмыстан босату бойынша өз өтінішін өткізген. Өзінің өтініші негізінде жұмыстан босатылған. 2026 жылдың 29 маусымы күнгі ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде, ешқандай заңсыздықтар орын алмағаны анықталған.

    Білім басқармасы

    79

    Көмекбай Жасұлан

    127.

    Қапал батыр және Керуенсарай (Ленгір тас жолы) көшелерінде көлік кептелістерін азайту мақсатында, елді мекендер орналаспаған аумақтарға Қазақстап Республикасының Жол жүрісі Қағидасының 3.24 «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу» сағатына 80 км. аспайтын жол белгілерін орнату бойынша ұсыныс енгізілсін.

    Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесін (Ленгір-Шымкент тас жолы) бөлігін кеңейту мүмкіндігін қарау бойынша ұсыныс берген. Аталған ұсыныс бойынша Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесіне орнатылған интелектуалды көлік жүйесі және бейнебақылау камераларымен зерделеу барысында осы бағыт бойынша (Ленгір-Шымкент тас жолы) бір жұмыс күнінде шамамен 19 500 - 20 000 автокөліктер қалаға кіріп шығатыны анықталды.Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі көлік ағымының қарқындылығы жоғары болғандықтан және жолдың тар болғанынан күнделікті қарбалас уақытта (час пик) көлік кептелістері орын алуда. Қапал батыр көшесін 4 жолаққа дейін кеңейту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы 2026 жылдың 27 наурызында шығыс №5-3-28/2221-И санды ұсыныс хаты жолданған.

    Полиция департаменті

    80

    Қансейіт Кеңесәлі

    128.

    Бадам-2 тұрғын алабының тұрғыны К. Қансейітті Мемлекеттік наградаға ұсыну мүмкіндігі қаралсын.

    Азаматқа Шымкент қаласы әкімінің жанындағы наградалар жөніндегі комиссия отырысының қарауына тиісті құжаттарды тізім бойынша толықтырып тапсыру қажет екендігі түсіндірілді.

    Қала әкімдігі

    81

    Дербисова Қарлығаш

    129.

    "Еңбекші" КММ басшылығы тарапынан қудалау жағдайларын заң аясында қарап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

    Азаматша Дербисова Қарлығаш Мамировнаның түсірген шағымы бойынша Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Жолдахметов Марлан Халдиханұлы және Еңбекші коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орынбасары Төлебеков Нұржан Өмірзақұлының қатысуымен тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде тараптар арасында туындаған мәселе қаралып, оң шешім қабылданды.

    Еңбекші ауданы

    82

    Ибрагимова Марина

    130.

    Клара Цеткин көшесінен салынған қоймадан үйіне су кіру мәселесін зарделеп, шешу жолы қаралсын.

    Басқарма тарапынан М.Ибрагимованың үйіне су кіру мәселесі зерделеніп, нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалды өтеу бойынша тараптар өзара келісімге келді.

    Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы

    83

    Төлендиев Жорабек

    131.

    Ұлағат шағын ауданын мемлекеттік газ жүйесіне қосу мүмкіндіктері қаралсын.

    Қазіргі таңда, Шымкент қаласы, Ұлағат шағын ауданындағы табиғи газ құбырларын қайта жаңарту (реконструкция) мақсатында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы қажетті құжаттар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік құрылыстарды орналастыру үшін жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар, техникалық шарттарды алу) жинақталуда.
    Жоғарыда аталған бастапқы құжаттарды жинақтау аяқталғаннан кейін 2027 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары үшін тиісті бюджеттік өтінім берілетін болады.

    Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

    132.

    Қалдыбаев және Машат көшелерін кеңейту мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

    Сіздің ұсынысыңыз бойынша Қалдыбаев және Машат көшелерін кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған көшелерді кеңейтуге техникалық және аумақтық мүмкіндіктердің жоқ екені анықталды. Осыған байланысты көше кеңейту жұмыстарын жүргізу мүмкін емес екені түсіндірілді.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    133.

    Тленшин көшесіндегі көпірдің құрылыс жұмыстары бойынша тұрғынға түсіндірілсін.

    Шымкент қаласындағы Тленшин көшесі бойында теміржол арқылы өтетін автокөлік өткелінің құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда жобаның жалпы орындалу деңгейі 70%-ға жетті. Нысандағы негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні өткелдің 3 тірек қабырғасының құрылысы толық аяқталды. Ал 4-тірек қабырғасы бойынша жұмыстардың 50%-ы орындалды. Сонымен қатар, өткел бағаналарын орнату жұмыстарының 70%-ы аяқталды. Жоба аясында жол инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстары қатар жүргізілуде. Жоба толық аяқталғаннан кейін көлік қозғалысының өткізу қабілеті артып, тұрғындар үшін теміржол арқылы қауіпсіз әрі үздіксіз қатынас қамтамасыз етіледі. Нысанды биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жүктеу
    b90a4f539a08594e85f09eb07ce18ce3_original.110759.docx
    DOCX · 108 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

    № Аты-жөні, мекенжайы № Тапсырмалар Орындалу мерзімі Жауапты 1. Баканов Ғалиддин 1. Қайтпас-1 шағын ауданына қажеттілікке қарай мектеп салу мүмкіндігі қаралсын. Қайтпас-1 шағын ауданына қаланың егжей-тегжейлі бас жоспары...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

    № Аты-жөні, мекенжайы № Ұсыныс, ескертудің мазмұны Орындау мерзімі Жауапты 1 Енсебаев Сайран Омарович 1. Азамат С. Енсебаевқа тұрғын үй кезегі мен тұрғын үй алуға арналған арнайы бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстар...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Абай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

    № Аты-жөні, мекенжайы № Ұсыныс, ескертудің мазмұны Орындалуы Жауапты 1 Жүнісов Серік 1. 1 га жеке меншіктегі жерінің 44 соттық жерін мемлекет мұқтаждығына алған, қалған 56 соттық жер учаскесін (жердің астынан коммуникаци...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

    № 36 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы - «125 High School» Орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Самал-2» шағын ауданы, №132/3. Байланыс телефон нөмірі: 8-778-788-04-97 Тилепбаева Айжамал Кадыркызы– Комиссия төраға...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2024 жылдан бастап ресми мерекелер тізбесіне енгізіліп, елі...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

    ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ Діни бірлестіктер туралы: Шымкент қаласының дін істері басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) өз қызметін Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сә...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы Опера және балет театры құрылысы салу жоспарлануда.

    «Шымкент қаласы Опера және балет театры құрылысы» нысаны бойынша Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан құрылыс салуға 4,8 гектар жер учаскесі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 767 қа...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЕЛ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰБЫРІШІЛІК ДИАГНОСТИКА ЕНГІЗІЛДІ

    Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мегаполисте жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, апаттардың алдын алу мақсатында құбырішілік диа...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды: