№ |
Аты-жөні, мекенжайы |
№ |
Ұсыныс, ескертудің мазмұны |
Орындалуы |
Жауапты |
1 |
Жүнісов Серік |
1. |
1 га жеке меншіктегі жерінің 44 соттық жерін мемлекет мұқтаждығына алған, қалған 56 соттық жер учаскесін (жердің астынан коммуникация өткізіп қойған) мемлекет мұқтаждығына алу бойынша өтінішіне зерделеу жұмыстары жүргізілсін |
Кадастрлық №19-309-203-2026 жер учаскесіне қала әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулысы қабылданбаған. |
Жер қатынастары басқармасы |
2. |
С. Бәйтереков көшесінің бойындағы аукцион арқылы алынған 220 шаршы метр жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу бойынша өтінішіне зерделеу жұмыстары жүргізілсін |
Кадастрлық №19-309-002-854 жер учаскесіне қала әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулысы қабылданбаған. |
Жер қатынастары басқармасы | ||
2 |
Байтекова Кенжегүл |
3. |
Қызылжар шағын ауданындағы 2011 жылдан бері тұрып жатқан үйінің жер учаскесін заңдастыру мүмкіндігі қаралсын |
Қала әкімінің 19.01.2026 жылы төрағалығымен өткен №1 хаттамасы негізінде: |
Жер қатынастары басқармасы |
3 |
Құлназарова Бақыткүл |
4. |
«Қамқорлық» оңалту орталығын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан білім басқармасына өту себебі бойынша түсіндіру жұмыстары мен ата-аналардың қатысумен орталыққа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізілсін |
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қамқорлық» № 8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 2025 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкент қаласының әкімдігінің № 5281 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының «Қамқорлық» оңалту орталығы» КММ-сі болып қайта аталып жұмысын жалғастыруда. |
Білім басқармасы |
4 |
Үсенбаева Асель |
5. |
Оңалту орталығына орналастырылған балалардың денсаулығы туралы анықтаманы 3 ай сайын сұрату мерзімін ұзарту мүмкіндігі қаралсын |
Қамқорлық оңалту орталығына ерекше білім беруді қажет ететін балалар туғаннан 18 жасқа дейін ПМПК (психологиялық-медициналық педагогикалық кеңесі) қорытындысы негізінде 1-жылға (365 күнге) тұрақты мерзімге қабылданады. Баланың денсаулығы туралы анықтама 1-жыл ішінде 1 рет қана беріледі. |
Жұмыспен қамту басқармасы |
5 |
Қошқарбай Махаббат |
6. |
«Су құбыры және канализация» МКК тарапынан Қайнарбұлақ шағын ауданындағы су басу салдарынан құлаған үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін |
Қайнарбұлақ шағын ауданындағы су басу салдарынан құлаған үйді қайта қалпына келтіру бойынша қазіргі таңда демеушілік есебінен жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар 2026 жылдың соңында аяқталады |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы |
6 |
Бекжанов Асан |
7. |
Самал-2 шағын ауданындағы жауын кезінде көшені су басу мәселесін шешу үшін құбыр (труба) орнына арық орнатып, ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін |
Самал-2 шағын ауданындағы жауын-шашын кезінде көшені су басу мәселесін шешу мақсатында құбырдың орнына арық орнату және ретке келтіру жұмыстары бойынша мердігер мекемеге тиісті тапсырмалар берілді. Аталған жұмыстарды 2026 жылғы шілде айында бастау жоспарлануда. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
7 |
Кадыркулов Ерғали |
8. |
Самал-3 шағын ауданы Ізенді көшесі, 70 мекенжайындағы үйінің аумағына көршісі енуіне байланысты үйге кіріп-шығу жолын ашу бойынша сот шешіміне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу керектігі түсіндірілсін |
Самал-3 шағынауданы, Изенді көшесі №66 тұрғын үйіне кіріп-шығу жолын ашу мәселесі бойынша Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, жер қатынастары басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалының өкілдері бірлесіп жергілікті жерде зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, |
Жер қатынастары басқармасы |
8 |
Хитметова Умида |
9. |
Спатаев көшесіндегі үйінің жанынан салынып жатқан тойхананың заңдылығын анықтап, заң талаптарына сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілсін |
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының 17.04.2026 жылғы №40/1274 жолданымы негізінде, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір м/а, Ербол Спатаев көшесі №32 мекенжайдағы құрылыс нысан И.Т. Розметовке тиесілі екені анықталды. Басқарманың 21.04.2026 жылғы №257900140000628, №257900140000629 санды хаттамасы және Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 08.05.2026 жылғы қаулысы негізінде И.Т. Розметов ҚР ӘҚБтК-нің 316 б. 1-бөл., 321 б., 463 б. 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
9 |
Аңдасбекова Гүлназира |
10. |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін. |
Полиция |
10 |
Нәртбаев Расул |
10. |
Тәуелсіздікке 30 жыл елді мекеніндегі жер учаскесінің нысаналы мақсатын тұрғын үй үшін ауыстыру (Бас жоспарға өзгерістер енгізе отырып) мүмкіндігі қаралсын |
Азамат Р.Нартбаевтың меншігіндегі Шымкент қаласы, Жаңаталап тұрғын үй алабы №438/2 мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-077-283 алаңы 1.1269 га шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес аз қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық-іскерлік нысандар және агрокомплекс аумағында орналасқан. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
11 |
Қонақбай Құдайберген |
11. |
Ынтымақ-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында орнатылған электр бағанасының орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілсін |
Ынтымақ-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында орнатылған электр бағанасын көшіру жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін толық аяқталатынын хабарлаймыз. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы |
12 |
Шулденова Гүлзахира |
12. |
Қанағат көшесіне тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, су басудың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдансын (К.Казиев көшесін кеңейту барысында орын алған) |
Қанағат көшесінде су басу жағдайларының алдын алу мақсатында тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесінде қажеттілігі анықталған жағдайда, су бұруды қамтамасыз ету және су басудың алдын алу бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі белгіленген тәртіппен қаралатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
13. |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін |
Полиция | ||
13 |
Изатов Зулпарша |
14. |
Қызылжар шағын ауданында салынып жатқан стадионның жобасы азамат З. Изатовқа түсіндірілсін |
Стадионға табиғи шөп төсеу және үстін жабу бойынша демеушілер іздестірілуде. Алдағы уақытта демеушілер табылған жағдайда аталған жұмыстар атқарылатынығы түсіндірілді. |
құрылыс басқармасы |
14 |
Мамытова Ақерке |
15. |
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматшаға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
А. Мамытова тұрғын үйге мұқтаж «көпбалалы отбасы» санаты бойынша 22.07.2020 ж бастап тіркелген. Кезек реттілігімен қамтылатындығы және 2025 жылдың 24 мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өткізілген. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыратындығы өтініш иесімен 01.07.2026 жылы хабарласып түсіндірілді. |
Отбасы банк |
16. |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120 бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының» 2-тарауының 3-тармағына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің (2026 жыл II-тоқсанға 43644 теңге) мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. |
Жұмыспен қамту басқармасы | ||
17. |
Азаматшаның жұбайын «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қаралсын |
Азаматшаның жолдасы Ысқақов Мақсат Әбдікәрімұлы қазіргі уақытта "Газель" автокөлігінің жүргізушісі болып тұрақты жұмыс істейтінін және алатын жалақысы өздерін қанағаттандыратынын жеткізді. "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасудан бас тартты. |
Абай ауданы | ||
15 |
Құрманбеков Белхожа |
18. |
Тәжібай ата көшесіне аяқжол салу бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілсін |
Тәжібай ата көшесіне аяқжол салу мүмкіндігі бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесінде қажеттілігі анықталған жағдайда, аяқжол салу жұмыстарын жүргізу мәселесі қолданыстағы жоспарлар мен қаржыландыру мүмкіндіктеріне сәйкес қаралатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
19. |
Арғынбеков көшесінен Дендросаябаққа дейін демалыс орындықтарын орнату бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, азамат Б. Құрманбековке түсіндірілсін |
Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков көшесінен Дендросаябақ аралығындағы жаяужүргіншілер жолына орындықтар орнату жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған аумақтағы аяқ жолдың көлемінің (ені) шағын болуына және екі жақтама бетінің сай болуына байланысты орындықтар орнатудың мүмкіндігі болмады. Тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Абай ауданы | ||
16 |
Тлепова Ғазиза |
20. |
Самал-2 шағын ауданы Ә. Назарбеков көшесімен 4 көше тоғысқан орынға және Ә. Назарбеков пен Сырлысай көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мүмкіндігі қаралсын |
Азаматша Тлепова Ғазиза. Шымкент қаласы, Самал-2 шағын ауданы Назарбеков көшесімен №4 атауы жоқ көшелердің және Шымкент қаласы Назарбеков көшесімен Шымкент қаласы Сырлысай көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатуды сұраған. Жүргізілген зерделеу нәтижесімнде Шымкент қаласының Жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бағдаршам орнатуға тиісті ұсыныс жолданды. |
Полиция |
21. |
«Samal de Luxe» моншасының жанындағы бос жерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бос болған жағдайда аталған аумақты абаттандыру мүмкіндігі қаралсын |
Самал-2 шағын ауданы, А.Назарбекова көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде А.Назарбеков көшесімен Шұбаркөл көшелерінің қиылысындағы жер телімі кадастрлық №19-309-072-41-96 жеке меншік болып бос болмауына байланысты, абаттандыруға мүмкіндік жоқ. |
Абай ауданы | ||
17 |
Намазбеков Жексенбай |
22. |
Бозарық шағын ауданы Ерметов көшесінде апатты мектеп пен балабақшаның орнына қажеттілікке қарай заманауи балабақша, ардагерлер аллеясы және емхана салу бойынша ұсыныс енгізілсін |
Бозарық шағын ауданындағы №57 мектеп пен №126 балабақшаның бұрынғы апатты жағдайдағы ғимараттары бұзылып, жер учаскелері Абай ауданы әкімдігінің теңгеріміне беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
Білім басқармасы |
23. |
Бозарық елді мекеніндегі мешіттің құжаттарын заңдастыру тәртібі түсіндірілсін |
«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» иелігіндегі Шымкент қаласы, Бозарық шағын ауданы, Свобода көшесі №21А мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-021-196 алаңы 0,800 га мешіт құрылысы үшін уақытша өтеусіз пайдалануға берілген жер учаскесіне қосымша кеңейту үшін «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметіне жүгініп, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан аталған өтініш негізінде қорытынды әзірленіп, жер учаскесіне құқық беру туралы қаулы жобасын дайындауға Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына жолданды |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы | ||
18 |
Қалдыбекова Қалдыгүл |
24. |
Көпбалалы анаға төленетін жәрдемақының төлену жолдары түсіндірілсін |
Шымкент қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII «Шымкент қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 8 наурызға - Халықаралық әйелдер күніне; |
Жұмыспен қамту басқармасы |
25. |
Азаматша Қ. Қалдыбекованың тұрғылықты мекенжай тіркелімін нақтылап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Қалдыбекова Қалдыгул Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына келіп тіркелімнен (пропискадан) шығып кеткенін айтып, Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданы, Бесарқа көшесі, №11 мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-031-699 алаңы 0,800 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін ортақ үлестік меншік құқығымен берілген жер учаскесіне мекенжай тіркелімі анықтамасы беріліп, мәселесі бойынша қанағаттанарлықтай жауап ұсынылды. |
НАО | ||
19 |
Мамаева Баян |
26. |
Азаматша Б. Мамаева иелік ететін тұрғын үйден үлескер туыстарын шығару бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Азаматша Б. Мамаева иелік ететін тұрғын үйден үлескер туыстарын шығару бойынша мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
НАО |
27. |
Азаматша Б. Мамаеваға келінінің тұрғын үй кезегі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
А.А.Каныбетова тұрғын үйге мұқтаж «көпбалалы отбасы» санаты бойынша 19.11.2020 ж бастап тіркелген. Кезек реттілігімен қамтылатындығы және 2025 жылдың 24 мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өткізілген. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыратындығы өтініш иесімен 01.07.2026 жылы хабарласып түсіндірілді. |
Отбасы банк | ||
20 |
Қалдыбеков Сапаралы |
28. |
Азамат С. Қалдыбековке Шымкент қаласының даму жоспары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Азамат С.Қалдыбековтың ұсынысы Шымкент қаласының сәулеттік келбетін дамыту мақсатында Байдібек би ескерткішінің артындағы бос аумаққа заманауи бақылау палубасын салу ұсынылады. Бұл нысан қаланың туристік және мәдени тартымдылығын арттырып, тұрғындар мен қонақтар үшін ерекше демалыс орнына айналуы мүмкін. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
21 |
Дарменов Алжан |
29. |
Ақжайық шағын ауданы, Сырым батыр көшесіндегі жер учаскелерінің қызыл сызыққа енуі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Азамат А.Дарменовтің меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағын ауданы, Сырым батыр көшесі, №63 мекенжайында орналасқан кадастрлық № 22-330-033-252 алаңы 0.1156 га ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес көпшілік пайдаланатын көше енділігінде (қызыл сызық) орналасқан. Өтініш иесіне түсіндірме берілді. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
22 |
Турдалиева Гүлзира |
30. |
Асар-2 шағын ауданы А-2 көшесінің бойындағы кәріз жүйесін ретке келтіру жұмыстары жекеменшік жер телімінің иесі тарапынан («Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС) атқарылсын |
Асар-2 шағын ауданы А-2 көшесінің бойындағы кәріз жүйесін ретке келтіру бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы |
31. |
Асар-2 шағын ауданындағы көппәтерлі үйлердің маңына әлеуметтік дүкен ашу жолдары қаралсын |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және әлеуметтік сауда нүктелерінің санын ұлғайту мақсатында, қала аумағынан 70-ке жуық жер телімдері белгіленіп, аудан әкімдіктеріне 3 жыл мерзімге уақытша пайдалануға берілген. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы | ||
32. |
Асар-2 шағын ауданы А-2 көшесі арқылы қатынайтын қосымша қоғамдық көлік қосу мүмкіндігі қаралсын |
"Қала тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік маршруттарын оңтайландыру (қосымша қоғамдық көлік қосу) бойынша көтерілген мәселелер толықтай назарға алынды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
33. |
Асар-2 шағын ауданы көппәтерлі үйлер ауласына шлагбаум және қоршау орнату заңдылығын қарап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Асар-2 шағын ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына шлагбаум орнату қажеттілігі бойынша тұрғындармен аудан әкімі Ш.Сұлтанхан кездесу өткізіп, өрт талаптарына сәйкес кіру-шығу жолдарына қандайда бір кедергілер орнатуға болмайтындығы жөнінде түсіндірілді. |
Абай ауданы | ||
34. |
Асар-2 шағын ауданы көппәтерлі үй артындағы топырақты бетондау жұмыстары мердігер мекеме «МК Бизнес» ЖШС тарапынан ретке келтіру жұмыстары атқарылсын |
Асар-2 шағын ауданы көппәтерлі үй артындағы топырақты бетондау жұмыстары мердігер мекеме «МК Бизнес» ЖШС тарапынан ретке келтіру жұмыстары 2026 жылдың тамыз айында атқарылатын болады. |
құрылыс басқармасы | ||
35. |
«МК Бизнес» ЖШС тарапынан қоқыс алаңшасы мен жәшіктерін көбейту жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін. |
«МК Бизнес» ЖШС тарапынан қоқыс алаңшасы мен жәшіктерін көбейту жұмыстары 2026 жылдың тамыз айында атқарылатын болады. |
құрылыс басқармасы | ||
36. 23 |
Көппәтерлі үйдің ауласында орналасқан дүкеннің суағар жүйелері ретке келтірілсін. |
Асар-2 шағын ауданындағы дүкеннің суағарын реттеу қажеттілігі жөнінде құрылыс жұмыстарын жүргізген мекемеге тапсырма берілді. Қазіргі таңда дүкеннің суағарының коленасы мен кіші суағары жасалды. |
Абай ауданы | ||
37. |
Түнгі тыныштықты сақтау үшін учаскелік полиция қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде аралау жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осыған байланысты, түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторлары тарапынан азаматтармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 437-бабына сәйкес тыныштықты бұзғаны үшін, сондай-ақ 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактілері бойынша әкімшілік жауаптылық көзделгені жөнінде түсіндірме берілді. Бұдан бөлек, азаматтарға қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу, көршілердің тыныштығын сақтау, заң талаптарын қатаң сақтау және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау қажеттілігі жеткізілді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын тексерілмеген ақпараттарды жариялау және тарату кезінде жауапкершілік шаралары туралы да түсіндірілді. Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде тұрғындармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың маңыздылығы түсіндірілді. Азаматтар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша заң талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы түсінік қалыптастырылды. Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғастыратын болады. |
Полиция | ||
23 |
Нұрымбетова Айгерім |
38. |
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматшаға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
А.Нурумбетова тұрғын үйге мұқтаж «көпбалалы отбасы» санаты бойынша 06.03.2020 ж бастап тіркелген. Кезек реттілігімен қамтылатындығы және 2025 жылдың 24 мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өткізілген. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыратындығы өтініш иесімен 01.07.2026 жылы хабарласып түсіндірілді. |
Отбасы банк |
24 |
Утуншиева Сақыпжамал |
39. |
Көкшетау көшесіне бейнебақылау камерасын орнату бойынша ұсыныс енгізілсін |
Зерделеу жұмыстары барысында аталған мекенжай бойынша бейнебақылау камерасының орнатылғаны анықталмады. |
Цифрландыру басқармасы |
40. |
Көкшетау көшесіне жол белгісін орнату бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі тұрғынға түсіндірілсін |
Зерделеу нәтіжесімен, Шымкент қаласы, Абай ауданы Көкшетау өткелі №14 үй тұсына 1 қатар Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының1.16.1 (жасанды бұдырлық) жол белгілерімен орнатуға Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті нұсқама жолданды. |
Полиция | ||
41. |
Көкшетау көшесіндегі ирригациялық арықты ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Көкшетау көшесіндегі ирригациялық арықты ретке келтіру жұмыстары 2026 жылдың IV тоқсанында атқарылады |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
42. |
Көкшетау көшесіндегі үйінің қызық сызыққа енуі мәселесін қарап, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданы, Көкшетау көшесі, №4Б мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-031-324 алаңы 0.0858 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншік құқығымен берілген жер учаскесі Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша аз қабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан аз бөлігі қызыл сызыққа енеді. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы | ||
25 |
Ешдаулетова Айнұр |
43. |
Заң аясында тұрғын үй алу жолдары, бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Тұрғын үйге мұқтаж "көпбалалы отбасы" санаты бойынша 04.02.2020 ж бастап тіркелген. 2-10-20 жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша 24.01.2026 жылы Бозарық ш.а №687/22 үйдің №17 пәтерімен қамтылған. |
Отбасы банк |
26 |
Ділдабекова Гулипа |
44. |
Ақжайық шағын ауданы Ә. Еділбаев көшесі маңынан балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қаралсын |
Ақжайық шағын ауданы, Ә.Еділбаев көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бос жер телімі анықталмауына байланысты балалар және спорт алаңшасын орнатуға мүмкіншілік жоқ. Алайда, 2025 жылы Ақжайық шағын ауданы, Ә.Еділбаев көшесімен қатар жатқан (350-400 м) қашықтықта орналасқан Сырым батыр №60 мекен жайынан балалар алаңшасы салынған. |
Абай ауданы |
45. |
Ақжайық шағын ауданы Ә. Еділбаев көшесіндегі қараусыз қалған үй аумағына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілсін |
Ақжайық шағын ауданы, Ә.Еділбаев көшесіндегі бос участоктар "Абай" КММ тарапынан тазалау жұмыстары толық жүргізілді. |
Абай ауданы | ||
27 |
Қабыл Гаухар |
46. |
Сырым батыр №1/1 мекенжайындағы үйінің жері іргелес жерге беттесе орналасу мәселесін шешу жолдары қаралсын. |
Шымкент қаласы, Сырым батыр №1/1 мекенжайындағы үйінің жері іргелес жерге беттесе орналасу мәселесін шешуді сұрайды. |
Жер қатынастары басқармасы |
28 |
Байзақов Марат |
47. |
Ақжайық шағын ауданындағы бос жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілікке қарай ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Ақжайық шағын ауданына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Серікбаев, Ақжайық 69 ТҮК аумағына балалар және спорт алаңшасын салу мақсатында жер телімі рәсімделіп, 2026 жылдың соңына дейін атқарылатын болады. |
Абай ауданы |
48. |
Сырым батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын орнату мүмкіндігі қаралсын |
Сырым батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын ауыстыру мәселесі зерделенді.Зерделеу нәтижесі бойынша, қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған. М.Байзақовтың өтініші аталған жаяу жүргіншілер жолағын 30 метрге жылжыту сұрауда. Жаяу жүргіншілер жолағын ауыстыру жұмыстарын жүргізу тиімсіз екені анықталды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
29 |
Маралова Жанар |
49. |
Молшылық көшесі № 48 үй маңындағы 200 метр жерге асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің ұсынысыңыз бойынша Молшылық көшелерінің тұйықтарына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттау жұмыстары жүргізілді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
50. |
Молшылық көшесін жарықтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Ақжайық шағын ауданы Молшылық көшесіне қосымша жарықтандыру жүйесін орнату бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы | ||
51. |
Автокөлік жуу нысанының орналасу заңдылығын қарап, заң талаптарына сәйкес ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін. |
Басқарма тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағынауданы, №253/2 мекенжайында орналасқан автокөлік жуу нысанына (кадастрлық №22330034159) қатысты 2026 жылғы 22 маусымда сұраныс хат жолданып, тиісті мәліметтер жинақталуда. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы | ||
30 |
Мұратбай Абдуахат |
52. |
Қаланы безендіру мәселесі бойынша жобаларымен танысу жұмыстары жүргізілсін |
Азамат А.Мұратбаймен сөйлесу барысында қала аумағында қаланы безендіруге авторлық жобаларын кіші сәулеттік пішін, стелла (стелла, маф) әзірлегендігін және қаражат бөлінсе орнату жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
31 |
Досанов Мұхтар |
53. |
Ақжайық шағын ауданы Меңдешов көшесінде құрылысы жүріп жатқан моншаның заңдылығын қарап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық ш.а., 345Б ү. кад №22-327-030-806 жер телімі Г.А.Ерназаровқа Шымкент қаласы әкімдігінің №4537 №5342 санды қаулысы негізінде тиесілі. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – монша үшін. «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес №22-327-030-806 жер телімінде орналасқан құрылыс нысанының 27.01.2026 жылғы №KZ58VUA02342555 жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы және 30.03.2026 жылғы KZ81VUA02499572 эскиздік жобасының келісілгендігі анықталды. Тексеру барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіліп жатқаны анықталмады. Қабылдауда болған М. Досановпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
32 |
Калыбеков Баглан |
54. |
Сәйгүлік көшесінде орналасқан «Villa» моншасының заңдылығын қарап, тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқарма тарапынан Шымкент қаласы, Абай ауданы, Акжайык м/а., №146, №147 (кад. №19309073442, №22327030163) мекенжайда орналасқан «Villa» моншасының заңдылығын тексеру бойынша 08.06.2026 жылғы №40/2011 жолданым негізінде, тиісті мәліметтер жинақталуда. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
33 |
Арыстанбаева Махаббат |
55. |
Заң аясында тұрғын үй алу жолдары, бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. Тұрғын үйді ерекше баласының мектебінің маңынан беру мүмкіндігі қаралсын. |
М. Арыстанбаева 25.05.2016 ж бастап «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаты бойынша тіркелген болатын. Отбасы банк тарапынан 15.06.2026 жылы 2-бөлмелі Бозарық ш.а, №496/4 үйдің №7 пәтері бөлінген. Бүгінгі таңда, аз. М. Арыстанбаеваның жалдау шартын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде 01.07.2026 жылы басқарма мамандары өзімен хабарласып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. |
Отбасы банк |
56. |
Азаматша М. Арыстанбаеваны тұрақты жұмысқа («Абай» КММ) орналастыру жолдары қаралсын |
Азаматша М. Арыстанбаева өзіне ұсынылған «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасудан бас тартып, күніне 3 (үш) сағаттық жұмыс уақытымен тұрақты жұмыс орнын сұрайды. "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі сай келмейтіндігін хабарлады. |
Абай ауданы | ||
57. |
Азаматша М. Арыстанбаеваны уақытша баспанамен (қызметтік пәтермен) қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізілсін |
М. Арыстанбаева 25.05.2016 ж бастап «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаты бойынша тіркелген болатын. Отбасы банк тарапынан 15.06.2026 жылы 2-бөлмелі Бозарық ш.а, №496/4 үйдің №7 пәтері бөлінген. Бүгінгі таңда, аз. М. Арыстанбаеваның жалдау шартын рәсімдеу үшін бөлінген тұрғын үйдің арендалық суммасын нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде 01.07.2026 жылы басқарма мамандары өзімен хабарласып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. |
Тұрғын үй басқармасы | ||
34 |
Нұржігітова Гүлшат |
58. |
Бәйшешек көшесі № 96 мекенжайындағы трансформаторды ауыстыру мүмкіндігі қаралсын |
Қазіргі таңда, электр трансформаторының №86 үйге кедергі келтіріп жатқаны жөнінде тұрғыннан шағым түсуіне байланысты, Абай ауданы әкімі аппаратына электр трансформатор орнын көшенің бас жағына қою мақсатында, тұрғындармен келісу арқылы анықтау бойынша тиісті хат жолданды. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы |
35 |
Сәтбаев Рамазан |
59. |
Бозарық шағын ауданындағы көппәтерлі үйге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қоршау (перила) орнату мүмкіндігі қаралсын. |
2026 жылдың маусым айының 15-і күні Бозарық ш/а, №68812 үйге демеушілер тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қоршау (перила) орнатылды. |
құрылыс басқармасы |
60. |
Бозарық шағын ауданындағы көппәтерлі үйге түсқағаз бен ламинат орнату мүмкіндігі қаралсын. |
Бозарық ш/а, №68812 үйдің түсқағазы мен ламинаттары жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес орнатылуына байланысты, мердігер тарапынан қайта орнату мүмкіндігі болмауда. |
құрылыс басқармасы | ||
61. |
Бозарық шағын ауданындағы көппәтерлі үйдің маңына ирригациялық арық орнату жолдары қаралсын. |
Бозарық шағын ауданындағы 1-кезек нысанының ирригациялық арықтары жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуына байланысты мердігер тарапынан қайта орнату мүмкіндігі болмауда. |
құрылыс басқармасы | ||
36 |
Дюсебаева Нұрсұлу |
62. |
«Кедровый рай» моншасының заңдылығын қарап, заң талаптарына сәйкес ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқарма тарапынан Шымкент қ, г. Шымкент, Абай ауданы, Акжайык м/а., Н.Оналбаев көш, 3Б (кад. №22327031388) мекенжайда орналасқан «Кедровый рай» моншасының заңдылығын тексеру бойынша 08.06.2026 жылғы №40/2015 жолданым негізінде, тиісті мәліметтер жинақталуда. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
37 |
Умирзакова Акмарал |
63. |
Қайнарбұлақ шағын ауданындағы қызыл сызыққа енген үйлердің мәселесі зерделенсін |
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңының №47 бабына сәйкес, «Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады». |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
64. |
Қайнарбұлақ саяжайындағы тұрғын үйлерге табиғи газды жүргізу үшін берілетін төлем бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Қайнарбұлақ саяжай алабында газ тарту бекеттерінің және табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары үшін қала әкімдігінің 28.05.2024 жылғы №2506 мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы қабылданған. |
Жер қатынастары басқармасы | ||
38 |
Елтаев Жақсылық |
65. |
Қызылжар шағын ауданы № 9 емхана құрылысын жүргізу бойынша ұсыныс енгізілсін. |
ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК-ның жаңа ғимаратының құрылысынын жеке сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Алайда қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оның тиімділігіне талдау жүргізу үшін сенімгерлік басқаруға беруді уақытша тоқтатты. Талдау аяқталғаннан кейін сенімгерлік басқаруға беру рәсімдері жалғасады. |
Денсаулық сақтау басқармасы |
66. |
Гагарин көшесін кеңейту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Гагарин көшесін кеңейту мүмкіндігі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесінде қажеттілігі анықталған жағдайда, көшені кеңейту жұмыстарын жүргізу мәселесі белгіленген тәртіппен қаралатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
67. |
49 жылға берілген арендалық жер телімдерін заңдастыру бойынша тұрғынға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147 бабы 1 тармағы 1, 2 тармақшаларына сәйкес, заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылданған шешімдерінің заңдылығына және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу орталық уәкілетті органның, яғни Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің құзырына (Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті) жататындығы туралы өтініші иесіне түсіндірілді. |
Жер қатынастары басқармасы | ||
39 |
Дундаева София |
68. |
Азаматша С. Дундаеваға үй кезегін және үй алуға арналған арнайы бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
С. Дундаева тұрғын үйге мұқтаж «жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 11.04.2017 ж бастап тіркелген. Кезек реттілігімен қамтылатындығы және 2025 жылдың 24 мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өткізілген. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асырады. |
Отбасы банк |
40 |
Абылаев Рысбай |
69. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Скамейка көшесіне жауын суының жиналуына байланысты тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілсін. Ойылған жолдар ретке келтірілсін. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Скамейка көшесіне ойылған жолдар бойынша жауын суының жиналуына байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ағымдағы жылға арналған жоспарға сәйкес, жол жабынын шұңқырды жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары аяқталғанна кейін жол төсемінің біркелкілігі мен тегістігі қамтамасыз етіліп, су жиналу қаупі толық жойылады. |
Абай ауданы |
41 |
Тастанова Рано |
70. |
Суатсай көшесіндегі асфальт қабатын төсеу кезіндегі кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Суатсай көшесіндегі асфальт қабатын төсеу барысында орын алған кемшіліктерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары орындалды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
71. |
Суатсай көшесіне заманауи пластикалық жасанды жол кедергісін орнату мүмкіндігі қаралсын |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі қарай – басқарма) мамандары Қарабастау тұрғын алабы, Жақсылық көшесіне жасанды жол кедергісін орнату бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесінде, Сіз ұсынып отырған мекенжайда әлеуметтік нысандардың орналаспағаны (тікелей жанаспаған) анықталды. Осыған орай, Ереже талаптарына сәйкес жасанды жол кедергілерін орнату мүмкін емес екендігін хабарлаймыз. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
72. |
Ішкі орам көше арқылы ауыр жүк көліктерінің жүру заңдылығы қаралсын |
Азаматша Тастанова Рано. Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ саяжайында бағдаршам орнатуды және ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жол белгісін орнатуды сұраған. Жүргізілген зерделеу нәтижесінде Шымкент қаласының Жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бағдаршам және жол белгілерін орнатуға тиісті нұсқама хат жолданды. |
Полиция | ||
73. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Суатсай көшесінің маңына балалар ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Суатсай көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған көшеден бос жер телімі анықталып, аудан әкімдігіне рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, жоғарыда көрсетілген жер телімі толықтай аудан әкімдігіне рәсімделгеннен кейін, балалар ойын алаңшасын салу мақсатында 2027 жылға жоспарға енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Абай ауданы | ||
74. |
Қайнарбұлақ саяжайындағы жанбай тұрған жарықшам бағаналарын ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын |
Жарықтандыру жүйелерін ретке келтіру жұмыстары мердігер мекеме ABM Building-2007 ЖШС-і тарапынан 2026 жылдын 16 маусым күні толығымен ретке келтірілді. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы | ||
75. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Сырым батыр көшесінің бойына (мектеп маңы) бағдаршам орнату мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ саяжайы, Сырым батыр көшесінің бойында (мектеп маңы) бағдаршам орнату мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
76. |
Қайнарбұлақ саяжайына қосымша қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын |
Қайнарбұлақ саяжайына қосымша қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
77. |
Суатсай көшесінің атауын өзгерту мүмкіндігін қарап, үйлерді нөмірлеу жұмыстары жүргізілсін |
Абай ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 187 қаулысы және Шымкент қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/25-VII шешімімен Суатсай деп атау берілген. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-5-бабы 4) тармағында атау берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгертілетіні көрсетілген. |
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы | ||
42 |
Абдыханова Ұлдархан |
78. |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағындағы жолдардың кемшіліктерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін. |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағындағы жолдардың кемшіліктерін ретке келтіру мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.Зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстар белгіленген тәртіппен орындалатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
79. |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағындағы аяқжолдардағы кемшіліктерді реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдансын |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағындағы аяқжолдардағы кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілді |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
80. |
Достық шағын ауданы Ақсу-Аюлы көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Достық шағын ауданы, Ақсу-Аюлы көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.Зерделеу нәтижесінде аталған көшеде асфальт қабатын төсеу қажеттілігі жоқ екені анықталды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
81. |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағына қосымша қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын |
Маршруттық желілерді оңтайландыру шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жолаушылар ағынының мониторингін және тиісті мемлекеттік қаржыландыруды қажет етеді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
82. |
Нұршуақ шағын ауданы мен Достық шағын ауданының шекара аумағындағы карьердің заңдылығын тексеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Зерделеу барысында жеке тұрғын құрылысына арналған жер учаскесінің тегістелгені анықталды. Қабылдауда болған Ұ. Абдыхановамен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы | ||
83. |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағына демалыс орнын салу мүмкіндігі қаралсын |
Достық шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағында орналасқан Алтынсандық көшесінің бойынан балалар алаңшасы, Ақсу-Аюлы, Ақбосаға көшелеріне гүлзар салынған болатын. Сондай-ақ, 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Алтынкөл көшесіне 0,39 га жер теліміне гүлзар салу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Абай ауданы | ||
84. |
Достық шағын ауданы жаңақұрылыс аумағына балалар ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Достық шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағына балалар ойын алаңшасын салу бойынша зерделеніп, нәтижесінде 2025 жылы Жаңақұрылыс аумағында Алтынсандық көшесінің бойынан балалар алаңшасы салынған болатын. Сонымен қатар, аталған аумаққа қосымша балалар алаңшасын орнатуға бос жер телімі анықталмады. |
Абай ауданы | ||
43 |
Чекаева Дүйсенкул |
85. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Сеңгір көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ саяжайы, Сеңгір көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.Зерделеу нәтижесінде аталған көшеге асфальт қабаты төселгені анықталды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
86. |
Сеңгір ішкі орам көшесіндегі «Mega Pharma» фармацевтикалық орталығына келетін ауыр жүк көліктерінің жүру заңдылығын қарап, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Қайнарбұлақ т.а., Сенгір көшесіне Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының3.4 (жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады)жол белгісіні орнатуды сұраған.Зерделеу нәтіжесімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 қаулысымен бекітілген Жол жүріс қағидасының 1- қосымша 3- тармағына сәйкес, 3.2-3.8 жол белгілері белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін немесе сол аймақта тұратын азаматтар үшін, көлік құралдары белгіленген аймаққа, белгіленген жерге жақын қиылыстан кіруі немесе содан шығуы рұқсат етілгені туралы түсіндірілді. |
Абай ауданы | ||
44 |
Нуринова Индира |
87. |
Азаматша И. Нуринованың жеке тұрғын үйін мемлекет мұқтаждығы үшін алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Шымкент қаласы, Ынтымақ-2 ш.а., Кеңістік көшесі, 25 мекен жайында орналасқан кадастрлық №19-309-063-7933 жер учаскесіне қала әкімдігінің жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы қабылданбаған. |
Жер қатынастары басқармасы |
45 |
Әшірімбетов Балғабай |
88. |
Ынтымақ-2 шағын ауданына аумағына балалар ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Ынтымақ-2 шағын ауданы, Орда көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған көшеден бос жер телімі анықталып, аудан әкімдігіне рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, жоғарыда көрсетілген жер телімі толықтай аудан әкімдігіне рәсімделгеннен кейін, балалар ойын алаңшасын салу мақсатында 2027 жылғы жоспарға енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Абай ауданы |
89. |
Ынтымақ-2 шағын ауданында орналасқан жекеменшіктегі газ құбырларын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
Үш тұрғын үй жекемешік газ құбырына қосылып тұр. Мемлекеттік газ құбырына ауысуға қарсы. Осыған орай, жекеменшік газ құбырын орынан алу мүмкін болмай тұр. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы | ||
46 |
Турабаева Жанна |
90. |
Қошқар ата кооперативі меншігіндегі жеке тұрғын үйге кірме жолды ашу мүмкіндігі қаралсын |
Ынтымақ-2 шағынауданы, №1629/1 мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-071-494 жер учаскесіне кіріп-шығу жолын ұйымдастыру мәселесі бойынша жергілікті жерде зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
ДУЗР |
47 |
Арысбаева Айман |
91. |
Қайнарбұлақ саяжайы, Металлург массивіндегі көшелерге асфальт қабатын төсеу барысы тұрақты бақылауға алынсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ саяжайы, Металлург массивіндегі көшелерге асфальт қабатын төсеу барысына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Зерделеу нәтижесінде аталған аумақтағы жол жұмыстарының барысы бақылауға алынып, анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
92. |
Қайнарбұлақ саяжайында құжатсыз қалған азаматтар бойынша (Ғалым деген азамат алған) тиісті талдау жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме жұмыстары атқарылсын. |
А.Арысбаеваның өтініші бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарап, ұсынылған құжаттарға құқтық талдау жүргізілді. Өтініш иесіне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жеткізіліп, құжаттарды рәсімдеу бойынша толық кеңес берілді. Көші-қон заңнамасының талаптары, тіркеу тәртібі, жеке басын куәландыратын құжаттарды уақытылы рәсімдеу және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тұру қағидаларын бұзу), 493-бабы (шетелдіктердің болу тәртібін бұзу), 517-бабы (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу) талаптары бойынша түсіндіру жүргізілді. А.Арысбаеваның өтініші жан-жақты қаралып, көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес оң шешімін тапты. |
Полиция | ||
48 |
Жақыпбеков Ғалым |
93. |
Асар-2 шағын ауданы Атакент көшесіндегі бетон шығаратын заводтың заңдылығын тексеру бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын |
Шымкент қ. Асар-2 шағын ауданы Атакент көшесіндегі орналасқан бетон өндіру зауытының жер учаскесіне қатысты мәліметтердің Жылжымайтын Мүліктің Бірыңғай Мемлекеттік Кадастры (ЕГКН) және Өңірлік геоақпараттық геоақпараттық жүйеде (ГеоПортал) болмауына байланысты, Басқарма тарапынан Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына тиісті ақпаратты ұсыну туралы сұраныс хат жолданып, тиісті мәліметтер жинақталуда. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
49 |
Карпузидин Наталья |
94. |
Қайнарбұлақ саяжайындағы шошқа ферманың заңдылығы қаралсын |
«Қайнарбұлақ саяжайындағы шошқа ферманың заңдылығын қарау туралы Басқарамаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК тарапынан Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабы (бұдан әрі –Заң) (жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi) және «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешiмінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қала прокурорының 1-ші орынбасары Ж.Н.Нұрғалидің 04.06.2026 жылғы №4-40-26-00968 хаттамалық тапсырмасына сәйкес ( Абай аудандық прокуратурасының, Абай аудандық СЭББ, Абай аудандық полициясының, Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының және Басқарма мен «Ветеринариялық қызмет» МКК) мекеме өкілдері тарапынан Қайнарбұлақ т.а., Грушевая 136 үй тұрғыны В.И.Телипскийге Заң аясында шошқа асырауына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы |
95. |
Қайнарбұлақ саяжайындағы тұрғын үйлерге табиғи газды жүргізу үшін берілетін төлем бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Қайнарбұлақ саяжай алабында газ тарту бекеттерінің және табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары үшін қала әкімдігінің 28.05.2024 жылғы №2506 мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы қабылданған. |
Жер қатынастары басқармасы | ||
50 |
Абишова Гаухар |
96. |
Асар-2 шағын ауданындағы жүзеге асырылатын жобалар (СОБР ғимараты) бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Асар-2 шағын ауданы, Жанарқа көшесінің бойында салынатын жоба (СОБР ғимараты) бойынша Өтініш иесіне және аталған көше тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Абай ауданы |
97. |
Үйіне қарап тұрған бейнебақылау камерасын басқа орынға ауыстыру мүмкіндігі қаралсын |
Асар-2 шағын ауданы, Алқатерек көшесі, №88 үйдің маңында орналасқан бейнебақылау камерасының түсіру бағыты өзгертілді. Сонымен қатар , тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жүргізілді |
Цифрландыру басқармасы | ||
98. |
Асар-2 шағын ауданы аумағында жүретін ірі қара мал иелеріне тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Асар-2 шағын ауданында қараусыз жүретін ірі-қара малдар туралы өтінішке сәйкес, аудан әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторлары және ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының мамандарымен жеке үйлер мен жақын маңдағы шаруа қожалықтарын аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Абай ауданы | ||
99. |
Асар-2 шағын ауданына учаскелік полиция тарапынан тұрақты аралап, патрульдеу жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары және патрульдеу қызметі жүргізілуде. |
Полиция | ||
51 |
Горбунова Анастасия |
100. |
Қайнарбұлақ саяжайы аумағынан қаланың орталық аумағына қатынайтын қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын. |
Қайнарбұлақ саяжай массивінің қоғамдық көлік қолжетімділігі мәселесі бойынша қазіргі уақытта аталған бағытта №2 бағытта 8 автобус, №70 бағытта 14 автобус және №149 бағытта 11 автобус, жалпы саны 33 бірлік қоғамдық көлік тұрақты түрде қатынайтынын хабарлаймыз. Аталған тұрақты маршруттар қаланың орталық көшелеріне қатынайтындықтан, тұрғындардың қала орталығына ешқандай кедергісіз жетуіне толықтай мүмкіндік береді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
101. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы № 125 мектептің спорт залын қайта салу мүмкіндігі қараласын |
№ 125 мектептің жаңа ғимараты 2017 жылы 1200 орынға арналып салынған. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының спорт залы апатты жағдайда. Сондықтан Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, сапалы құрылыс жүргізбегені үшін мердігер мекемені Шымкент қаласының прокуратурасының қарауына жолдады. Шымкент қаласының прокуратурасының тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. |
Білім басқармасы | ||
52 |
Қарабекова Ұлтуаш |
102. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы үйге жол ашу мүмкіндігі қаралсын |
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, 77/3 мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-330-001-044 алаңы 0.0850 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №3003 қаулысымен бекітілген, Шымкент қаласы "Қайнарбұлақ" тұрғын алабының жоспарлау жобасына түзету енгізу жобасына сәйкес, аз қабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан. Сонымен қатар, Полевая көше жағынан "Қайнарбұлақ" тұрғын алабының жоспарлау жобасына сәйкес, жер учаскесіне дейін жол қарастырылған. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
103. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді асфальт қабатын мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы көшелерге асфальт қабатын төсеу мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Зерделеу нәтижесінде аталған аумақтағы жолдардың техникалық жай-күйі қаралып, қажеттілік туындаған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
104. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағын инфрақұрылым жүйесімен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын |
Шымкент қаласы Қайнарбұлақ тұрғын алабында «Электр желілерінің құрылысы (2-кезек)» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 3 373 тұрғынды тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету көзделген. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы | ||
53 |
Жүзбаев Нышан |
105. |
Бақытты көшесінен бос жер учаскесін қарастырып, ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Қайнарбұлақ тұрғын алабының Бақытты көшесінде бос жер телімі анықталып аудан әкімдігіне кадастрлық №22-327-004-1804 рәсімделді. Қазіргі уақытта, аталған көшеге балалар ойын алаңшасын салу мақсатында сметалық есебі жасақталып 2026 жылы соңына дейін жұмыстар атқарылатын болады. |
Абай ауданы |
106. |
Бақытты көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілсін |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Бақытты көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қарастырылып зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
54 |
Қадырова Рабиға |
107. |
Елді мекенге атау беру бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Сіз сұрап отырған Өлке көшесі Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабының аумағындағы көше, аталған көшеге Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 187 қаулысы және Шымкент қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/25-VII шешімімен «Өлке» атауы берілген. |
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы |
108. |
Беларық көшесіне аяқжол салу мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Беларық көшесіне аяқжол салу мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
109. |
Беларық көшесіне бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігі қаралсын |
Зерделеу жұмыстары барысында аталған мекенжай бойынша бейнебақылау камерасының орнатылғаны анықталмады. |
Цифрландыру басқармасы | ||
110. |
Беларық көшесінен бос жер учаскесін қарастырып, ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Беларық көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған көшеден бос жер телімі анықталып, аудан әкімдігіне рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, жоғарыда крсетілген жер телімі толықтай аудан әкімдігіне рәсімделгеннен кейін, балалар ойын алаңшасын салу мақсатында 2027 жылғы жоспарға енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Абай ауданы | ||
55 |
Лесбекова Жанна |
111. |
Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолы арқылы Қайнарбұлаққа кірме жол салу мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автомобиль дәлізі арқылы Қайнарбұлақ тұрғын алабына кірме жол салу мүмкіндігі қаралды. Жүргізілген зерделеу нәтижесінде аталған учаскеде кірме жол салу мүмкін еместігі анықталды. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
112. |
Сырым батыр көшесін кеңейту мүмкіндігі қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Сырым батыр көшесін кеңейту мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.Зерделеу нәтижесінде аталған көшені кеңейту жұмыстары қазіргі таңда жоспарға енгізілмегені анықталды. Осыған байланысты, аталған жұмыстарды орындау жоспарланбаған. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
113. |
«Қайнарбұлақ» көлінің жеке меншікке өту мәселесін арнайы комиссия құру арқылы заңдылығы тексеріліп, заң талаптарына сәйкес келтіру шаралары қабылдансын. |
Аталған көл орналасқан жер учаскесіне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. |
ДУЗР | ||
56 |
Қанаева Орынкүл |
114. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы тауық фермасының заңдылығын қарап, фермадан иіс шығармау бойынша заң талаптарына сәйкес келтіру шаралары қабылдансын. |
«Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы тауық фермасының заңдылығын және жағымсыз иістің шығатындығын қарау» бойынша Басқарамаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК тарапынан Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабы (бұдан әрі –Заң) (жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi) және «Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешiмінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы |
115. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Жаңақұрылыс аумағына көше салып, асфальттау мүмкіндігі қаралсын. |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы Бөлешов көшесіне асфальт қабатын төсеу мүмкіндігі қарастырылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде Бөлешов көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес орындалып, жол пайдалануға берілді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
57 |
Сахбаева Қалдықыз |
116. |
Сырым батыр көшесінің бойындағы ағаш егілген жерді қоршау бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Сырым батыр көшесінің бойындағы ағаш егілген аумақты қоршауға қатысты өтініш қаралып тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған аумаққа жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, 2022-2023 жылдары егілген ағаштардың жарамсыз күйге түсуіне байланысты (қурап қалған), алынып тасталды. Осыған орай, қазіргі таңда Сырым батыр көшесінің бойында ағаш көшеттерінің болмауына байланысты қоршау мүмкіндігі болмауда. |
Абай ауданы |
58 |
Ерохина Елена |
117. |
Жануарларды қорғау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына қатысты еріктілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларға (ит-мысық) аулау, зарасыздандыру жұмыстарын жүргізу бойынша зооеріктілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы |
59 |
Юсупова Алма |
118. |
Шымкент қаласы әкімдігінің I-komek 109 ситуациялық орталығының жұмысын жандандырып, келіп түскен қоңырауға шұғыл әрі нақты жауап беру керектігі түсіндірілсін |
Шымкент қаласы «i-Shymkent 109» бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерімен жұмыс сапасын арттыру бойынша түсіндірме жиналысы өткізілді |
Цифрландыру басқармасы |
119. |
Толғау көшесіндегі қараусыз жайылып жүрген жылқылардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілсін |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы Толғау көшесінде қараусыз жайылып жүрген жылқылар туралы өтінішке сәкес, аудан әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторлары және ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының мамандарымен жеке үйлер мен жақын маңдағы шаруа қожалықтарын аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Абай ауданы | ||
120. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тайсауырын көшесіндегі қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тайсауырын көшесі аумағынан қараусыз қалған және қаңғыбас 4 бас ит үлгілік қағидаларға сәйкес ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Аулау жұмыстары жалғасуда. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы | ||
60 |
Абдуллаева Лариса |
121. |
Иттер мен мысықтарды аулау, залалсыздандыру және вакциянациялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін |
Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларға (ит-мысық) аулау, зарасыздандыру жұмыстарын жүргізу бойынша зооеріктілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы |
61 |
Зулмамбетов Бақыт |
122. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабынан Шұбарсу елді мекеніне дейін жол салуға мүмкіндік жоқ екендігі түсіндірілсін. |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабынан Шұбарсу елді мекеніне дейін жол салу мәселесіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде аталған бағытта жол салу жұмыстары қазіргі таңда жоспарға енгізілмегені анықталды. Осыған байланысты тұрғынға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
62 |
Шимирова Нұргүл |
123. |
Жайлы мектептерді салу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. |
Жайлы мектептерде орын алып жатқан кемшіліктер бойынша қала әкімінің орынбасры С.Құранбектің төрағалығымен құрылыс басқармасы, мектеп директорларымен жиналыс өткізілді. Кемшіліктерді қалпына келтіруге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Білім басқармасы |
124. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабынан бос жер учаскесін қарастырып, ойын алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Баспана көшесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған көшеден бос жер телімі анықталмады. Алайда, Баспана көшесімен қиылысатын Мырза көшесіне ағымдағы жылы аудан әкімдігі тарапынан балалар және спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Баспана көшесімен қатар жатқан Тақсай көшесінен бос жер телімі анықталды. Алдағы уақытта, жоғарыда көрсетілген жер телімі толықтай аудан әкімдігіне рәсімделгеннен кейін, балалар ойын алаңшасын салу мақсатында 2027 жылғы жоспарға енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Абай ауданы | ||
125. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабынан балаларға арналған үйірме орталықтарын ашу үшін тиісті шаралар қабылдансын |
Тұрғын иесінің тұрғылықты мекен-жайына жақын орналасқан жекеменшік «Қазына» мектебінде қосымша білім беру үйірмелерінің ашу мүмкіндігі қаралатыны түсіндірілді. |
Білім басқармасы | ||
63 |
Бекмырза Мұратбек |
126. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы мәдениет үйінің маңындағы стадионды заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін |
«Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен модульды жылдам құрастырмалы спорттық нысан құрылысы Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабында жүргізілуде. |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы |
127. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы мәдениет үйінің маңындағы стадионға қажеттілігіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізілсін |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы мәдениет үйінің маңындағы спорт алаңшасын "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жөндеу және жарық шамдарды ретке келтіру жұмыстары толығымен жүргізілді. |
Абай ауданы | ||
64 |
Қаратаев Бағлан |
128. |
«Қайнарбұлақ» көлінің соңғы жағына өзен статусын беру бойынша ұсыныс енгізілсін |
«Қайнарбұлақ» көлінің соңғы бөлігіндегі су арнасына «Қайнарбұлақ» өзені мәртебесін беру туралы 2026 жылғы 29 маусымда №27-06-01/223 шығыс хатымен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс хаты жолданды. |
Абай ауданы |
65 |
Шунайбаева Гүлнар |
129. |
Шұғыла шағын ауданы Атасу көшесі арқылы қатынайтын қоғамдық көлік бағытын қосу мүмкіндігі қаралсын. |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
66 |
Қалыбекова Қатира |
130. |
Азаматша Қ. Қалыбековаға жер мәселесі бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Жер мәселесі бойынша Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, жер қатынастары басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалының өкілдері бірлесіп жергілікті жерде зерделеу жұмыстарын жүргізді. |
Жер қатынастары басқармасы |
67 |
Айжанова Зауре |
131. |
Абай ауданы, Ақжайық ш/а, Жейхун көшесіне №9 қоғамдық көлігін жүргізу мәселесін қайта қарап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Маршруттық желілерді оңтайландыру шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жолаушылар ағынының мониторингін және тиісті мемлекеттік қаржыландыруды қажет етеді. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
132. |
Ақжайық ш/а, Жейхун көшесінде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары атқарылсын |
Ақжайық ш/а, Жейхун көшесі аумағынан қараусыз қалған және қаңғыбас 4 бас ит үлгілік қағидаларға сәйкес ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Аулау жұмыстары жалғасуда. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы | ||
133. |
Ақжайық ш/а, Алтыбақан көшесіне қосымша жарықтандыру бағанасын орнату мүмкіндігі қарай қаралсын |
Ақжайық шағын ауданы Алтыбақан көшесіне қосымша жарықтандыру жүйесін орнату бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
134. |
Табиғи газ құрылғысында газдың иісі шығу мәселесін тексеріп, шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін |
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның ШӨФ-ның мамандары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. Тапсырма орындалды. |
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы | ||
135. |
Ақжайық ш/а, Алтыбақан көшесіндегі тротуарға көліктерді қойып кету жағдайлары бойынша құқық қорғау қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары және патрульдеу қызметі ұйымдастырылып келеді. Ақжайық шағын ауданы, Алтыбақан көшесінде тротуарларға автокөлік қою деректері бойынша құқық қорғау қызметкерлері тарапынан зерделеу жүргізілді. Аталған аумақта тұрғындармен және көлік жүргізушілерімен Қазақстан Республикасы жол қозғалысы қағидаларын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полиция полкі қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларына көрсетілген аумақта патрульдеу жұмыстарын күшейту тапсырылды. Заң талаптарын бұзуға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тұрақты бақылау ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданы, Алтыбақан көшесіндегі аяқ жолдарға (тротуар) көліктерді қойып кету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 3.27 (тоқтауға тыйым салынады) жол белгісі орнату негізсіз екені ескертілді. Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы(ұсақ бұзақылық), 505-бабы (абаттандыру қағидаларын бұзу), 590-бабы(көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), және 597-бабының (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетіні ескертілді. Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, аталған аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынды. |
Полиция | ||
68 |
Қосмамбетов Әбдірасыл |
136. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы 3 га. жер телімінің құжатын заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының жеке қабылдауына кіріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
137. |
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбек азамат Ә. Қосмамбетовке ұсыныстарын қарау жеке қабылдау өткізсін |
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбек тарапынан жеке қабылдау ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Қала аппараты | ||
69 |
Бегімбетова Мейіркүл |
138. |
Үйінің қызыл сызыққа енуі мәселесін зерделеп, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін |
Азаматша М. Бегімбетованың меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы, Түркістан көшесі, №69 мекенжайында орналасқан кадастрлық №22-327-069-297 алаңы 0.0608 га қолданыстағы жеке тұрғын үй үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қоғамдық-іскерлік нысандар, көпшілік пайдаланатын көше енділігінде, жобадағы электр желісі 35кВ және оның санитарлық-қорғау аумағында орналасқан. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
70 |
Хайтметов Құрмат |
139. |
Қызылжар шағын ауданындағы үйінің құжатын заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Шымкент қаласы аумағында өз бетінше салынған тұрғын үйлерге меншік құқығын ресімдеу мақсатында қала әкімдігінің өкімімен жұмысшы топ құрылған. |
Жер қатынастары басқармасы |
140. |
Жиделібайсын көшесіндегі жер учаскесінің қызыл сызыққа енуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. |
Азамат Х. Құрматтың меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызыл Жар шағын ауданы, Жиделибайсын көшесі, 26 мекенжайында орналасқан кадастрлық №19-309-101-072 алаңы 0.1000 га қолданыстағы тұрғын үй үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, көпшілік пайдаланатын көше енділігінде және аз қабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы | ||
141. |
Ю. Гагарин көшесіндегі жолды жөндеу мүмкіндіктері қаралсын |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Ю. Гагарин көшесіндегі жолды жөндеу мүмкіндігіне зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Зерделеу нәтижесінде жолдың техникалық жай-күйі жан-жақты қаралып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анықталған жағдайда тиісті жұмыстар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
71 |
Бегімбетова Ақмарал |
142. |
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қате диагноз қою мәселесін тексеріп, тиісті шара қабылдансын |
ЕРМЕКҰЛЫ ОМАР (ЖСН: 120714504488) БХТ бойынша 01.04.2024 жылдан бастап «14 Емдеу орталығы» ЖШС-не тіркелген. |
Денсаулық сақтау басқармасы |
143. |
Азаматша А. Бегімбетованың жазған арызын заң аясында қарап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы, Ынтымақ мөлтек ауданы, Түркістан көшесі №69 үй тұрғыны 13.03.1989 жылы туылған Бегимбетова Акмарал Марленовна арызданған. Онда 21.05.2025 жылы сағат 21:30 шамасында Шымкент қаласы, Ынтымақ мөлтек ауданы, Түркістан көшесінің бойында кәмелетке толмаған 2012 жылы туылған Ермекұлы Омарды белгісіз автокөлік қағып кетіп О.Ермекұлын Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданында орналасқан балалар ауруханасына апарған, алайда дәрігерлер міндетін тиісінше толық орындамағандығын жазып көрсеткен. 19.02.2026 жылы аталған дерек бойынша Абай АПБ-мен ҚК-нің 317-бабы 1-бөлігімен №267911031000230 тіркеліп, тергеу амалдары басталған.Тергеу барысында арызданушы А.М. Бегимбетова өз жауабында 21.05.2025 жылы сағат 21:30 шамасында Шымкент қаласы, Ынтымақ мөлтек ауданы, Түркістан көшесінің бойында кәмелетке толмаған 2012 жылы туылған Ермекұлы Омарды автокөлік қағып кетіп О.Ермекұлын Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданында орналасқан балалар ауруханасына апарған уақытта, дәрігерлер міндетін дер кезінде тиісінше орындамай, диагноздың кеш қойылуы салдарынан, омыртқа-жұлын жарақатының салдары дамыған; неврологиялық асқынулары туындағандығын көрсеткен.Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша кәмелетке толмаған 2012 жылы туылған Ермекұлы Омардың дене жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның қысқаша мазмұны: Шымкент қаласының №1 балалар ауруханасының дәріглерлері өз міндетін тиісінше орындамауынгың салдарынан кәмелетке толмаған 2012 ж.т. Ермекұлы Омар ауыр дәрежелі жарақат салған. Шымкент қаласы бойынша фармацептикалық бақылау комитетінің қортындысына сай Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданында орналасқан балалар ауруханасының Сәулелі диагностика дәрігері Абсеметов Казбек Сейтказиевичтің кінәсі бар туралы көрсетілген. |
Полиция | ||
72 |
Танабаева Мөлдір |
144 |
Көппәтерлі үйдің қоқысын алаңшасын жеке сектордан алшақ аумаққа орнату мүмкіндігі қаралсын. |
Шымкент қаласы Ақжайық шағын ауданы "Parasat Residence" тұрғын үй кешенінің қоқыс алаңшасының орнын ауыстыру бойынша: "Samgau Devolopment" ЖШС-ның сұранысы негізінде мердігер мекеме "ST SERVICE KZ" ЖШС техникалық қадағалаушы "AK-Kaz-Sapa" ЖШС және жобалаушы мекеме "Archi PRO" ЖШС-нің келісімімен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлік алаңның орнын ҚР ҚН 3.01-01-2013 "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу" қағидалары ескеріліп, қоқыс алаңшасының орны ауыстырылғандығы анықталды."Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау минимтрлігінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының 56-тармағына сәйкес-қатты тұрмыстық қалдықтар жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды (вахталық кенттерді, стационарлық емес объектілер мен құрылыстарды) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25м қашықтықта орналастырады делінген. Зерделеу кезінде өлшеу жүргізіліп, жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орны жақын орналасқан ғимараттан яғни өтініш иесінің жеке тұрғын үйіңізден 25 метрден аса арақашықтықта орналасқандығы анықталды. |
Абай ауданы |
73 |
Шалтенова Рабиға |
145 |
Ынтымақ шағын ауданындағы сауда нысандарына зерделеу жүргізіп, заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілсін. |
Шымкент қаласы, ынтымақ шағын ауданындағы сауда нысандары бойынша Басқарма тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына сұраныс хат жолданып, тиісті мәліметтер жинақталуда. |
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы |
74 |
Артықбай Нұрмағанбет |
146. |
Самал-3 аумағындағы жер асты өткелін салу кезінде бұзылған аялдаманы қажеттілікке қарай қалыпқа келтіру мүмкіндігі қаралсын |
Самал-3 шағынауданындағы жер асты өткелінің құрылысы барысында бұзылған аялдама пунктін қалпына келтіру мүмкіндігі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесі бойынша қажеттілігі анықталған жағдайда, аялдама пунктін қалпына келтіру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
147. |
Ізгілік көшесінен Қ. Төлеметов көшесіне шығатын көпір салу мүмкіндігі қаралсын. |
Сіздің өтінішіңіз бойынша Ізгілік көшесінен Қ. Төлеметов көшесіне шығатын көпір салу мүмкіндігі қарастырылды. Жүргізілген зерделеу нәтижесінде аталған көпір құрылысы 2027–2028 жылдарға арналған жоспарға енгізілгені анықталды. Жоба белгіленген мерзімге сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
148. |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін. |
Шетелдік көлікті тіркеу немесе кедендік рәсімдеуден өту жолы және пайдалану тәртібі түсіндірілсін. |
Полиция | ||
75 |
Надирбекова Бақтылы |
149. |
Азаматша Б. Надирбекованың Достық шағын ауданындағы жеке үйін демеуші тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қаралсын |
Құрылыс басқармасы тарапынан Азаматша Б. Надирбекованың Достық шағын ауданындағы жеке үйін демеуші есебінен жөндеуге құрылыс саласындағы демеушілік жасап жүрген құрылыс компанияларының назарына ұсынылды. Алдағы уақытта демеушілер ниет білдірген жағдайда көмек көрсетілетіні түсіндірілді. |
құрылыс басқармасы |
76 |
Уринбаев Ерболат |
150. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жер телімінің қызыл сызықта орналасқандығы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілсін |
Азамат E. Ерболаттың меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, 216 орам, 295 мекенжайында орналасқан кадастрлық №19-309-216-295 алаңы 0.0800 га шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда ҚР Үкіметінің 17.10.2023 жылғы №916 қаулысымен бекітіліген Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, көпшілік пайдаланатын көше енділігінде орналасқан. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
77 |
Сериков Медет |
151. |
Қайтпас – 2 шағын ауданындағы үйінің шатырынан су кету мәселесін зерделеп, шешу жолы қаралсын |
Құрылыс басқармасының және Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесе Қайтпас – 2 шағын ауданыны, Кемербастау №46/2 үйдің жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде шатырынан су өтетіні анықталды. Үйдің шатырын демеуші есебінен жөндеуге құрылыс саласындағы демеушілік жасап жүрген құрылыс компанияларының назарына ұсынылды. Алдағы уақытта демеушілер ниет білдірген жағдайда материалдық көмек көрсетілетіні түсіндірілді. |
құрылыс басқармасы |
152. |
Тұрғын үйін заң талаптарына сәйкес заңдастыру мүмкіндігі қаралсын. |
Азамат М.Сериковпен сөйлесу барысында Шымкент қаласы, Достық шағын ауданы, №46 үй №2 пәтер мекенжайында орналасқан кадастрлық №19-309-061-2882 алаңы 0,0800 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін ортақ үлестік меншік құқығымен берілген жер учаскесінде орналасқан жеке тұрғын үйді (екі пәтерлі ортақ үлестік) жекешелендіру мәселесі бойынша Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары басқармасына жүгінгені қазіргі таңда жекешелендіруге құжаттар тапсырғаны анықталды. Басқарма мамандарымен пәтерді жекешелендіру толықтай түсіндіріліп, ақпарат берілді. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы | ||
78 |
Алтынбекова Қаламқас |
153. |
Нұршуақ шағын ауданынан алған жер учаскесінің қызыл сызыққа енуі мәселесін зерделеп, тиісті шаралар қабылдансын. |
Азаматша Қ.Алтынбекованың меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Нуршуак шағын ауданы, №3715 мекенжайында орналасқан кадастрлық №19-309-060-3441 алаңы 0.0800 га бау-бақша және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесі қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №3002 қаулысымен бекітілген, Шымкент қаласы "Достық" тұрғын алабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзету енгізу жобасына сәйкес, бала-бақша аумағында және көпшілік пайдаланатын көше енділігінде орналасқан. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасы |
79 |
Рустамова Қализада |
154. |
Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйді төменгі қабаттан беру мүмкіндігін қарап, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. |
К. Рустамова 25.06.2014 ж бастап «1-2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар» санаты бойынша тіркелген болатын. Отбасы банк тарапынан 28.05.2026 жылы 1-бөлмелі Мұстафа Шоқай көшесі, №229/4 үйдің №58 пәтері бөлінген. Бүгінгі таңда, аз. К. Рустамованың жалдау шартын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде 01.07.2026 жылы басқарма мамандары өзімен хабарласып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. |
Отбасы банк |
80 |
Буксикабаева Ш. |
155. |
Игілік шағын ауданы, Зейнет көшесінің маңына балалар ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныс енгізілсін |
Игілік шағын ауданы, Зейнет көшесінде бос жер телімі анықталмауына байланысты балалар және спорт алаңшасын орнатуға мүмкіншілік жоқ. Сондай-ақ, 2025 жылы М.Сыздыков және Ахметов-2 тұйығы көшелерінде балалар және спорт алаңшасы орнатылған. Сонымен қатар, 2026 жылдың соңына дейін Бахтияров және Сулубұлақ көшелеріне балалар спорт алаңшасын салу жоспарлануда. |
Абай ауданы |
156. |
Игілік шағын ауданына спорт кешенін салу бойынша ұсыныс енгізілсін |
Абай ауданы, Игілік шағын ауданы тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында бос жер телімдерін анықтау бойынша Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына 2026 жылғы 3 шілдеде № 18-07-04/859 шығыс хат жолданды. |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы | ||
157. |
Игілік шағын ауданына емхана салу бойынша ұсыныс енгізілсін қаралсын. |
Игілік шағын ауданының тұрғындарына медициналық көмекті «Қалалық №15 Емдеу орталығы» ЖШС көрсетеді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйым келесі мекенжайларда орналасқан: |
Денсаулық сақтау басқармасы | ||
158. |
Игілік шағын ауданы Искаков көшесін кеңейту мүмкіндігі қаралсын |
Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Искаков көшесін кеңейту мақсатында «Шымкент қаласы, Шардара, Ахметов, Искаков көшелерін А-2 айналма жолынан Көкбұлақ көшесіне дейін қайта құру» жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған жобаға 2026 жыл қорытындысымен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, 2027 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін бюджеттік өтінім жолдау жоспарлануда. |
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | ||
81 |
Ермекбаева Жайран |
159. |
Дендросаябақ аумағындағы жүгіру жолағын кеңейту мүмкіндігінің жоқтығы жөнінде түсіндірілсін |
Дендросаябақ аумағындағы жүгіру жолағын кеңейту мүмкіндігінің жоқтығы жөнінде келушілерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында жүгіру жолағын кеңейту жасыл екпелерді сақтау және дендросаябақтың қолданыстағы жоспарлау шешімдеріне байланысты қазіргі уақытта мүмкін еместігі түсіндірілді. |
қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы |
160. |
«Денсаулық жолы» және Дендросаябақ аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін |
«Денсаулық жолы» және А.Асқаров атындағы дендросаябақ аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас 9 бас ит үлгілік қағидаларға сәйкес ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Аулау жұмыстары жалғасуда. |
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы |
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Абай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Шымкент қаласының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
№ Аты-жөні, мекенжайы № Тапсырмалар Орындалу мерзімі Жауапты 1. Баканов Ғалиддин 1. Қайтпас-1 шағын ауданына қажеттілікке қарай мектеп салу мүмкіндігі қаралсын. Қайтпас-1 шағын ауданына қаланың егжей-тегжейлі бас жоспары...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
№ Аты жөні, мекенжайы № Ұсыныс, ескертудің мазмұны Орындалу мерзімі Жауапты 1 Қазбекова Нағима 1. Ақназар хан көшесі № 54 көппәтерлі үйді реновация бағдарламасы арқылы жаңарту мүмкіндігі қаралсын Инвестор «B Like» ЖШС та...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің 2026 жылдың IІ тоқсанындағы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
№ Аты-жөні, мекенжайы № Ұсыныс, ескертудің мазмұны Орындау мерзімі Жауапты 1 Енсебаев Сайран Омарович 1. Азамат С. Енсебаевқа тұрғын үй кезегі мен тұрғын үй алуға арналған арнайы бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстар...
Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
№ 36 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы - «125 High School» Орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Самал-2» шағын ауданы, №132/3. Байланыс телефон нөмірі: 8-778-788-04-97 Тилепбаева Айжамал Кадыркызы– Комиссия төраға...
Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2024 жылдан бастап ресми мерекелер тізбесіне енгізіліп, елі...
ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ Діни бірлестіктер туралы: Шымкент қаласының дін істері басқармасы (Бұдан әрі - Басқарма) өз қызметін Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сә...
Шымкент қаласы Опера және балет театры құрылысы салу жоспарлануда.
«Шымкент қаласы Опера және балет театры құрылысы» нысаны бойынша Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан құрылыс салуға 4,8 гектар жер учаскесі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 767 қа...
ЕЛ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰБЫРІШІЛІК ДИАГНОСТИКА ЕНГІЗІЛДІ
Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мегаполисте жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетіп, апаттардың алдын алу мақсатында құбырішілік диа...