АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98% цифрлық форматта жүзеге асырды

    ·

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің

    98% цифрлық форматта жүзеге асырды

    « Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыруға бағытталған көптеген қызметті ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеп келеді. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

    01.01.2026ж. мен 31.03.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 17,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8,6 млн-ы электрондық форматта, 8,8 млны-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 200,9 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 194,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.

    Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 690,4 мыңға жетті.

    Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 9,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 8,0 млн-ы – электрондық, ал 956,4 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

    Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді.

    2026 жылдың басынан бастап өткен 3 айда деректемелерді өзгертуге 28,4 мың өтініш қабылданды. Оның 26,6 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды.

    БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 14,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 296,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 9,9 мың материал жарияланды.

    Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 115,5 мың өтініш түсті.

    Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

    БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате
    DOCX · 60 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026 жыл Қарабау ауылы Кіріспе бөлімі: Сыбайлас жемқорлық тәуек...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026жыл Қаракөл ауылы Кіріспе бөлімі: 1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талда...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс т...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30 маусым 2026 жыл Қоныстану ауылы Кіріспе бөлімі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 20.06.2026 жыл Жасқайрат ауылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты Сыбайласжемқорлық – қоғамныңдамуынакедергікелтіретін, мемлекет пен халықарасындағысенімгенұқсанкелтіретінкелеңсізқұбылыс. Оғанқарсыкүрес тек заңнаманы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Кіріспе бөлімі: 1Актініңжасалғанкүні, уақытыжәнеорны: 20.06.2026жылсағат 11.00 де, Қызы...

    Жарияланды: