Өндірістік жарақаттануды оның салдарын жоюдан гөрі алдын алған тиімді. Еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.
Алдын алу шаралары:
✅ еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;
✅ жарамды жабдықтар мен құралдарды пайдалану;
✅ арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
✅ қызметкерлерді уақтылы оқыту және нұсқама жүргізу;
✅ жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау;
✅ анықталған қауіпті жағдайларды дереу жою.
Өндірістегі қауіпсіздік – жұмыс беруші мен әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.