Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Салауатты жұмыс орындары» жобасына сәйкес, салауатты жұмыс орны – бұл жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбек жағдайларын, денсаулықты, қауіпсіздік пен қызметкерлердің әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үдерісіне бірлесіп қатысатын орта.
Салауатты жұмыс орнын қалыптастырудың негізгі бағыттары:
✓ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
✓ кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу;
✓ ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру;
✓ қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қолдау;
✓ өндірістік орта мен еңбек жағдайларын жақсарту.
Салауатты жұмыс орындарын құру еңбек өнімділігін арттыруға, сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге және кәсіпорында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.