Жеке пайдалануға арналған тауарларға жеке, отбасылық немесе тұрмыстық қажеттіліктер үшін арналған және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттар жатады. Тауарлардың мақсатын айқындау кезінде кеден органдары олардың сипатына, санына, шекара арқылы өткізу жиілігіне және азаматтың өзі көрсеткен мәліметтерге назар аударады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар оларды жатқызу өлшем шарттары мен әкелу тәсіліне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен реттеледі.
Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар әуе көлігімен құны 10 000 еуродан және салмағы 50 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкеле алады. Көліктің өзге түрлерімен немесе жаяу өткен кезде құны 500 еуродан және салмағы 25 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкелуге рұқсат етіледі. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда тауар құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ артық салмақтың әр килограмына кемінде 4 еуро есебімен кедендік төлемдер төленеді.
Халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 200 еуродан және салмағы 31 кг-нан аспауы тиіс. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда артық бөлігінен құнының 15%-ы мөлшерінде, бірақ әр килограмына кемінде 2 еуро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем төленеді.
Басқаша айтқанда, Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде олардың құнына, салмағына және санына қатысты белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ олардың жеке пайдалануға арналғанын растауға дайын болу қажет. Әйтпесе, мұндай тауарлар кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар ретінде танылып, жалпы кедендік тәртіппен ресімделуі мүмкін.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды ресімдеу үшін жолаушылар кедендік декларациясы пайдаланылады. Оны тіркеу және қабылдау кеден органдарымен тегін жүзеге асырылады.
ШҚО бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасы
Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі
Ұқсас материалдар
2026ж. 06 ай мемлекеттік бюджетке нақты түскен салықтар мен түсімдер
БК Кодтары Салықтың (төлемнің) атауы МБ РБ ЖБ Факт Факт Факт 101110 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 47 306...
2026 жылғы аудандар бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдердің түсімі
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы...
2026 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдер түрінде салықтар мен төлемдердің түсуі
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Салықтық түсімдер Занды тұлға-мұнай секторы ұйым...
2026 жылы мемлекеттік бюджетке Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандар бөлінісінде түскен салықтар мен түсімдер төлемдері
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департам...
Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі
Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі № р/с Өңір Қаржы басқарушысының аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде) Қаржы басқарушысының жеке сәйкестендіру нөмірі Қаржы басқарушысы қызметінің баста...