Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 қазандағы № 8С-58/4 "2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі

    Шортанды ауданының мәслихаты

    2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

    «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 5-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласаындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:

    1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

    2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

    ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

    ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

    2. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 02 желтоқсандағы № 8С-45/3 « 2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің күші жойылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

    Г. Сәдуақасова

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    № 8С-58/3 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респ...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/2 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респуб...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/1 шешім (Күн тәртібі)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыселу сегізінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баяндама

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты М.Е. Бекішевтың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Бекішев М. Е.:Құрметті Гүлнұр Әнуарбекқызы, Сағындық Серікбайұлы, депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Бүгінгі қаралып отырған мәселенің Шортанды ауданы үшін маңызы зор. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Есеп

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Г.Ә. Сәдуақасованың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі есебі туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Сәдуақасова Г.Ә.:Құрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Депутаттық жұмыс тек отырыстарға қатысу және шешім қабылдау ғана емес. Біріншіден, бұл адамдар алдындағы жауапкершілік, халықпен тұрақты диалог, тұрғын...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-55/12 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, за...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-55/3 шешім (Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы)

    Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.А.Сейпеловтың «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекетті...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды: