№ 8С-55/3 шешім (Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы)

    Шортанды ауданының мәслихаты

    Шортанды ауданында кәсіпкерлікті

    мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту

    және индустриялық аймақты дамыту

    шаралары туралы

    Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.А.Сейпеловтың «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» баяндамасын тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

    Ауданда кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес беру жүзеге асырылады, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жүргізіледі, қажетті құжаттарды дайындауға және тиісті мемлекеттік қолдау институттарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетіледі.

    20 инвестициялық жобаны сүйемелдеу жүзеге асырылуда, оларды іске асыру шамамен 100 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. 2026 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарау қорытындысы бойынша 2 жоба инвестициялық деп танылды, тағы 3 жоба қарауда.

    Кәсіпкерлерді жеңілдікті қаржыландыру, субсидиялау және кепілдік беру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2026 жылғы шілдеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Аграрлық несие корпорациясы өкілдерінің қатысуымен мобильді фронт-офис жұмысы жүргізілді, онда кәсіпкерлер қолданыстағы қолдау құралдары бойынша кеңестер алды.

    Мал шаруашылығын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсетуді, жолаушылар тасымалын, қойма қызметін, демалыс және ойын-сауық саласын және ветеринарлық қызметті қоса алғанда, ауданның экономикалық әлеуетін ескере отырып, «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде қызметтің басым бағыттарын айқындау оң болып табылады.

    Төңкеріс станциясының аумағында республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағын құру ауданды дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Аймақтың тиімді орналасуы инвесторларды тарту, жаңа өндірістерді орналастыру және жұмыс орындарын құру үшін жақсы алғышарттар жасайды. Қазіргі уақытта аймақты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстармен бірге, оның нәтижелілігін одан әрі арттыру қажеттілігі бар. Кәсіпкерлер мен инвестициялық жобаларды атаулы сүйемелдеу, оларды іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді уақтылы анықтау және шешу, сондай-ақ «Aqmola» индустриялық аймағына нақты инвесторларды тарту жөніндегі жұмыс күшейтуді талап етеді.

    Тұрақты жұмыс орындарын құруды және ауданның экономикалық әлеуетін кеңейтуді қамтамасыз етуге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өндіріс, көліктік-логистикалық және қойма қызметтері, сервис және басқа да бағыттар саласындағы жобаларды белсенді дамыту қажет.

    Ауданның шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлар жеткiзуге, құрылыс, көлiк, жөндеу, логистикалық және сервистiк жұмыстарды орындауға қатысуы үшiн iрi инвестициялық жобалардың жергiлiктi бизнеспен өзара iс-қимылы одан әрi дамытуды талап етедi.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру және «Aqmola» индустриялық аймағының әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.Шортанды ауданы әкімінің орынбасары А.А.Сейпеловтың «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» баяндамасы назарға алынсын.

    2.Шортанды ауданының әкімдігі:

    - шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысты жалғастырылсын;

    - жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шегінде туындайтын проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауды және шешуді қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлер мен инвестициялық жобаларды атаулы сүйемелдеуді күшейтсін;

    - қаржыландыру, субсидиялау, кепілдік беру және консультация беру мәселелері бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институттарымен өзара іс-қимылды жалғастырылсын;

    - ауданның инвестициялық әлеуетін және әлеуетті инвесторлар арасында индустриялық аймақтың мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз етсін;

    - қажетті инженерлік, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру және «Aqmola» индустриялық аймағының аумағында инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;

    - ауданның экономикалық әлеуеті мен қажеттіліктерін ескере отырып, «Іскер аймақ» бағдарламасының іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етсін;

    - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, кәсіпкерліктің өндірістік, көліктік-логистикалық, қоймалық және сервистік бағыттарын дамытуға жәрдемдессін;

    - ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы үшін жағдайларды қамтамасыз етсін;

    - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

    Шортанды аудандық

    мәслихатының төрағасы Г. Садвокасова

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 қазандағы № 8С-58/4 "2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі

    2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлы...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/3 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респ...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/2 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респуб...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/1 шешім (Күн тәртібі)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыселу сегізінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баяндама

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты М.Е. Бекішевтың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Бекішев М. Е.:Құрметті Гүлнұр Әнуарбекқызы, Сағындық Серікбайұлы, депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Бүгінгі қаралып отырған мәселенің Шортанды ауданы үшін маңызы зор. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Есеп

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Г.Ә. Сәдуақасованың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі есебі туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Сәдуақасова Г.Ә.:Құрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Депутаттық жұмыс тек отырыстарға қатысу және шешім қабылдау ғана емес. Біріншіден, бұл адамдар алдындағы жауапкершілік, халықпен тұрақты диалог, тұрғын...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-55/12 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, за...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды: