Жаз маусымы басталуымен жағажайларға, демалыс аймақтарына және туристік базаларға келушілердің саны айтарлықтай артады. Осы кезеңде халықтың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың пайда болуын алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ерекше маңызға ие болады.
Демалыс объектілердің басшылары мен жауапты тұлғалары санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету қажет:
аумақты үнемі тазалау және тиісті санитариялық жағдайда ұстау;
қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау және шығару;
санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың болуы және олардың жарамды жағдайда болуы;
келішілердің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау үшін жағдай жасау;
жұмысшыларды қажетті жинау мүкәммалымен және дезинфекциялық құралдарымен қамтамасыз ету;
персонал арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және санитариялық нормаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Демалыс аймақтарына келушілер де жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, тек қауіпсіз суды ішу үшін пайдалану, демалыс кезінде балаларды қадағалауы және айналадағы аумақтың тазалығын сақтау қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау халықтың қауіпсіз демалуының маңызды шарты болып табылады, жаппай жұқпалы аурулар мен тағамдық уланулардың алдын алуға және азаматтардың жазғы сауықтыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
«ҚРДCМ СЭБК Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
жетекші маманы
А.С. Жұмағалиева