Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    ·

    2026 жылғы қаңтар – мамырында өнеркәсіп өнімдері 1704,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 89,0%.

    Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 87,4%, өңдеу саласында 100,2% құрады.

    • Газ өндірісінің көлемі 9853,8 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 13,2%-ке төмен, газ конденсаты – 4791,8 мың тонна немесе 86,1%.

    Резеңке және пластмасса бұйымдары – 33,6%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер – 12,5%-ке, дайын металл бұйымдары – 8,2%-ке, машина жасау – 7,6%-ке, металлургия өнеркәсібі – 0,4%-ке, жиһаз – 23,5%-ке өсуі байқалады.

    Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 82,2 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,2% құрады.

    Негізгі капиталға инвестициялар 235,0 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – мамыр деңгейінен 14,9%-ға артық.

    2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.

    Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 маусымына 7,7%-ке төмендеді және 53,8 мың бірлікті құрады.

    ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.

    168,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - мамырына 101,4%.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 93,1 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 18,0%-ға көп.

    Бөлшек тауар айналымының көлемі 247,1 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,8% құрады.

    ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-сәуір айында 1969,5 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға төмендеді.

    Көлік қызметінің көлемі 97,3 млрд теңгені немесе 99,5% құрады. 15,9 млн тонна жүк және 26,1 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 99,2% және 104,1%.

    Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,0%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 4,0%-ке, ақылы қызметтер – 6,1%-ке.

    Мемлекеттік бюджетке 226,9 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 67,9%), соның ішінде республикалық бюджетке – 126,2 млрд. теңге (55,5%), жергілікті – 100,7 млрд. теңге (94,4%).

    Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 5018 жұмыс орны құрылды, 5411 адам жұмысқа орналастырылды.

    2026 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.